Мотивациялық – қозғаушы
|
Ш.ш: 06-04-«Б» №18
Қызықтыру сәті:
Есік тарсылы естіледі.
Топқа қуыршақ Айгерім келеді.
Айгерімнің қолында суреттері, бар.
|
Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі - көңіл ажары! Күліп өмір сүрейік!
Балалар, бұл суреттер не үшін керек екен деп, қызығушылық танытады. Балалар таңырқай қарайды.
|
Іздену - барлау
|
Қуыршақ: Балалар әр мезгілдің өз қызықтары бар.
Қыс мезгілінің қандай қызықтарын білесіңдер?
Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын:
Оны қардан жасаймыз, мұрны оның сәбіз, қолында сыпырғыш, басына шелек кигіземіз. Біледі оны барлық бала Кім екен ол? (Аққала)
Дұрыс айтасыңдар, балалар, ол аққала екен.
Олай болса барлығымыз бірігіп аққаланың мүсінін жасайық.
Тәрбиеші: Балаларға қалай жұмыс жасау керектігін айтады. Қауіпсіздік ережесін естеріне салады.
Жұмыс соңында қолдарын сүлгімен сүртуді ұмытпау керектігі жайлы айтады.
Сергіту сәті: 06-04-«Ә» №3
|
Қыс мезгілінде Жаңа жыл мерекесі болады.
Қыс мезгілінде қар атысып ойнауға, шаңғы тебуге, шанамен сырғанауға болады.
Тәрбиешінің айтқандарын тыңдап отырады.
Балалар жұмбақтың жауабы Аққала деп айтады.
Балалар үлгіге қарап аққаланың мүсінін жасайды.
Санайық жаңаша, Бір,екі,үш! Желбіре жалауша, Бір,ек, үш! Достықта-біздің күш. Бір,екі,үш!
|