Мүсіндеу 1-сабақ. Тақырыбы: Күн мен бұлт Оқу


Оқу іс-әрекетінің мақсаты



бет2/3
Дата27.12.2016
өлшемі0,53 Mb.
#5678
1   2   3

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ермексаздан ширату әдісін жетілдіру мақсатында балаларға ұлттық ою-өрнектерді бедерлеп мүсіндеуді үйрету; балаларды жұмысты тиянақты, ұқыпты орындауға дағдыландыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Керекті құралдар мен материалдар:

Ою-өрнектердің суреттері, ермексаз, тақтайша, таяқша.

балалар үшін: ермексаздар, тақтайшалар, таяқшалар, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балаларға жұмбақтар жасырады. Балалар жұмбақтың жауабын тапқаннан кейін, ою-өрнектердің «өрнек» немесе «бедерлі өрнек» деп аталатынын түсіндіру. Өрнектерді таяқшамен батырып жасауға болады. Бүгінгі мүсіндеу оқу іс-әрекетінде дәстүрден тыс оюларды ермексаздан ширату тәсілімен мүсіндейміз. Балаларға бірнеше ою-өрнектердің элементтерін атауды және оны өрнектеуді ұсынады. Жұмыстың орындалу ретін түсіндіріп, тапсырма беру.

Қалған ермексаздан жіңішке ширатпалар жасаймыз.

Жіңішке ширатпаларды салынған оюлардың үстіңгі жағына саусағымызбен баса отырып, жапсырамыз.

Бедерлі өрнекті тіс шұқығыш шидің көмегімен әртүрлі таңбалар түсіріп, әшекейлейміз.

2.Балалардың жұмысы: Балалар жұмыс дәптеріндегі бедерлі мүсіндеудің орындалу ретіне қарай отырып, тапсырмаларды орындайды.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Ең жақсы жасалған және өздері өрнектер ойлап тапқан балаларды мадақтап, ерекше атап өтеді, шағын көрме ұйымдастыру.

13-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Көжектер.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: әртүрлі көлемдегі цилиндр пішіндерден мүсін құрастыру; құрастыру тәсілімен көжекті мүсіндеуді үйрету; тұзды қамырмен жұмыс істеу тәсілімен таныстыру; мүсіндеу дағдыларын арттыру.

Керекті құралдар мен материалдар:

Ойыншық қоян, дайын жұмыстың үлгісі, ермексаз, тақтайша, тұзды қамыр, таяқша, қолорамал.

балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме:балаларға қоян туралы жұмбақ жасырады. Жұмбақтың шешуін дұрыс тапқаннан кейін, ойыншық көжекті көрсетіп, балалармен бірге көжектің дене құрылысын анықтайды. Денесін, басын, аяқтарын әртүрлі көлемдегі цилиндрден мүсіндеуге болатынын айтады. Ермексаздан көжектің жасалу жолын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу тәсілін түсіндіру.

Тұзды қамырдан цилиндр пішінінде басын, сопақшалап денесін, шұжық пішінінде аяқтарын

(4 дана), домалақтап құйрығын илеп аламыз.

Цилиндр пішініндегі басының жоғарғы бөлігін аздап қысып, жалпитып құлағын шығарып аламыз. Құлақты ортасынан таяқшамен бөліп, екі құлақтың пішінін жасап, саусақтарымызды аздап сулап алып, тегістейміз.

Сергіту: Жалғыз саусақ

Денесін бас бөлігімен біріктіреміз.

Біріктірілген орынды сұйық қамырмен сылап, тегістейміз.

Денесіне аяқтарын біріктіреміз және біріктірген жерді сұйық қамырмен сылаймыз.

Осы тәсілмен құйрығын біріктіреміз.

Қамырдың шағын бөліктерінен домалақтап мұрнын, көздерін жасап алып, басына орналастырамыз.

Қоянның пішіні кепкеннен кейін, оның көзін, мұрнын бояуға болады.

2. Өзіндік жұмыс:Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретіне қарап, көжекті мүсіндейді.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсіндерді балаларға көрсетіп, бағалау, талдау.

14-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Түлкі.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.



Оқу іс-әрекетінің мақсаты: әртүрлі көлемдегі цилиндр пішіндерден түлкі мүсінін құрастыруды үйрету; ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру.

Керекті құралдар мен материалдар:

Ойыншық түлкі, түлкінің суреттері мен фотосуреттері, мүсінделген түлкінің үлгісі, ермексаз, тақтайша, қолорамал, таяқша.

балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: жұмбақ жасыру.

Өзі айлакер,өзі қу,

Жүрген жері айқай,шу.(түлкі)

Жұмбақтың шешуін дұрыс тапқаннан кейін, ойыншық түлкіні көрсетіп, балалармен бірге түлкінің дене құрылысын, түсін анықтау. Денесін, басын, аяқтарын әртүрлі көлемдегі ңилиндрлерден мүсіндеуге болатынын түсіндіру.

2.Түсіндіру: Ермексаздан түлкінің жасалу жолдарын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындау. Бір кесек қызыл сары, аздаған көлемде қара және ақ ермексазды жұмсартып аламыз.

Қызыл сары ермексаздан домалақтап басын, цилиндр пішінінде денесін, кішкене цилиндр пішінінде мойнын, шұжық пішінінде аяқтарын (4 дана), шұжық-цилиндр пішінінде құйрығын, үшбұрышты жалпақ пішінде қүлақтарын дайындап аламыз. Ақ ермексаздан қүйрығына дақтар дайындаймыз.

Домалақ басын аздап қысып, созу төсілімен үшы сүйір болып келген түлкінің тұмсығын мүсіндейміз.

Денесін, мойнын, бас бөлігін біріктіріп, біріктірілген жерін тегістейміз.

Аяқтарын денесіне біріктіріп, төменгі жағын аздап иіп, табанын шығарып аламыз.

Құйрығын біріктіріп, құйрығына ақ ермексаздан дайындаған дақты жапсырамыз.

Құлақтарын басына біріктіреміз.

Қара түсті ермексаздың кішкене бөлігінен домалақтап мұрнын, көзін жасап алып, тұмсығына орналастырамыз.

3. Өзіндік жұмыс: Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, түлкінің дене мүшелерін ермексаздан илеп біріктіреді, мүсіндейді.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсінделген жұмыстарды балаларға көрсетіп бағалау, талдау.

15-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Аязата мен Ақшақар.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: мүсіндеуде айқын бейнені конструктивті тәсілмен беруге, әртүрлі өдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ойын жүзеге асыруға қол жеткізу; ой-қиялын, шығармашы- лығын дамыту.

Керекті құралдар мен материалдар:

Аязатаның суреті, дайын мүсінделген жұмыс үлгісі, ермексаз, тақтайша, таяқша.

балалар үшін: жұмыс дөптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: Жаңа жыл қандай мереке екенін, Жаңа жыл мерекесіне кімдер келетінін сұрау. Жаңа жыл туралы ән айтуды сұрау. Балаларға Жаңа жыл мерекесінің басты қонағы - Аязатаны ермексаздан мүсіндейтіндерін айту.

2.Түсіндіру: ермексаздан жұмыстың жасалу жолдарын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындалуын түсіндіру.

Көк, ақ және қызыл сары ермексаз кесектерін жұмсартып аламыз.

Көк ермексазды бөліктерге бөліп, үлкен цилиндрден денесін (тон), кішілеу екі цилиндрден қолдарын, домалақтап бас киімін мүсіндейміз.

Цилиндр пішініндегі денесін конус пішініне келтіреміз. Денесінің жоғары жағына қолдарын біріктіреміз.

Домалақ көк ермексаздан бөрігін мүсіндейміз. Домалақты конус пішініне келтіреміз де, төбе бөлігін аздап дөңестеп, тегістейміз.

Ақ ермексазды бірнеше бөлікке бөліп, бес шұжық пішін мүсіндейміз (тоны мен бөрігінің терімен сәнделетін бөліктеріне), аздаған бөлігін мұрты мен сақалына және бетінің ұсақ бөлшектеріне қалдырамыз.

Ақ және қызыл сары ермексазды әбден араластырып, домалақтап илеп, басын мүсіндейміз, осы ермексаздан домалақтап мұрнын жасау.

3. Өзіндік жұмыс: Толық мүсінді құрастыру:

денесіне басын біріктіру.

басына бөрігі мен мұрнын орнату.

ақ ермексазды ширатып, Аязатаның тоны мен бөрігін сәндеу.

ширатылған ақ ермексаздан сақалы мен мұртының пішінін келтіріп, басына орналастыру.

Тіс шұқығыш шидің көмегімен Аязатаның көзін салу.

Балалар жұмыс дөптеріндегі мүсіннің орындалу ретіне қарап, Аязатаны жасайды.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Ең жақсы жасалған жұмыстарды және өз қиялдары мен шығармашылығын пайдалана білген балалардың еңбектерін атап өту, мадақтау.

16-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Портрет

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: бедерлі мүсіндеуде адамның бет әлпетіне тән ерекшеліктерді бере білу; әртүрлі тәсілмен мүсіндеу дағдыларын жетілдіру; шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Керекті құралдар мен материалдар:



Портрет мүсіндердің фотосуреттері, дайын мүсіннің үлгісі, тұзды қамыр, тақтайша, таяқша, қолорамал.

балалар үшін: жұмыс дәптері, тұзды қамыр, тақтайша, таяқша, қол орамалдар.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: Балалардың біреуінің бет-әлпетіне сипаттама беріп, кімді сипаттағанын сұрау. Балалар өз достарын мұғалімнің сипаттауы бойынша табады. Осылайша бір-бірін сипаттау негізінде басқа адамның суреті, яғни портреті шығатынын түсіндіру. Суретші адам бейнесін сөз арқылы емес, сурет арқылы береді. Суретшілер майлы бояумен салынған суреттерінде адам келбетін жиі бейнелейді. Әртүрлі портреттерді қарастырады. Суретші адам бейнесін салғанда, оның сезімін және көңіл күйін сурет арқылы бере біледі. Суретшілер салған әртүрлі портреттерге талдау жасалады. Бүгінгі сабақта адамның портретін тұзды қамырдан бедерлі мүсіндеу тәсілін қолдану арқылы орындайтындарын айту. Ол жұмыстардың орындалу ретін түсіндіріп, тапсырма береді.

2.Түсіндіру :Тұзды қамырдан бастың пішінін келтіріп, домалақ немесе сопақша пішін илеп алу.

Домалақтап немесе цилиндр пішінінде мұрынды келтіріп алып, оны бетінің ортасына жапсырамыз, біріктірілген жерін сұйық тұзды қамырдың көмегімен сылау.

Көздерін жасап алып, оны да мұрынды біріктірген төсілмен бетіне орналастыру.

Шағын ширатпа илеп, мұрыннан төмен орналастырып, біріктіру.

Шұжық тәрізді бірнеше ширатпа жасап алып, оларды бастың жоғары бөлігімен біріктіру. Бұл шашы болады.

бастың екі жағына мұрынмен деңгейлестіріп біріктіру.

Жұмысты кептіру.

Дайын болған бедерлі мүсінді гуашь бояуымен бояу.

3. Өзіндік жұмыс :Балалар жұмыс дәптеріндегі жұмыстың орындалу ретін басшылыққа ала кішкентай шелпектер жасап, құлақ пішініне келтіреді. Тапсырманы орындайды.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Ең жақсы жасалған портреттерді тақтаға іліп, балаларды мадақтау, ерекше атап өту.

17-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Қысқы ойындар.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.



Оқу іс-әрекетінің мақсаты: жеке тұлғаларды мүсіндей отырып, мазмұнды композиция құрастыруға үйрету;бірігіп ұжымдық жұмыс жасауға, жасайтын бейнені қимыл-қозғалыс үстінде беру дағдыларын жетілдіру; таяқша арқылы заттың бейнесін айңқындау тәсілін үйрету.

Керекті құралдар мен материалдар:

Балалардың қысқы ойынын бейнелейтін картиналар, ермексаз, қатырмақағаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.

балалар үшін: жұмыс дәптері, қатырмақағаз, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: Балалармен «Қыс қызығы» тақырыбындағы картиналарды қарастырып, суреттегі әр кейіпкердің қозғалысына, киімдеріне, тұрған тұрысына назар аударады. Қар атысып, аққала жасап жатқан немесе шаңғы теуіп жүрген, шана сүйретіп дөңнің үстіне шығып бара жатқан балалардың қысқы ойындарының суретін тамашалайды. Балалардан өздері қыста аулаға шыққанда қандай ойындар ойнағанды жақсы көретіндерін сұрау.

2.Түсіндіру: Жұмысты бастар алдында балалардың әрңайсысы нені мүсіндейтінін біліп, шешіп алу керек. Бірінші сабақта жұмыстың қандай түрі орындалатынын айтып, мүсіннің орындалу төсілін көрсету.

Әр түсті ермексазды жұмсартып алу.

Ермексаздың бір бөлігінен үлкен цилиндр -денесін (күртеше), басқа бөліктерінен кішірек екі цилиндр - қолдарын, домалақ -басын (шапкасы) дайындау.

Цилиндр пішініндегі денесін конус пішініне келтіру (бас бармағымыздың көмегімен цилиндрдің жоғары бөлігін төменгі бөлігіне қарай аздап жаншу), дене бөлігінің жоғары жағына қолдарын біріктіру.

Домалақ ермексаздан бөрігін мүсіндеу. Ол үшін домалақты конус пішініне келтіру (бас бармағымыздың көмегімен ермексазды аздап жаншу).

Аяқтарын мүсіндеу үшін екі цилиндр пішініндегі ермексазды дайындау.

Екі цилиндрдің төменгі жағын аздап иіп, етігін мүсіндеу.

Ақ және қызыл сары ермексаздарды әбден араластырып, домалақтап илеп, басын мүсіндеу, осы ермексаздан домалақ мұрнын жасау.

3. Өзіндік жұмыс : Балалардың жұмысы.Балаларға жұмысты орындауға кеңес беріп, мүсіндеуде қиналған балаларға көмектесіп, жұмыстарын талқылап отыру .



Оқу іс-әрекетін қорыту.

Балалар өздері қалаған бейнені жеке-жеке мүсіндеп орындайды

.

18-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Қысқы ойындар.



Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: жеке тұлғаларды мүсіндей отырып, мазмұнды композиция құрастыруға үйрету;бірігіп ұжымдық жұмыс жасауға дағдыландыру; жасайтын бейнені қимыл-қозғалыс үстінде бере білу; мүсіндеуге деген қызығушылығын арттыру; таяқшалар арқылы заттың бейнесін айқындау тәсілін меңгерту.

Керекті құралдар мен материалдар:

Балалардың қысқы ойынын бейнелейтін үлгі суреттер, ермексаз, тақтайша, таяқша.

балалар үшін: жүмыс дәптері, ермексаз, таңтайша, таяқша, қолорамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балалармен «Қыс қызығы» таңырыбындағы суреттерді қарастырып, суреттегі әр кейіпкердің ңозғалысына, киіміне, назарларын аударады. Қар атысып ойнап жатқан,Аққала жасап жатқан немесе шаңғы теуіп жүрген, дөңнің үстіне шығып бара жатқан балалардың қысқы киімдерін тамашалайды. Балалардан өздері аулаға шыққанда қандай ойындар ойнағанды жақсы көретіндерін сұрау.

2.Түсіндіру: Бұл сабақта өткен сабақта бастаған жұмысын жалғастырып, жасаған мүсіндерін біріктіріп, мазмұнды композиңия құрастырады.

Денесіне басын біріктіру.

бас киімін кигізіп, мұрнын жапсыру.

аяқкиімін біріне-бірін жабыстырып, біріктіру.



денесін, аяғын біріктіру.
тіс шұқығыш шидің көмегімен көзін, аузын саламыз.

шана, конькилерді қатырма қағаздан қиып жасап, мүсінімен біріктіру.



мүсіндерді алдын ала дайындалған қатырмақағазға жапсырып, мазмұнды композиңия құрастыру.

3. Өзіндік жұмыс : Балалардың жұмысы.Балаларға жұмысты орындауға кеңес беріп, мүсіндеуде қиналған балаларға көмектесіп, жұмыстарын талқылап отыру.

Балалар өздері қалаған бейнені жеке-жеке мүсіндеп орындайды

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Ең жақсы жасалған жұмыстарды және өз қиялдары мен шығармашылығын пайдалана білген балалардың еңбектерін атап өту, мадақтау.

19-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ұйқыдағы мысықтар.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.



Оқу іс-әрекетінің мақсаты: әртүрлі көлемдегі цилиндрден құрастыру; мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру; ұқыпты істеуге үйрету.

Керекті құралдар мен материалдар:

Ойыншық мысық, мысықтың суреттері, мысықтың ермексаздан жасалған үлгісі, ермексаз, тақтайша, таяқша.

Балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша,

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балалармен бірге мысықтың дене құрылысын, түсін анықтау. Денесін, басын, аяқтарын әртүрлі көлемдегі цилиндрден мүсіндеуге болатынын түсіндіру.

2.Түсіндіру:ермексаздан ұйқыдағы мысықтың жасалу жолын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу тәсілін түсіндіру.

Бір кесек қызыл сары және жарты кесек қоңыр ермексазды жұмсартып алып, қызыл сары ермексазды бірнеше бөлікке бөліп алу.

Қызыл сары ермексаздан домалақ - басын, цилиндр - мойнын, цилиндр - денесін, шұжық аяқтарын (4 дана), цилиндр - құйрығын, үшбұрышты кішкентай шелпек - құлақтарын дайындау.

Қоңыр ермексаздан жіцішке шұжық пішінді жолақтар жасап алу.

Денесін, мойнын, басын біріктіріп, біріктірілген жерді саусақтың көмегімен тегістеу.

Аяғын денесімен біріктіру.

Құйрығын біріктіру.

Жолақтарды жапсыру.

Қара ермексаздың кішкене бөлігінен домалақтап мұрнын жасап алып, басына біріктіру.

Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзін, аузын салу.

3. Өзіндік жұмыс : Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, үұйықтап жатңан мысықтың дене мүшелерін ермексаздан илеп біріктіреді, мүсіндейді.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсіндеген мысықтарын балаларға көрсетіп, бағалау, талдау.

20-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Қой.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: бедерлі мүсіндеу жөне тұзды қамырмен жұмыс істеу тәсілдері бойынша алған дағдыларын жетілдіру; қойға тән ерекшеліктерді (жүнінің көлемі, сыртқы келбеті) бере білуге үйрету; шығармашылық белсенділігін арттыру.

Керекті құралдар мен материалдар:

Ойыншық қой, дайын мүсіннің үлгісі, тұзды қамыр, тақтайша,таяқша.

балалар үшін: жұмыс дәптері, тұзды қамыр, тақтайша, таяқша, қолорамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балаларға төрт түлік мал туралы, оның ішінде қойдың қасиеттері жайында түсінік беру. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деп бұрынғы аталарымыз айтып кеткендей қойдың пайдасы өте көп. Қой бағатын адамды шопан деп атайды. Қойды жазда жайлауда, қыста қыстауда бағады. «Ауылға барғанда аталарыңның үйінен кім қойды көрді?» деп, жетектеуші сұрақтар қою арқылы балаларды әңгімеге тарту. Қойдың суретін көрсетіп, дене мүшелерінің орналасу ерекшеліктеріне, түстерінің әртүрлі болатынына мән береді. Қойдың жүнінен киім тігетінімізді, терісінен аяқкиім жасалатынын айтып кету.

2.Түсіндіру: қойды тұзды қамырдан мүсіндейтіндерін айтып, онымен жұмыс істеу тәсілдерін түсіндіру. Қойдың жасалу жолын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындау тәсілін көрсету.

Тұзды қамырдан тіктөртбұрышты негізін дайындап алу.

Тұзды қамырдан цилиндр - басын,цилиндр - денесін, 4 шұжық - аяқтарын домалату тәсілімен жасап алу.

Цилиндрден денесінің пішінін келтіріп жалпақтап, негізге жапсыру.

Цилиндрден бастың пішінін жасап, денесінің жоғарғы бөлігіне сұйық тұзды қамырдың көмегімен біріктіру.

Басына құлағы мен кекілін біріктіру.

Аяқтарын денесіне сұйық тұзды қамырдың көмегімен біріктіру.

Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзі мен тұмсығын белгілеп, денесіндегі, кекіліндегі жүннің түрін келтіру.

3. Өзіндік жұмыс : Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, жұмысты орындайды.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсіндеген қойларын балаларға көрсетіп, бағалайды, талдайды. Ең жақсы жұмысты таңдап алып тақтаға іліп көрсетеді. Шағын көрме ұйымдастырады.

21-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнекпен безендірілген тәрелке.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: қағаз немесе пластик ыдыстарды ұлттық ою-өрнекпен безендіруді үйрету; безендіру дағдыларын бекіту; ұлттық ою-өрнек туралы білімдерін қалыптастыру; тия- нақтылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар мен материалдар:

Ыдыс түрлерінің суреті, дайын жұмыстың үлгісі, ою түрлері, ермексаз, тақтайша, таяқша.



балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша, қолорамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме : алдын ала қағаздан немесе пластиктен жасалған табақ түрлерін балаларға көрсетеді. Олардың құрылысы, қандай тамақ ішкенде қолдану керектігін, түстерін сұрайды. «Осы табақтарға не жетіспейді, не істеуге болады?» деген сұрақтармен балаларға ой тастайды. Балалар ою-өрнектермен безендірілген ыдыстардың әдемі көрінетінін айту керек.

Ою-өрнек элементтерін еске түсіреді: құс қанаты, бұғы мүйіз, қызғалдақ, қошқар мүйіз. Оларды ширату тәсілі арқылы жасауды, иіп өрнекке келтіру жолдарын және ыдысты әшекейлеуде қандай бөлігіне орналастыру қажеттігін айтып, бағыт-бағдар беру.

2.Түсіндіру: балаларға тәрелкені ою-өрнекпен безендіру әдіс-тәсілдерін көрсету.

Тәрелкенің бет жағына қарындашпен ою-орнек салып алу.

Түрлі түсті ермексаздан ширатпалар жасап алу.

Жіңішке ширатпаларды ою-өрнек салынған суреттің бет жағына орналастырып, аздап саусақпен жапсыра басу.

Бедерлі ою-өрнекті түсті жалпақталған ермексазбен толтыру.

Ою-өрнекті сәндік элементтермен толықтыру.

3. Өзіндік жұмыс : Балалар мүсіндеуді өз беттерінше орындайды.



Оқу іс-әрекетін қорыту.

Балалардың жасаған жұмыстарын қарап бағалау, талдау.

22-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Тышқандар.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: қаңқасы фольга болатын тышқанды тұзды қамырдан жасауды үйрету; тышқанның пішінін және дене мүшелерін дәл беруге үйрету; шығармашылық белсенділі- гін арттыру.

Керекті құралдар мен материалдар:

Тышқанның суретінің үлгісі, дайын жұмыстың үлгісі, тұзды қамыр, тақтайша, кескіш таяқша.

балалар үшін: тұзды қамыр, фольга, жүмыс дәптері, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балаларға тышқан жайында жұмбақ жасырады. Өзі кішкентай,бірақ одан піл қорқады.Ол не? (тышқан)

Жұмбақтың дұрыс шешімінен кейін, тышқанның суретін көрсетіп, түсіне, дене құрылысына назарларын аударады. Балалардан тышқанға байланысты қандай ойындар, ертегілер білетіндерін сұрап, балаларды әңгімеге тарту.

2.Түсіндіру: тұзды қамырдан тышқанның жасалу жолын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу жұмысын орындау.

Тұзды қамырдан дайындамалар жасап алу. Умаждалып домалақ пішінге келтірілген фольганы тұзды қамырдан жасалған шелпекке орап, дене жасау. 4 шүжық пішінді ермексаздан аяқтарын, дөңгелектенген екі пластинкадан құлақтарын жасап алу.

Құйрығын терінің кішкене бөлігінен немесе жіптен жасаған дұрыс.

Цилиндр төрізді денесінің жоғарғы бөлігін аздап қысып, тұмсығын келтіріп аламыз және саусақпен аздап сулап алып, тегістеу.

Аяқтарын денесіне сұйық тұзды қамырдың көмегімен біріктіру.

Құлағы мен құйрығын біріктіру.

Қамырдың шағын бөлігінен домалаңтап мүрнын, көзін жасап алып, басына орналастырамыз.

Тышқан кепкеннен кейін, гуашь бояуымен бояуға болады.

3. Өзіндік жұмыс : Балалар өз қалаулары бойынша (жұмыс дәптерінде көрсетілгендей) тұзды қамырдан ірімшікті жасауына болады.

Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, тышқан мен ірімшікті жасап шығады.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсіндеген тышқандарын балаларға көрсетіп бағалату, талдау, қорытындылау.

23-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдегі арулар.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: ұлттық киім үлгісімен балаларды таныстыруды жалғастыру; ұлттың киім киген ңыз баланың дене бітімін мүсіндеу тәсілін үйрету; мүсіндеуде адамның сырт келбетін, сымбатын бере білуге дағдыландыру; шығармашылығы мен ой-қиялдарын дамыту.

Керекті құралдар: ұлттық киімдердің суреттері, қыздың үлгі суреті, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша.

Балаларға керекті құралдар: ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамалдар.

Оқу іс-әрекетті ұйымдастыру.

1.Кіріспе әңгіме: балалардан ұлттық киімдерге нелер жататынын, «ұлттық киім» дегенді қалай түсінетіндерін сүрау

Ұлттық киімдердің аттарын сұрау, толыңтырып атап беру. Шапан, сәукеле, бешпет, тақия, мәсі.

Қыз балалар, аналарымыз, апаларымыз қандай киімдерді көбірек киіп жүреді?

2.Түсіндіру: ермексаздан ұлттың киімдегі қыздың жасалу жолдарын рет-ретімен түсіндіріп, көрсете отырып мүсіндеу жұмысын орындау.

Түрлі түсті ермексаздардың кесектерін жүмсартып алу.

Негізгі түске таңдалған ермексазды бірнеше бөлікке бөліп алу: үлкен цилиндр - денесі, екі кішілеу цилиндр - қолдары.

Денесін саусаұтың көмегімен жоғары жағынан төменге қарай ығыстыра мүсіндей отырып конус пішініне келтіру, екі жанына қолдарын біріктіру.

Шағын домалақ жасап алып, аздап жалпайтыңқырап бөркін жасау. Шағын домалақтан бөріктің жоғарғы бөлігін конус формасына келтіріп жасап алып, жоғарғы жағын дөңестеу етіп тегістеп бөріктің орта бөлігіне орналастыру.

Ермексаздың бір кесегін жалпайтып илеп, сопақшалап, көйлегіне біріктіру (камзол).

Ақ және қызыл сары ермексазды әбден араластырып домалақтап илеп, басын мүсіндеу, осы ермексаздан домалақ мұрнын жасау.

3.Өзіндік жұмыс:Мүсінді құрастыру.

денесіне басын біріктіріп орналастыру, басына мұрнын біріктіру, ңара түсті ермексазды жалпақтап жүмсартып алып, шашын мүсіндеп басына жапсыру, содан кейін бөрігін орнықтырып, оған қоңыр ермексаз жолақшаларынан тері жасап біріктіріп, бөрікті сәндеу, үкісін де осы ермексаздан жасап біріктіру.

Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, қызды және киімін ермексаздан илеп біріктіреді, мүсіндейді.

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, ұлттық үлгідегі киім киген қыздарың мүсінін балаларға көрсетіп, талдау жұмысын жүргізу.

24-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Жылға.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет