МС. Жайлауов физикалық химия мазмұНЫ


I т а р а у ЗАТ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК § 1. МОЛЕКУЛА ҚҰРЫЛЫСЫ Молекуланың электрлік



бет5/126
Дата24.05.2023
өлшемі2,15 Mb.
#177590
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Байланысты:
ÌÑ. Æàéëàóîâ ôèçèêàëû? õèìèÿ ìàçì?ÍÛ

I т а р а у
ЗАТ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
§ 1. МОЛЕКУЛА ҚҰРЫЛЫСЫ
Молекуланың электрлік қасиеті. Молекулалар бір-бірімен өзара әрекеттескенде не оларға сырттан электр өрісі әсер етсе, олардагы электр зарядтары бірдей орналаспауы мумкін. Егер молекуладағы оң және теріс зарядтардың центрі бір-біріне тұспа-тұс келмесе оны полюсті молекула дейді. Молекула полюстілігін дипольдік момент шамасымен сипаттайды:
(1)
мұндағы (д, — дипольдік момент, ол 10~18 см электростатистикалық өлшемдегі бір дебаймен өлшенеді; е — бөлшек заряды, ол 1,602-1019 Қулонға тең; l — элементар бөлшектердің арақашықтығы.
Барлық атомдар мен молекулаларда протондар мен электрондар болады. Егер ондағы протон саны электрон санына тең болмаса, онда оң және теріс зарядтың шамасы теңсіздік жағдайда қалады және оны ион деп атайды. Демек, иондар зарядты болғандықтан, оның айналасында электр өрісі пайда болады. Мұндай электр өрісі оң және теріс зарядтардың қосындысы нөлге тең және центрлері тұспа-тұс келмейтін атомдар мен молекулалар төңірегінде де пайда болады. Мұндай құрылысты молекулаларды полюсті деп атайды және олар оң және теріс зарядтардын центрлері тұспа-тұс келетін құрылыстағы полюсті емес деп аталатын молекулалармен салыстырғанда едәуір дипольді екені белгілі. Иондар да дипольді болуы мүмкін. Мысалы, теңсіздік жағдайдағы заряды бар бірнеше атомдар өзара химиялық байланыста болатын иондардың оң және теріс зарядтарының центрі тұспа-тұс келмейді, яғни ол ион дипольді. Ал, зарядталған дененің энергиясы сыртқы электр өрісінің әсеріне тәуелді болғандықтан, олардың маңайындағы иондар мен дипольдердің болуы ион не диполь энергиясына да біршама ықпалын тигізеді.
Поляризация. Егер кез келген затты сыртқы электр өрісіне енгізсе, онда осы өріс әсерінен сол зат құрамындағы атомдар, молекулалар немесе иондар өзгерістерге ұшырайды. Мұны поляризация дейді. Поляризация бірнеше себептен пайда болатын жалпылама түсінік. Оның құрамына атом ядросынан электрондардың ауытқуы (электронды поляризация Пэ), кеңістіктегі полярлі атомдар мен молекулалардың өздеріне ықпал еткен өріс бағытына сәйкес бағытталған қозғалысы (бағытталу поляризациясы Пб), молекула құрамына енетін атомдардың өзара ауытқуы (атомдық поляризация не атом поляризациясы (Па) кезінде пайда болатын өзгерістер енеді. Электрон және атом поляризациялары нәтижесінде молекула деформацияланады, яғни деформациялық поляризация байқалады. Мұндай деформацияға молекулалар мен атомдар-
8

дың не иондардың кабілеттілігін сипаттайтын шаманың сыртқы өріс кернеу бірлігіне қатына-сы, олардьщ полюстенуі деп аталады. 1-суретте: а — электроннъщ, 6 — электр өрісі жоқ кездегі атомның, в — электр өрі-сіндегі атомның, г — электр өрісі жоқ кездегі молекуланың, д — электр өрісіндегі молекуланьщ поляризациясы көрсетілген. Мұнда ток күші мен ток жүретін екі өткізгіштің арақашықтығы тұрақты шамалар және элек-трондық поляризация атомдық поляризацияға аүысалы.
Молекулалар сияқты атомдарда, иондарда мұндай өзгерістер тек сыртқы тұрақты токтың электр өрісі әсер еткенде ғана емес, тіпті өзара химиялық реакцияға түсіп, қосылыстар түзгенде де байкалады. Мысалы, көміртек пен фтор қосылғанда, көміртектегі электрондар фторға (С-F), көміртек (II) оксидіндегі көміртек электірондары оттекке (С—>-О), судағы сутектікі оттекке (Н—>-О), хлорлы сутектегі сутектікі хлорға (Н-”-С1) ығысады, дәлірек айтқанда электрон тығыздығы, бір элементтен екіншіге жақындау орналасады.
Дипольдік момент тура бағытталған шама болғандықтан, заттың белгілі бір көлеміндегі моменттер қосындысы вектормен өрнек-теледі және оны меншікті полярязация дейді. Ал, заттың бір молінің поляризациясы молекулалық поляризация деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет