Ms excеl-де мәліметтер қорын құру



Дата14.05.2022
өлшемі0,77 Mb.
#143304
Байланысты:
5- зертханалық жұмыс


MS Excеl-де мәліметтер қорын құру
Жұмыстың мақсаты: MS Excеl-де мәліметтер қорын құрып үйрену. Мәліметтер қорымен жұмыс істеу мүмкіндіктерін үйрену.
Тапсырманы орындау мысалы.
1. Тақырыбы төмендегідей болатын, кәсіпорынның мәліметтер қорын құрыңыздыр:
Тегі Аты Әкесінің аты Қызметі Жасы Мекен-жайы Телефон нөмірі.

2. Енді А4 ұяшығына =СТРОКА(А4)-3 формуласын жазамыз да, оны А13 ұяшығына дейін автотолтыру арқылы көшіреміз. Әрі қарай мәліметтер қорын 10 қызметкермен толтырыңыздар.

3. Форма арқылы тағы екі қызметкерді қосыңыздар. Ол үшін Мәліметтер – Форма (Данные-Форма) командасын орындаймыз.

Төмендегідей сұхбат терезесі ашылады:

Мәліметтер қорына жазба қосу үшін Добавить батырмасына басып, төмендегі сұхбат терезесін аламыз:

Нөмір өрісіне мәлімет енгізілмейтінін байқаймыз, себебі оған формула жазылған. Қалған өрістерге тиісті мәліметтерді енгіземіз.
4. Келесі қызметкерді қосу үшін тағы Добавить батырмасын басып, өрістерді толтырамыз. Мәліметтер қорына мәлімет қосуды аяқтау үшін Завершить батырмасын басамыз.
Жаңадан қосылған қызметкерлер алфавит бойынша емес, тізімнің соңына орналасатынына назар аударыңыздар. Жоғарыда орындалған әрекеттер нәтижесінде мәліметтер төмендегі түрге келді:

5. Мәліметтер – Сұрыптау (Данные-Сортировка) командасын таңдаңыздар. Төмендегі сұхбат терезесі ашылады:

Мәліметтер қорын алдымен Тегі өрісі бойынша сұрыптаңыздар. Ол үшін «Сортировать по» өрісінде Тегі мәнін таңдаймыз. Нәтижесі:

6. Енді тізімде екі баған бойынша сұрыптау жүргізіңіздер. Ол үшін жоғарыда аталған сұхбат терезесін шақырамыз. «Добавить уровень» батырмасын басып, «Сортировать по» өрісінде Қызметі мәнін, «Затем по» өрісінде Жасы мәнін таңдаңыз. Нәтижесі:

7. Берілген шарт бойынша мәліметтер қорынан ақпарат алу үшін Мәліметтер-Сүзгі-Автосүзгі (Данные-Фильтр-Автофильтр) командасын орындаңыз. Нәтижесінде тақырып жолында үшбырышы бар батырмалар пайда болғанын байқаймыз:

Енді жасы 27-ден кіші дизайнерлер туралы ақпарат алу үшін Қызметі өрісіндегі үшбұрышы бар батырманы басып, Дизайнер мәнін таңдаймыз. Әрі қарай Жасы өрісіндегі батырманы басып, Сандық сүзгілер (Числовые фильтры) командасын орындаймыз, нәтижесінде

сұхбат терезесі ашылады, оның «меньше» өрісіне 27 мәнін орнатамыз да ОК батырмасын басамыз. Нәтижесі:

Бақылау сұрақтары:


1. Мәліметтер қоры дегеніміз не?
2. Сұрыптау мен сүзгінің айырмашылығы қандай?
3. Мәліметтер қорының қандай түрлері бар?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет