Бөлімшелер маневрі қарсыластың әлсіз тұсына атыс жүргізу үшін, тиімді жағдайға ие болу мақсатында немесе қапталдан және тылдан шабуыл жасау үшін, сондай-ақ қарсыластың басым күшінің соққысы астынан шығу үшін жүргізіледі.
Қамту – қарсыластың тылы мен қапталына жасалатын маневр, ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз атыстық және тактикалық өзара қимыл арқылы үлкен емес тереңдікте жасалады [20].
Айналып өту – қарсыластың тылы мен қапталына барынша терең маневр жасау. Ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз тактикалық өзара қимыл арқылы жүргізіледі.
Жаппай ату нысананың маңдай шебіне перпендикуляр жүргізіледі. Ол терең эшелонданған анық нысанаға атыс жүргізу кезінде тиімді.
Қапталдан ату– нысана қапталынан ату. Ол көбінесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне автоматтан, пулеметтен ату арқылы жүргізіледі.