Түсінік хат
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бекіту туралы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Негізгі ережелер 28.11. 2008 жылғы №628 бұйрығымен жүзеге асырылуда. «Зерек бала» бағдарламасы Қазақстан Республикасының жаңа МЖМБС –на сүйене отырып, мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды жан-жақты, толыққанды дамуына, олардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауына, сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты мақсаттарын шешуге бағытталған. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың МЖМБС-на сай 3 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың мүмкіншіліктерін ашуға бағытталған білім берудің 5 саласы бойынша («Денсаулық», «Қатынас», Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта») жүзеге асып, МЖМБС талаптарына сай болуына көңіл бөлініп отыр. 2012 жылдың 20-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігінің №557 бұйрығы бойынша вариативтік оқу бағдарламасын бекіту туралы бұйрығы негізінде ересек топта 3 сағат енгізілді. 3сағат «Таным» білім беру саласынан (Логика) 1 сағат «Қатынас» білім беру саласынан (Ертегілер елінде) 1сағат, «Шығармашылық» беру саласынан «Шебер қолдар» 0,5 сағат, «Денсаулық» білім беру саласынан (Өзіңді тани біл) 0,5 сағат болып бөлінді.Жыл сайын бала дамуында, өз құралпастарының қатарынан қалып бара жатқан бала саны көбейіп келеді. Адамның қолы- ол бір құрал іспеттес, қол, баланың дамуына әсерін тигізеді.
Тәжірибеге сүйенсек, бала мектеп табалдырығын аттағанда (6-7) жас 70-80 пайызы саусақ маторикаларының жеткілікті дамымағанын көреміз.
Саусақтарының әлсіздігі, нашар дамығаны, жазуларының нашарлығына, ұзақ уақыт жаза алмауларына әкеліп соғады.
Саусақ маторикаларының нашар дамуы көбінесе ауырушаң, кіші кезінен балабақшаға бармаған балаларда көп кездеседі. Сондықтан да біз «Шығармашылық» білім беру саласынан «Шебер қолдар» (Тұзды қамырдан мүсіндеу) –ді кіргізуге ұйғардық.
Достарыңызбен бөлісу: |