Толтырған:
Тексерді:
ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы.
Уақыты : 22.01. 2013
Білім беру салалары: «Шығармашылық»
Бөлімдері: Вариативтік компоненті «Шебер қолдар» (Мүсіндеу)
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты :
Білімділік: Үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерден бейнелерді
мүсіндей білуге үйрету.
Дамытушылық: Мүсіндеу техникасы дағдылары мен біліктерін
дамыту.
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Аққаланың суреті.
Сөздік жұмыс: Қыс қызығы, қысқы ойындар.
Қостілділік компоненті: Аққала-снеговик.
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушы
|
Ш.ш: 06-04-«Б» №18
Қызықтыру сәті:
Есік тарсылы естіледі.
Топқа қуыршақ Айгерім келеді.
Айгерімнің қолында суреттері, бар.
|
Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі - көңіл ажары! Күліп өмір сүрейік!
Балалар, бұл суреттер не үшін керек екен деп, қызығушылық танытады. Балалар таңырқай қарайды.
|
Іздену - барлау
|
Қуыршақ: Балалар әр мезгілдің өз қызықтары бар.
Қыс мезгілінің қандай қызықтарын білесіңдер?
Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын:
Оны қардан жасаймыз, мұрны оның сәбіз, қолында сыпырғыш, басына шелек кигіземіз. Біледі оны барлық бала Кім екен ол? (Аққала)
Дұрыс айтасыңдар, балалар, ол аққала екен.
Олай болса барлығымыз бірігіп аққаланың мүсінін жасайық.
Тәрбиеші: Балаларға қалай жұмыс жасау керектігін айтады. Қауіпсіздік ережесін естеріне салады.
Жұмыс соңында қолдарын сүлгімен сүртуді ұмытпау керектігі жайлы айтады.
Сергіту сәті: 06-04-«Ә» №3
|
Қыс мезгілінде Жаңа жыл мерекесі болады.
Қыс мезгілінде қар атысып ойнауға, шаңғы тебуге, шанамен сырғанауға болады.
Тәрбиешінің айтқандарын тыңдап отырады.
Балалар жұмбақтың жауабы Аққала деп айтады.
Балалар үлгіге қарап аққаланың мүсінін жасайды.
Санайық жаңаша, Бір,екі,үш! Желбіре жалауша, Бір,ек, үш! Достықта-біздің күш. Бір,екі,үш!
|
Рефлексивті - қорытындылау
|
Қуыршақ балаларды далаға серуенге шақырады. Далада қардан аққала жасайық деп ұсыныс айтады.
|
Балалар өз жұмыстарын қуыршаққа береді.
Істеген жақсы істеріне қуанады. Серуенге шығып аққала жасайды.
|
Күтілетін нәтиже :
Білуі немесе хабардар болуы:
Үлгіге қарап, пішіндерден заттарды құрастыра білуге үйренеді.
Қалыптасқан әдет: Тәрбиешінің айтқанын тыңдайдытапсырмасын орындайды.
Істей біледі: Үлгіге қарап құрастырады, бейнелейді.
Толтырған:
Тексерді: ______________
Достарыңызбен бөлісу: |