Мухамбедиярова Алтынгүл Жолымбетқызы Атырау облысы, Жылыой ауданы №3 мектеп тарих пәні мұғалімі



Дата13.11.2016
өлшемі85,04 Kb.
#1621


Әлихан Бөкейханов


Бекітемін: .





Мухамбедиярова Алтынгүл Жолымбетқызы

Атырау облысы, Жылыой ауданы №3 мектеп тарих пәні мұғалімі



Тақырыбы:        

Әлихан Бөкейханов

Мақсаты:

Алты Алаштың арысы – Әлихан Бөкейханов  мұрасын оқушыларға таныстыра отырып, оқушыларды  патриоттық сезімге тәрбиелеу.Топпен жұмыс жасауда өзіндік ойларын ортаға салуға, сыни ойлауға, ой қорытынды жасауға үйрету.    

Күтілетін нәтиже:

«Алаш», «Алаш Орда»  туралы білімдері толығады. Алаш арысы-Әлихан Бөкейханов еңбектерін  өздеріне үлгі етеді. Топпен жұмыс жасай отырып, шығармашылық, зерттеу дағдылары дамиды.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Ой қозғау, сауаттылықты ашатын хаттар, Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы.

Негізгі дерек көздер немесе ресурстар

Тарих оқулығы

Интернет материалдары






Теориясы:

«БІЛУ»




І. Қызығушылықты ояту:
«Алаштың Әлиханы» деректі фильм үзінді

 М.Әлімбаев ағамыздың «Әлихан Бөкейханов»   өлеңін оқып танысамыз.

 Өлеңінде жазушы Әлихан бинесін тамаша бере білген.


  • Әлихан бейнесін ақын қалай суреттегеніне көз жеткізу.

 Зерек ойлы, алғыр ақылжас ұлан,

Өз жұртына білім дәнін тасыған.

Туған елге тілеп бақыт, бостандық

Ет  жүрегі сыздап, жаны ашыған.

 Сабақтың түйіні:

Ұлт көсемі, ұлы бабаң Әлихан

Бар әлемге қазақ даңқын асырған.

Сұрақ:


Ақынның халыққа үндеуі қай өлең жолдарында келтірілген?

Ақын үндеуі:

Пір тұтатын бүкіл Алаш баласы,

Көз жазбасын алдындағы асылдан!


1. Топтастыру стратегиясы бойынша

Зерттеуші тарихшылар тобы – Әлиханды сипаттау.

Тіл мамандар тобы – М.Әлімбаев ағамыздың «Әлихан Бөкейханов» өлеңіне тоқталу

Шығармашылық топ- Әлихан Бөкейханов тақырыбына арналған музей, көше, т.б.

Теориясы:

«ТҮСІНУ»




Сұрақтар:
1. Әлихан Бөкейханов туған жылы? 1866 жылы 5-наурыз Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген.

Ата-тегі кімдер? Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Әкесі Нұрмұхамед.

Білім алды

9 жасында әкесі Әлиханды Қарқаралыдағы ауыл молдасына береді. Өз еркімен молданың білімін ұнатпай, 3 кластық бастауыш мектепке ауысады. Содан соң Қарқаралыдағы 3 жылдық училищеге, Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы  Орман шаруашылығы институтында оқиды.

Ә.Бөкейханов көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым.

Бүкіл саналы ғұмырын халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған.

Қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым «Алаш» партиясын ұйымдастырған.

Сондықтан еліне Алаштың арысы атанған.



Практикасы:

«ҚОЛДАНУ»

«Кім тапқыр?» ойыны
Ойынның шарты: Тақырыпқа сай ұяшықтағы сандарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап беру.

Өмірбаяны: 10 – Әлиханның туған жерін ата. (Қарағанды облысының)
20-Әкесі кім? (Нұрмұхамед)
30- қай партияның жетекшісі? (Алаш)
10- Алаш партиясын ұйымдастырушы – Әлихан Бөкейханов.
20- Әлихан Бөкейханов –ғұлама ғалым.
30-Мінезі қандай? (ақылды, намысшыл)
Сандар: 10 – Туған жылын ата. (1866жыл)
20- Ұлт-азаттық көтеріліс қашан басталды? (1916жыл)

Теориясы:

«ТАЛДАУ»

І. Қызығушылықты арттыру, жадыны жанғырту
- Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында патша өкіметінің өлкедегі отаршылдық саясаты қандай? 
- Қозғалыстың басталуына себепші факторларды атандар?
- Қозғалыстың негізгі себебі неде?
Ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы

Әлихан Бөкейханов 1866 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген.

Ата-тегі:

Шыңғыс ханның үлкен ұлы, Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Әкесі Нұрмұхамед.

Білім алу жолдары:

9 жасында әкесі Әлиханды Қарқаралыдағы ауыл молдасына береді. Өз еркімен молданың білімін ұнатпай, 3 кластық бастауыш мектепке ауысады. Содан соң Қарқаралыдағы 3 жылдық училищеге, Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы  Орман шаруашылығы институтында оқиды.

Ә.Бөкейханов көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым.

Бүкіл саналы ғұмырын халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған.

Қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым «Алаш» партиясын ұйымдастырған.

Сондықтан еліне Алаштың арысы атанған.



Сергіту

Бөкейхановтың қанатты сөздерін жалғастыру:

  • Талас-тартыс жоқ болса, өмір абақтыға айналар еді. 

  • Ақылға саңыраулық та – айып.

  • Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды.

  • Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.

  • Ақылды сөз қылмақ қиын, ақылды сөзді ақылды іс қылмақ одан да қиын.

  • Болғаннан – қашпа, болмағанға – саспа.

  • Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.

  • Көзі соқырдан, көңілі соқыр жаман.

  • Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды.

  • Тіршілік – бәйге: жүйрік алар, шабан қалар. 

  • Еріншек пен езге жол, бәйге, сыбаға, мүше жоқ.

  • Өз күшіне сенбеген халық та, адам да ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды.

  • Өзің түйеден өткен жетекшіл болсаң, саған ақыл не керек?!

  • Би түзу, билік әділ болсын.

  • Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса, сөз кестелі болады.

  • Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры.

  • Мансапқұмар елі – кемелдікке жетпеген ел.

  • Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой.

  • Еуропа мәдениеттімін деп мақтанғанымен, мәдениеті өнерінде ғана, ал мінезі хайуандық сапарынан қайтқан жоқ.

  • Адам баласы – нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды.

Теориясы:

«ЖИНАҚТАУ»




1 топ оқушыларына – Ә. Бөкейханов туралы ойларын айтып өтеді .

2 –топ   «Негізгі ой» Ә.Бөкейхановтың ғұлама ғалым екенін дәлелдейді.

3 – топ «Талқылау»  өз беттерімен даярлап әкелген деректерімен тақырыпты толықтырады 

Көп нүктенің орнына қажетті сөз тіркесін қойып жазу қажет

А) А.Бөкейханов …………… жылы дүниеге келген . (1866)

Ә)А. Бөкейханов .............. партиясының жетекшісі болған. (Алаш)

Б)Әлихан шетелдің ……….. тілінде сайраған, білімді ғалым (тоғыз)

В)Туған елдің ……… тіледі , (бостандығы)

Г)……..Әлихан мәңгілікке көз жұмды (1937)



 


Қорытынды .    

Әлихан Бөкейханов –ғұлама ғалым эссе жазу



Мұғалім сөзі: Өткен ғасырдың басында жеке ел, мемлекет боламыз деген Алаш зиялылары аңсаған армандарына жете алмай арманда кетті. Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекеттіліктің алғы шартын жасап кетті.
Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз - ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу. Сабағымызды Әлихан Бөкейхановтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Әр ұрпақ өзіне артқан жүкті жетер жеріне апарып тастауы керек»

Практикасы:

«БАҒА БЕРУ»

Идеяны тоғыстыр.  Оқушыларды қайтадан  бастапқы топқа отырғызу.  «Не? Қайда? Қашан?» сұрақтарына тақырып көлемінде жауаптар іздеу ұсынылады. Бес шапалақ арқылы бағалау.                   

Үйге тапсырма

Әлихан Бөкейхановтың нақыл сөздері. Шығармаларын оқу

Каталог: uploads -> doc -> 10e6
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
10e6 -> Сабақ жоспары. 10 сынып Сабақ тақырыбы: ІІІ- тарау. Тактикалық дайындық
10e6 -> Ойыны ‏ "Ойлан тап " Қайталау сұрақтары
10e6 -> Дайындаған: Информатика пәні мұғалімі Ершуманова Кызгалдак Мухаметгалиевна Тақырыбы:«Информатика әлеміне саяхат»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет