Мұсылман ұлттық қозғалысынының сипатын ХХ ғасыр басында болған мұсылман қозғалысынан толығымен байқай аламыз



Дата10.12.2021
өлшемі20,56 Kb.
#78837
Байланысты:
Adema dox


1-сұрақҰлттық қозғалыстың: мұсылман, либералдық-демократиялық және революциялық-демократиялық сияқты түрлі ағымдарына сипаттама беріңіз.

1)Мұсылман ұлттық қозғалысынының сипатын ХХ ғасыр басында болған мұсылман қозғалысынан толығымен байқай аламыз. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында аяқталған ірі державалар арасындағы әлемді бөлісу процесі, әлемдік өркениеттің үлкен бір бөлігін құраған Тұран елі – Түркістан өлкесін де отар елге айналдырып тынды. Орыс үкіметінің Қазақстан мен Орта Азияда жүргізген отарлау саясатының империяның басқа отарлық аймақтарымен салыстырғанда айтарлықтай ерекшелігі болды. Бұл ерекшелік – мұндағы саясаттың толық отаршылдық орнату сипатында болғаны яғни бұл өлкеде Сібір, Қырым, Еділ өңірі сияқты тұрғындарын толық орыстандыру мақсаты көзделді.Ресей патшалығының өз отар аймақтарында халықты орыстандыру, шоқындыру ісінде қолданған тәсілдері екі бағытта жүргізіліп, саяси және идеологиялық жолмен өрбіді. Халықтың рухани өміріне шабуыл жасауда күш қолданудың айтарлықтай нәтиже бермейтіндігіне және бастысы оның қарсыласу қозғалысын туғызатынына осы уақытқа дейінгі тәжірибесінен көз жеткізген отаршыл үкімет, қазақ даласында және Түркістан өлкесінде шоқындыру, орыстандыру әрекеттерін жүзеге асыруда екінші жолды, миссионерлік жолды басты бағыт етіп алды. Миссионерлер қазақ халқын орыстандыруда жергілікті халықтың рухани тамырының тірегі болып табылатын мұсылмандық мектептерді, медреселерді жауып, орнына аралас қазақ-орыс мектептерін ашуға үлкен күш салды.  1914 жылы маусымда Ресей Мемлекеттік Думасы Мұсылман фракциясының ұйымдастыруымен өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінде мұсылман халықтарының рухани істерін ретке келтіру мәселесі талқыға түседі. Съезде қазақтар орталық орыс өкіметінен қазақтардың мүфтилік мәселесін шешуді өтініп жеделхат жолдады. Съезде қазақтар арасындағы рухани істер жөнінде баяндама жасаған Б.Қаратаев: «қазақтар бұрын Орынбор мүфтилігіне қарайтын, өткен ғасырдың 60-шы жылдары үкімет орындары оларды Орынбор мүфтилігінен шығарып тастағанда, қазақтар енді православиеге өтеді деп үміттенді. Сондықтан әр болысқа бір мешіттен артық мешіт салуға рұқсат бермеді. Алайда қазақтар бір мешіттің орнына ондаған мешіттер салып, жасырын әрекет етті» дей отырып, қазақтарды ендігі жерде Орынбор мүфтилігіне қайта қосу керектігін айтқан. Мұсылман халықтары бас қосқан бірінші бүкілресейлік мұсылмандар съезі 1905 жылы Нижний Новгород қаласында өтеді. Үкімет орындарының рұқсат бермеуіне байланысты, бұл алғашқы съезді жасырын түрде қала маңындағы Ока өзенінде, «Густав Струве» кемесінде өткізуге тура келеді. Татар, әзербайжан, қазақ және тағы басқа мұсылман халықтарының өкілдері қастысқан съезге И.Гаспринский төрағалық етеді. Съезде делегаттар діни, мәдени, саяси талаптарын империяның шет аймақтарындағы езілген мұсылман халықтарының құқықтары тұрғысынан тұжырымдайды. «Ресей империясының мұсылмандары жалпы мемлекеттік мүддеге сай, сондай-ақ Ресей өмірі жағдайында бүгін және болашақта бірігіп қимыл жасауы үшін бір саяси парияға бірігуі керек» деген қаулы қабылданады. Осы съезде мұсылман партиясы («Иттифақ-ул-муслимин» - «Ресей мұсылмандары одағы») бағдарламасының жобасы мен 23 тармақтан тұратын жарғысы қабылданады. Онда 16 қалада, оның ішінде Омбыда, Оралда, Орынборда, Семейде, Верныйда, Перовскіде Қызылжарда, Ташкентте партияның бөлімшелері ашылатыны көрсетіледі. Жалпыресейлік мұсылман съезінің тарихи маңызы зор болды. 72 тармақтан тұратын бағдарламалық құжат дәл осы съезде қабылданды. Съезд делегаттары оқу мәселесі бойынша 33 тармақтан тұратын қарар қабылдады. Онда мұсылман балалар үшін барлық елді мекендерде бастауыш және орта мектептер ашу, оқуды араб графикасы негізінде ана тілінде жүргізу мәселелері қарастырылды. Мұсылмандар бірлігін арттыра түсу мақсатында съезд «ортақ түркі тілі» барлық мектептерде оқытылсын деген шешім қабылдады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі демократиялық өзгерістер кезеңінде Түркістан өлкесінде жергілікті мұсылман халқының мүддесін қорғайтын мұсылмандық қоғамдық-саяси ұйымдар құрылды. Олардың ішінде қоғамдық-саяси өмірге ықпалы жөнінен ең бірінші орында прогрессивті  «Шуро-и-ислам» ұйымы тұрды.

Осылайша бір ғасырға жуық уақыт бұрын ұлт зиялылары халқымыздың тілі мен дінін сақтап қалуға барынша ат салысып,жас ұрпақтың орыстанып кетпеу жолында атқарған ерен еңбегін көре аламыз.

2)Либералдық-Демократиялық қозғалыс сипаттамасын “Алаш”-либералдық-демократиялық қозғалысынан тани аламыз. Қазақстан тарихы тарихнамасында Алаш тақырыбы өте маңызды, өзекті мәселелердің бірі. Қазақ тарихында ХХ ғасырдың басында дүниеге келген Алаш қозғалысы ерекше және теңдесі жоқ оқиға еді. Қазақ халқының екі ғасырға жуық уақытта өрістеткен ұлт азаттығы үшін күресте алаш қозғалысы ерекше орын алады. Алашқа дейін Ресейдің отаршылдыққа қарсы жүргізілген ұлт-азаттық қозғалыстар жеңіліске ұшыраумен келді. Мұның негізгі себептерінің бірі қозғалыстарының саналылығының жеткіліксіздігінде деп есептеу қажет.Деректер бойынша қозғалыс 1913-1918 жылдарды қамтыды. Алаш қозғалысының бастауында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М.Тынышпаев, Ж.Ақпаев,  Б.Құлманов, М.Дулатов т.б. сияқты еліміздің зиялылары тұрды.Ұлт-азаттық қозғалыс тарихындағы 1905 жылдың айрықша маңызы тағы бір оқиғадан көрінеді. Бұл осы жылдың желтоқсан айында Орал қаласында «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының» құрылуы және соған орай сиез өткізілуі. Сиезде партияның бағдарламасы қабылданып, онда: азаматтардың негізгі еркіндіктері, патшалықтың қалпы, халықтың өзін-өзі билеуі, сот, дін, жер, алым-салық, жұмысшылар, мектептер, партия жұмысы сияқты мәселелер қамтылған. Бұл бағдарлама – қазақ тарихындағы ең алғашқы саяси бағдарлама болса керек. 1905 жыл Қазақстанның бірқатар жерлерінде болған саяси басқосулармен де есте қалды. Олар 1905 жылдың қазан айында патша үкіметінің Манифесті жарияланғаннан кейін қазақ зиялылары ұйымдастырған басқосулар еді. Мұндай саяси басқосулар қазанның соңында Омбы қаласында, 7 қарашада Павлодарда, 11 қарашада Баянауылда, 14 қарашада Қарқаралыда ұйымдастырылды. Саяси басқосулардың өтуіне Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Жақып Ақпаев сияқты азаматтар ұйымдастырушылық және қайраткерлік пәрмен танытты. Қайраткерлер 1905 жылдан бастап белсенді саяси күреске шықты және олар 1917 жылдың көктемінде еліміздің әр түкпірінде облыстық қазақ сиездерін ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты, алдымен азаматтық, сосын қазақ комитеттерін, «Алаш» партиясының жергілікті ұйымдарын құруға атсалысты және оларды басқарды. Сонымен бірге, олар Бірінші және Екінші жалпықазақ сиездерін ұйымдастырып, «Алаш» партиясы атынан бүкілресейлік Құрылтай жиналысына ұсынылды, Алашорда үкіметінің құрамына сайланды. Яғни, 1905 жылы басталған Алаш қозғалысын қайраткерлердің белгілі бір шоғыры дайындап, олардың басым көпшілігі қозғалыстың соңына дейін бастамашылық, ұйытқылық, жетекшілік рөлде болды.Атап өткенде қозғалыстың түпкі мақсаты – қазақтың дербес ұлттық мемлекетін құру. Осы 1905 жылдан бастап өмірге келген негізгі идея 1920 жылдың 5 наурызына дейін, 2 жыл 3 ай өмір сүрді. Яғни, қозғалыстың өнебойында оның басты идеясының бірлігі сақталды. Қозғалыс ауқымындағы саяси, рухани, ағартушылық оқиғалар бір-бірімен жалғасып, үздіксіз үдерісті қалыптастырды.

3)



 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет