Мүсіндеу — бұл қолдың және қосалқы құрал-саймандардың көмегімен иілгіш материалдан ( ермексаз, сазбалшық) пішіндер жасау



бет2/4
Дата03.06.2023
өлшемі0,61 Mb.
#178191
1   2   3   4
Байланысты:
docx1583227437

Жағу (размазывание)-- пластилинографияның ең оңайлатылған тәсілі , тіпті ең кіші балаға қол жетімді. Ермексазды саусақтармен дайын тегіс бетке жағу.
Илеу (Раскатывание ) – жұмыстың күрделеніп келе жатқан тәсілі . Ол қол бұлшық етінің белгілі бір күштілігін талап етеді, өйткені ермексазды цилиндр сияқты тік қозғалыстармен және шар сияқты дөңгелете айналдырып жасау керек болады.
Жаю және созу (Сплющивание и вытягивание  )– мүсінді суреттерді жасау барысында ең қажетті тәсіл. Олар түрлі сәндік - қолданбалы пішіндерді бейнелеу үшін қажет, мысалы : таба нан,жүрекше, сопақша және созылған цилиндр, таяқшаларлар. Бұл үшін ермексазды алдымен шар және шұжық тәріздес етіп домдап, содан кейін алақанмен басып жалпақтаймыз, саусақтармен бүктейміз, шұқырлаймыз, ұшын созамыз.
Тегістеу (Заглаживание) - болашақ суреттің тегіс бетін жасау үшін қажет тәсіл. Тегіс бетін жасау үшін саусақтардың ұштарымен, байыппен ермексазды жайып, жағып шығу керек. Саусақтарды суға малып отырса, бұл әдіс тез жүзеге асады. Бұл айтарлықтай бұлшық ет күшін талап еткендіктен, үлкенірек балдырғандар үшін қол жетімді.
Шымшылау (прищипывание ) – суреттің жаңа бөлшектерін және сәнділік беру үшін пайдаланылады . Суреттегі қажет жерге сәнділік беру үшін бала саусақтарымен ермексазды шымшып бейнелейді.
Қысу және бекіту (Примазывание, придавливание) сурет элементтерін тығыздап қосу тәсілі .
Жапсыру (Налепливание) - суреттің бір бөлігін басқа бөлігімен байланыстыруға, кескінді немесе дайын суретке қажетті бөлшектерді қосуға қолайлы тәсіл
Ермексазбен жұмыстың дәстүрден тыс техникасының бірнеше түрлері бар:
Түзу пластилинография
Кері пластилинография
Контурлық пластилинография
Көпқатпарлы пластилинография
Модульдік пластилинография
Мозайкалы пластилинография
Фактуралық пластилинография


Тікелей немесе түзу пластилинография - тегіс бетке мүсіндеу бейнесін салу түрі. Бұл техниканы балалар екі - үш жасында-ақ оңай игере алады. Оларға ұсақ бөлшектері жоқ , дайын тегіс бетке суретті мүсіндеу ұсынылады. Үлкенірек балалар неғұрлым күрделі композициялар жасайды. Олар өз бетінше тегіс бетті дайындап, жұмсартылған ермексазбен сұлбаны толтырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет