Өндіріске енгізілуі. Талданған диссертациялық жұмыстың нәтижелері «San Tore» сән үлгі үйіне енгізілді.
Басылымда жарияланған жұмыстар. Диссертациялық жұмыстың нәтижелері 12 ғылыми жұмыстарда жарияланды.
Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы.Диссертация кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінің 123 атауларынан және қосымшалардан, жалпы көлемі 145 беттен, 41суреттен, 5 кестеден, 3 матрицадан 2 сұлбадан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспеде: шешілетін ғылыми мәселелердің қазіргі жағдайда, ғылыми іске асыру үшін керекті алғашқы мәліметтер мен негіздер, жұмыстың өзектілігі, мақсаты мен шешілетін мәселелері, ғылыми жаңалығы, өндірістік құндылығы және нәтижелерін іске асыру жолдары келтірілген.