Полюсті емес молекулалардың поляризациясы тек деформациялық поляризацияға тең, ол электрондық поляризация мен атомдық поляризацияның қосындысынан тұрады: П = П
Полюсті емес молекулалардың поляризациясы тек деформациялық поляризацияға тең, ол электрондық поляризация мен атомдық поляризацияның қосындысынан тұрады: П = Пд=Пэ + Па. Тұрақты дипольдік моменті бар молекулалардың толық поляризациясы деформациялық (атомдық және электрондық) поляризация мен бағытталу (бұрылу) поляризациясының косындысына тең: П = ПД+ П6 = ПЭ+Па+ Пб . Молекуланың моляризациялануы жәңе
Пд=Пэ+Па= мұндағы е — диэлектрлік өткізгіштік; М — молекулалық м асса; р — диэлектрліктің тығыздығы; N — Авогадро саны; л = 3,14; а — полярланғыштық. Бұл теңдеуді Клаузиус — Мосотт теңдеуі дейді. Дебай полярлі молекулалардан тұратын диэлектриктер үшін моле-кулалардың тұрақты дипольдік моментін ескеретін теңдеу шығарды: П= Пд+ Пб= \ (3) мұндағы nо — молекуланың тұрақты дипольдік моменті; Т — абсолюттік температура. Дебай теңдеуіндегі (3) диэлектрлік өткіз-гіштік орнына Максвелл теорияс ындағы е = п„2 қатынасын пайда-лануға болады. Егер осы қатынасты Клаузиус-Мосотт формуласына қойсақ, молекулалық рефракцияға арналған Лоренц-Лорентц өрнегін аламыз: өрнектегі п — шексіз ұзын толқынның сыну көрсеткіші; R — ре-фракция. Молекулалық рефракция. Сәуле толқыньшың тербеліс жиілігі үлкен, электромагниттік өрістегі тұрақты диполі бар полярлі мо-лекула өте жиі тербелетін сәуле толқыны бір рет тербелгенде (~10~'° сек) өз бағытын өзгертіп үлгермейді, сол сияқты орталыктағы оң зарядқа шоғырланған атомдардың ядролары да әлгі тұрақты қалпынан ауытқьш, бағытталып үлгермейді. Сондықтан да мұндай жағдайдағы бағытталу да, атомдық поляризация да нөлге тең, ал толық поляризация тек злектрондық поляризацияға тең. Осындай күйдегі молекуланың электрондық поляризациясы атомдардың өзара ішкі байланысын, яғни химиялық өзгерісін, ауытқуын сипаттайды. Электрондық поляризацияның шамасы молекула үшін тұрақты, оны ғылыми еңбектер мен окулықтарда молекулалық рефракция деп атайды да Rм немесе МR=Пэ. = ПЭдеп таңбалайды (рефракция атмосферада жарық сәулелерінің сынуы деген ұғымды білдіреді).