пәндер бойынша оқытушылар мен студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралдар, тақырып бойынша теориялық зерттеулер / тақырыптар, диаграммалар, суреттер /, тақырып бойынша сынақ және өлшеу материалдарының қоры бойынша дидактикалық материалдар жиынтығы.
Мұрағаттаушы программалардың көмегімен файлдарды, қалталарды сығуды және мұрағаттан шығаруды үйренеді.
12. Теориялық сабақтың сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру сәті / 5 минут
2. Білімнің бастапқы деңгейін анықтау / 20 минут
3. Жаңа материалды ұсыну / 45 минут.
4. Жаңа материалдарды бекіту, алынған білімді түзету / 10 мин
5. Сабақты қорытындылау. Рефлексия / 5 минут
6. Үй жұмысы / 5 минут
Дәрістің тезистері.
Сіздер кез кезген информацияның белгілі бір көлемі болатынын білесіздер. Жинақтауыш қатты дискінің көлемі қаншалықты үлкен болғанымен ол шектелген, жаңа мәліметтерді жазуға дискіде орын болмай қалуы мүмкін. Бұл мәселені шешудің бірінші жолы қажет емес файлдарды жою. Ал, егерде қажет емес файлдың бәрін жойғаннан кейін де дискідегі орын жеткіліксіз болса не істейміз? Мұндай жағдайда дискідегі орынды үнемдеп , файлдың көлемін азайту үшін, мәліметтерді созылған түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы Архиватор программалар бар. Файлдың немесе файлдар топтарының сығылу процесі Архивтеу деп аталады.
Архиваторлар дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақтау тәсілдері әр түрлі болғанымен,жалпы қызметін былай түсіндіруге болады:файлда қайталанатын фрагменттер болады,оларды түгелдей дискіде ұстаудын ешқандай қажеті жоқ.Сондықтан архив жасауға мумкіндік беретін программалардың жалпы қызметі файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнынаң, қысқаша басқа информацияны жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндікті пайдалану.
Әрине архиватордың әртүрлі информациялар үшін тиімділігі әртүрлі болатыны өз өзінен түсінікті, мысалы, мәтіндік файлдарды екі есеге жуық,ал бояуларының қоюлығы онша емес сұр түсті суреттерді ( РСХ немесе ВМР тәрізді форматтағы ) қанықтылық ерекшеліктеріне қарай екі, төрт тіпті он есеге дейін тығыздап қосуға болады.
Архиваторлар файл көлемін 10-70%-ға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді.
Әдетте 20Мб дискіні көшіру ( СОРУ арқылы ) 15-ке дейін дискет (көлемі 1,44 Мб ) қажет етеді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді бірнеше есе қысқартуға болады. Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, тағы басқа істер атқаруға мүмкіндік береді. Көлемі бойынша үлкен архивтелген файл бірнеше дискілерде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай архивтер көптомды деп аталады. Том- бұл көптомды архивтің құраушы бөлігі. Архивті бірнеше бөліктерден құрастыра отырып, оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады.
Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады.
Архивтеу жұмысын бұл күндері кең тараған WinRAR архивтеу программасы арқылы қарастырайық. WinRAR алдыңғы қатарлы архивтеуге және оларды басқаруға арналған Windows тың RAR архиваторының 32-разрядты нұсқасы. Әр түрлі операциялық жүйелерге арналған бірнеше RAR нұсқасы бар, мысалы: DOS, OS/2, Windows (32-разрядты), UNIX (linux, BSD, SCO, Sparc, HP-UX) және BeOS.
Бұл архивтік бағдарламалардың бәрі архивтеудің негізгі функцияларын орындайды:
жаңа архив жасау;
архивті бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен қорғау.
Архивті әзірлеу үшін жетектегішті ашып, архивтелуі тиіс файлды табамыз. Оны түнтуірдің он жақ пернесімен шертіп, мәтін мәндік мәзірден Архивке үстеу әмірін таңдаймыз. Архивтеу бағдарламасының Архивтің аты және параметрлері деген сұхбат терезесі ашылады, онда Жарайды батырмасын басу керек. Жасалған архивтік файл файлдар тізімінің соңында көрініс табады.
Қажет болса, архивтеуші бағдарлама терезесінде архивтік файлдың қысу параметрлерін, атын және орналасатын жерін өзгертуге болады.
Архивтелген файлды қайтып қалпына келтіру үшін жетектегішті ашып, архивтік файлды тауып алып, түнтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, Ағымдағы қалтаға бөліп алу әмірін таңдаймыз. Ағымдағы қалта файлдары тізімінің соңында архивтен бөліп алынған файлдар пайда болады.
Әртүрлі деңгейдегі бақылау тапсырмалары блогы:
I. Репродуктивтік деңгей / білімді / шұғылданумен білімді көбейту және түсіндіру мүмкіндігі // №1 тапсырма. Теориялық білімді бақылау сұрақтары: Архивтен қалай шығарамыз?
Көптомды мұрағат дегеніміз не.
Архиваторлар файл көлемін қанша пайызға дейін кішірейте алады?