Атыс маневрідегеніміз – өз уақытында барлық бөлімшенің немесе бірнеше атыс құралдарының атысын бір маңызды нысанаға шоғырландыру, атысты бір нысанадан екіншісіне бірінен кейін бірін немесе бір мезгілде жою үшін ауыстыру.
Атыс маневрін әрбір жауынгер қолдана алады. Бұл үшін, ол ұрыс алаңын үздіксіз бақылап, нысананы анықтауы керек және маңыздылық деңгейі бойынша бір нысанадан екіншісіне ауыстыра отырып, қарсыласты жоюы қажет.