3.Білім беру әдістемесі – ғылыми негізделген оқудың әдістері, ережелері, тәсілдері, жүйесі арқасында оқушының дүниеге көзқарасын қарастырып, алған білімдерін тәжірибеде өз бетімен қолдану дағдыларымен қаруландыру.
4.Әдіс - білім беру, тәрбилеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамассыз етуге, ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы
5.Оқу – білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған мұғалім ұйымдастыратын оқушылар іс-әрекетінің түрі.
6.Оқу жоспары- бұл оқу жылының, тоқсандықтар мен демалыстардың ұзақтығын, берілген оқу орнында оқытылатын пәндердің тізбегін, оқыту жылдары бойынша пәндерді бөлуді, әрбір сыныптағы пәнді оқытудағы және бүкіл оқыту уақытындағы әрбір пән бойынша сағат сандарын әрбір пәнді оқытудың апталық сағат санын, практикумдардың, жиналыстардың және т.б. құрылысы мен ұзақтығын анықтайтын оқу орнының сертификаты