Мотивациялық-қозғаушылық
|
Ш.ш: 06-04-«Б» №18
Балалар сендер кілемінің үстінде отырып ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
Кілемнің үстіне қараңдаршы сендерді әдемі, дөп - дөңгелек доптар күтіп тұр. Сендермен ойнағымыз келеді дейді. Ал сендердің доппен ойнағыларың келеме?
Олай болса ең алдымен, топтың ішінде доппен қалай ойнау керек екендігі туралы ережені есімізге сақтап алайық.
- олай болса, топтың ішінде доптармен қалай ойнасақ болады?
- Доптар сондай жеңіл олар секіргенді, дөңгелегенді ұнатады. Олар биікке секіріп, алысқа дөңгелеп тыңдамай қоюлары мүмкін. Сол үшін сендер оларға топтың ішінде қалай ойнау керек екендігін үйретіңдер.
|
Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі - көңіл ажары! Күліп өмір сүрейік!
Балалар ия жақсы көреміз.
Балалар доптарды көріп, ойнағылары келетіндерін айтады.
Доппен ойнағанда қандай оқыс жағдайлар болуы мүмкін? (допты тым биікке лақтырсақ, жарықты сындырып аламыз, алысқа лақтырсақ терезеге тигізіп алуымыз мүмкін немесе басқа заттарды да құлатып алуымыз мүмкін)
(бір - бірімізге дөңгелетіп, еденге соғып немес бір - біріміздің қолымызға лақтырамыз т. б.)
Балалар жауабы
Доппен ойнай отырып, олардың дөңгелек, жұмыр екендігін анықтайды
|
Іздену барлау
|
Енді доптарымыз біраз демалсын, кілемнің үстінде қалдырайық та үстелімізге келіп отырайықшы.
- Балалар доп қандай болады екен? (Добымызға қарап,
«Добым, добым дөңгелек, тоқтамайсың дөңгелеп» деп айтсақ болама?
Біздің тобымызда бұлардан басқа қандай доптар бар? Және ойнаған доптарымыз кішкентай болған. Ал мұналар қандай? (үлкен) Демек доптар үлкен, кішкентай пішінде бола береді екен.
Мен сендерге бүгін тұзды қамыр арқылы доп жасауды үйреткім келеді. Сендер әрқайсыңда өз қолыңнан жасалған доп болғанын қалайсыңдар ма?
Олай болса мұқият болайық. Бізге ол үшін қандай құралдар қажет екен?(өзім жасау жолдарын көрсетемін)
1. Доптың көлемі мен түсін анықтаймыз. Сол доптың түсіне сәйкес тұзды қамырда таңдаймыз.
2. Тұзды қамырды жұмсартамыз
3. Екі алақанымыздың ортасына тұзды қамырды салып дөңгелетеміз
4. балаларға ауада осы іс - әрекеттерді орындатамын
5. Өз беттерімен жұмыс істейді (көмегімді қажет еткен балаға көмектесемін)
|
дөңгелек, дөңгелегенді ұнатады
Доп туралы 2 шумақты қайталап айтады
Үстел үстіндегі заттарды атайды. (тұзды қамырды, тақтайша, сүлгі)
Мұқият тыңдайды
Ауада қайталайды
өз еріктерімен допты мүсіндеді
|