Муханбетжанова А. У 2019 ж ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені


II-семестр II-аралық тапсыру норматив кестесі Бақылау норматив кестесі (әр жаттығудан мах 30 ұпай)



бет4/4
Дата02.04.2020
өлшемі73,63 Kb.
#61395
1   2   3   4
Байланысты:
Силлабус Дене ауыскан-20.28.01
Жеңіл атлетика, Жеңіл атлетика, Жүзу (2)


II-семестр II-аралық тапсыру норматив кестесі Бақылау норматив кестесі (әр жаттығудан мах 30 ұпай)

ұпайы

100 метрге жүгіру

3000 м(2000 м) жүгіру

Граната лақтыру

ерлер

қыздар

ерлер

қыздар

ерлер

қыздар

30

13.0

15.0

12.0

9.05

42.0

30.0

29

13.1

15.1

12.05

9.10

41.5

31.5

28

13.2

15.2

12.10

9.14

40.0

30.5

27

13.3

15.3

12.15

9.20

39.60

30.0

26

13.4

15.4

12.20

9.25

38.40

29.5

25

13.5

15.5

12.25

9.32

37.50

29

24

13.6

15.6

12.30

9.36

36.50

28.5

23

13.7

15.7

12.35

9.40

35.0

28.0

22

13.8

15.9

12.40

9.44

34.70

27.5

21

13.9

16.0

12.45

9.50

33.40

27.0

20

14.1

16.1

12.48

9.55

32.70

26.5

19

14.2

16.2

12.52

10.03

31.55

26.0

18

14.3

16.4

12.56

10.10

30.70

25.0

17

14.4

16.5

13.05

10.14

29.50

24.0

16

14.5

16.7

13.10

10.18

28.70

23.0

15

14.6

16.8

13.15

10.24

27.50

22.0

14

14.7

17.0

13.18

10.30

26.00

21.0



Емтихан нәтежесі бағалау кестесі

Әріптікбағалау

Баллы

Проценты

Тест нәтежесі

Дәстүрлібаға

А

4,0

95-100

29-30

Өтежақсы

А-

3,67

90-94

27-28

В+

3,33

85-89

26

Жақсы

В

3,0

80-84

24-25

В-

2,67

75-79

23

С+

2,33

70-74

21-22

С

2,0

65-69

20

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

18-19

Д+

1,33

55-59

17

Д

1,0

50-54

15-16

F

0

0-49

1-14

Қанағаттандырылмаған

Семестерге қорытынды бақылау

Бағалау (білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың баллдық –рейттингтік жүйесіне сәйкес)

И=RD*0,6+E*0,4


Білім алушылардын оқу жетістіктерінін нәтижелерін бағалау жүйесі

Студенттердің білімі, біліктілігі мен дағдылары келесі жүйеде бағаланады:




Әріптік жүйе бойынша

бағалануы

Баллдардың сандық эквиваленті

Пайыздық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалануы

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы


В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

Д

1,33

55-59

Д+

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлық

Жалпы және арнайы дене даярлығы:Іс тәжірбиелік бөлім материалдарын жоспарлауда жалпы және арнайы дайындықтар құралдарына кең талдау жасауға және сауықтыру жаттығулары мен олардың кешеніне жол беріледі. Іс тәжірбиелік сабақтарды өткізу жолдарының ұйымдастырылуы мен әдістемелік қамтамасыздандырылуы жағынан,құралдар мен әдістердің жиынтығына,студенттердің жасаған бағалау тәсілдері мен өткізу орындарына байланысты әр турлі болуы мүмкін.

Фитнес-Жалпы фитнес, спортта бағытталған және дене даярлығы.

Фитнес құралдары: аэробты түрлердің бағыттылығы (жүру аяңдап жүгіру,жүзу велосипедпен жүріс,қозғалмалы ойындар);гимнастикалық жаттығулар (еңкею,денені бұру айналу,тірену,отырулар,сермеулер); күш жаттығулары (ауырлық түсірумен,снарядтармен, иілгіш заттармен, әріптестің қарсылығымен);созылу жаттығулары; қайта қалпына келтіру және реалаксация жаттығулары. Фитнес түрінің таңдалынуы оқу орындарының мүмкіншілігіне байланысты.




Бодифлекс: Бодифлекстің мақсаты-бұлшық еттің физиологиялық күшін жақсарту және артық салмақтан арылту.Барлық бодифлекс жаттығулары үш түрге бөлінеді: 1.Изометриялық 2.Изотониялық 3.Созылымды

Воркаут: Steet Workout-Атлеттің техникалық дайындығы,трюкGhetto Workout-Жаттығулардың қайта күрделендіріп қайталауы.

Стретчинг: Стретчинг адамның қыймыл белсенділігін жоғарлатады,буындарға жақсы әсер етеді және сүйектің сынғыштығына кедергі жасайды.

Йога:1.Йога хатха 2.Йога раджа 3.Йога карма 4.Йога бхакти 5.Йога джнани

Пилаттес: Тыныс алу гимнастикасы.

Калланетика: Статикалық йога ұқсастық негізіне сүйенеді.

Аэробика: Төзімділіктің болуымен (жүру,жүгіру, жүзу)байланысты және тыныс алу


жүйесімен жүрек–қан тамырларының функционалды мүмкіншіліктерін жоғарлатуға бағытталған жаттығулар жүйесі циклді спорт түрлерінен құралған.

Сауықтыру аэробикасына, спорттық-сауықтыру аэробикасына және спорттық аэробикаға бөлінеді. Аэробиканың тағы басқа түрлері:базалық аэробика (қосымша снарядтар мен элементтерсіз),степ-аэробика(степ-платформаның қолданылуымен), фитбол-аэробика (фитболдың қолданылуымен), слайд-аэробика



КроссфитЖүгіру,тренажерда есу,кедергіден секіру,арқанға өрмелеп шығу,шығыршықтағы гимнастикалық жаттығулар.
Гимнастика акробатика элементтерімен

Бұйрық берумен қабылдауды ұйымдастырушылар,акробатикалық жаттығулар,гимнастикалық жаттығулардың қолданбалы түрі.

Жалпы жетілдіру жаттығулары,жүгіру,секіру,және түрлі ұзақтықтағы жаттығу,күрделілігі,құрылымдары,қарқындылығы.

Би жатығуларының түрлері. Музыкалық сүйемелдеу арқылы күрделі қыймыл кешендерін орындауды өзіндік меңгеру.

Гимнастикалық жаттығулардың әр алуан түрлері-саптық,жалпы жетілдіру,еркін,қолданбалы т.б

2.1 Күш түрімен жаттығу Бұлшық еттің салмағын нығайту мен дамытуға және жекелеген бұлшық ет топтарын анықтауға бағытталған. Бұлшық етердің көлемі жетпей тұрған бір жерлеріне бұлшық етті арыттыру және басқа жерлерінің арықтауына куш түрімен жаттығу ықпал етеді, соның салдарынан дененің пішінінің түзетуі жүргізіледі.

Тиімді техникаға үйрету мен функционалды мүмкіндіктерін жоғарылату,бұлшық еттерін нығайту,оның дене жетілуінің жетістіктеріне жетуіне оқушыларды жаттықтыру қарастырылады

Дене жаттығулары спортшыларды даярлаудың негізгі құралы болып табылады.

Олар жалпы дамыту және арнайы болып екіге бөлінеді.

Өз салмағын қолдану арқылы,құрал –жабдықтарды қолдану арқылы жаттығу.

Ерікті жүкті қолдану арқылы жаттығу.

Арнайы тренажерларда жаттығу.

Ерікті жүктердің көмегімен базалық жаттығуларды тиімді орындауға болады. Спортшы денесінің нақты бір жерін дайындауға тренажерларды қолдану тиімді.Спортшыны өз салмағын қолдану арқылы жаттықтыруда оның негізгі басымдылығы функционалдылығы болып табылады.



Футбол Допты бір орында және жан-жаққа (алдыға,артқа,оңға,солға)қозғалыста әріптесіне аяқпен (оң аяқпен,сол аяқпен)беру.Допты аяқпен (оң аяқпен,сол аяқпен) тебуді орындау және қақпаға теуіп кіргізу.Командалық ойын.Допты қабылаулар табанмен,табанның ішкі және сыртқы жандарымен,санымен,көтермемен,аяқтың ұшымен, көкірекпен және баспен жүзеге асырылады.

Футболшының доппен және допсыз орын ауыстырулары.

Жүріс түрлеріндегі,баяу жүгіріс,шапшаңдату жүгірісіндегі және арқамен алдыға жүгірудегі жаттығулар.

Ойын жағдайындағы жылдам орын ауыстырулар:орнынан ең шапшаң жүгіріс,шапшаңдату,жалғамалы қадамдармен жүгіру:түзу,доға,қарсы жаққа,ирек жане т.б. әртүрлі бағыттардағы қозғалыстар.

Допты тебу футболдағы ойын техникасының негізін құрайды.

Допты аяқпен тебу арқылы допты әріптесіне береді,қақпаға тебеді,допты алып жүруді жане басқада әрекеттерді жүзеге асырылады.

Допты алып жүру көтерменің ішкі жане сыртқы бөлігімен ретімен итермелеп,табанның ішкі жанымен,көтерменің орта бөлігімен,аяқтың ұшымен,бір аяқпен немесе кезекпен жүзеге асырылады.

Доптытартыпалу.Доптытартыпалукезінде,доптыиеленіптұрғанойыншығажақындап,ол доптан бақылауын жоғалтқанда доп қақарсы аяқты салуы тиіс,жұптағы және үштіктегі жаттығулар.

Қақпашының ойын техникасы.

Қақпашы ойын барысында бір орында тұрмайды:ол допты қағып алады,қақпаны қорғауда допты қайтарады,қағып алған допты ойынға қосады немесе допты аяқпен алып жүреді.

ГандболДопты ұстау және беру. Бір орында,алдағы қозғалыста, қарсы жүріс кезінде, қарсыластың қарсылылығы мен.

Допты алып жүру. Допты адымдап(бір адымдап,екі адымдап)жүгіріп бұрылулармен алып жүру.

Бір орында,қозғалыста және қарсыластың қарсылығымен допты алып жүру мен берулер.

Допты қақпаға лақтыру түрлері.Қозғалыста және секірісте әр түрлі тәсілдермен допты лақтыру. Жеті метрлік айып добын орындау.

Допты оқшаулауды, допты қағып әкетуді және қорғаныс тұрыстарына үйрету.

Қақпашы ойын әдістері. қақпашы ойын барысында бір орында тұрмайды: ол допты қағып алады, қақпаны қорғауда допты қайтарады.

Қақпашының ойын барысындағы негізгі мақсаты - бұл өз қақпасына доп жібермей шұғыл шабуыл ұйымдастыру. Барлық ойын техникасы,қорғаныс техникасы мен шабуыл техникасы болып бөлінеді.

БаскетболДопты беру жәнеқағыпалу. Бір орында, қозғалыста және қорғау шының қарсылығымен. Допты алыпжүру. Допты тура алып жүру,бағыттарының өзгеруімен және кері серпіліс биіктігінің өзгеруімен қағып алу жаттығуларына үйретілуі.

Шығыршыққа допты лақтыру. Кеудеден екі қолмен допты лақтыру, иықтан бір қолмен допты лақтыру. Айып доптарын лақтыру. Қорғаныстағы және шабулдағы жеке тактикалық іс-әрекеттер (Допсыз және доппен).Командалықойын.

Волейбол Допты әрекет ету. Орында және қозғалыста допты жоғарыдан екі қолмен беру. Допты қабылдау: жоғарыдан, төменнен, орнында және алдағы қозғалумен,артқа,оңға және солға.

Допты ойынға қосу: қапталдап, төменгі, жоғарыдан түзу, тордан асыра аймақтарға. Доп ойынға қосылғаннан кейін қабылдау,сақтандыру Командалық ойын.
Қозғалыс ойындары

Тәлімді қозғалыс ойындары:«Передал- садись», «Футбольный слалом», «За мячом»,Поймай мяч», «Точная передача».

Қазақтың ұлыттық ойындары: «Ақсүйек», «Көмбеден доп шығару», «Ланг» тебу,Қармақ», «Үйрек ату», «Таяқ жүгірту», «Қақпа тас», «Аң аулау».

Қысқа қашықтыққы жүгіру техникасын үйрету және жетілдіру әдістемесі.

Жүгіру техникасын үйретудің кезектілігін сақтау, пайдаланатын құралдарды қолдану әдістемесі, уақытында нұсқаулар беру арқылы жіберген қателіктерді жөндей білу.

Қысқа қашықтыққа жүгіру (спринт) шартты төрт фазаға бөлінеді: басы (старт), қарқын, қашықтық бойынша жүгіру және мәрелік.

Спринтта қысқа кесіндіде максималды жылдамдықты дамыту және жүгіруді тезірек бастауға мүмкіндік беретін төменгі старт қолданылады. Старттан тез шығу үшін станок пен колодкаларды қолданады. Олар қағажыту кезінде қатты тірек жасайды.

Төменгі старттың бірнеше нұсқасы бар. Алдыңғы колодка бунақтың старттық сызықтан 1–1,5 см қашықтыққа, ал артқы – алдыңғыдан балтырдың ұзындығына орнатылатын жағдайдағы қарапайым старт кеңінен таралған.

Алдыңғы колодканың тірек алаңы 40–50º бұрышқа қойылады, ал артыңғы – 60–80º бұрышқа жолдың бетіне қойылады. Колодкалардың бөлшектік белағаштарының ара қашықтығы 18–20 см тең. «Созылған» старт кезінде жүйріктер алдыңғы колодканы бір бунақ қашықтығына дейін артқа, ал «жақындатылған» стартта артқыны алдыңғыға қарай жылжытады.

Старттық сызыққа колодкалардың жақындағаны сайын тірек алаңдардың еңкею бұрышы азаяды, алшақтағанда – үлкейеді. Старттың нұсқасы спортшының жеке ерекшеліктеріне байланысты таңдалады. Жүгірудің нәтижелі басын қамтамасыз ету өте маңызды.

«Стартқа!» командасы бойынша спортшы старттық сызық бойына қолына таянып алда тұрған старттық колодканың тірек алаңына бір аяқпен тіреледі, ал басқа аяғын – екі шиппен жолға басатындай қылып артқа қарай тірейді.

Старттық сызық бойында жүйрік өзінің артта тұрған аяғының тізесіне тұрып түзу қойылған қолдарын иық еніне қояды. Саусақтар қатты күмбез жасайды. Дененің ауырлығы тірек нүктелері бойынша үйлестіріледі.

«Назарлан!» командасы бойынша спортшы ақырындап аяғын түзетіп артта тұрған аяғының тізесін жолдан көтереді. АЖО-ның жоғарыға және алға жылжуы жасалады.

Дененің ауырлығы жолға деген АЖО-ның кескіні старттық сызыққа дейін 15–20 см жетпейтіндей болып қол және алда тұрған аяққа түседі. Бунақтар колодка алаңдарына тіреледі, дене түзу, иық деңгейінен аздап көтеріледі.

Стартердің командасы бойынша лезде қолмен жүгіру қозғалыстарын бастау керек, қағажып, денені алға-жоғары қарай жіберіп колодкалардан жүгіру қажет. Қағажудан кейін артта тұрған аяқ тізе буынында қатты бүгіліп лезде алға-жоғарыға шығарылады, ал алдыңғы колодкада тұрған аяқ толығымен қарқындалады.

Алғашқы қадамда қағажу бұрышы 40–50° тең. «Назарлан» командасы берілгенде спортшы төменрек отырса, қағыжудың бұрышында жерге қарай жаншиды.

Старттық қарқынның сапасына бірінші қадамдардың орындалу тәсілдері мен ұзындығы маңызды әсер етеді. Тым қысқалары жылдамдықтың жедел ұлғаюын қамтамасыз етпейді, тым ұзындары аяққа сүрініп жылдамдықты ақырындатады. Бунақтың 3,5–4 ұзындығымен старттағы бірінші қадам аяқтың астына-артқа белсенді түсуімен аяқталады және екіншінің аяқтың (4–4,5 бунақ) болымды қағажуына айналады. Ұшу фазасы мен қағажу бұрышы көбейіп дененің тіктелуіне байланысты қадамдар келе-келе улкейеді.

Жүйрік өзінің максималды жылдамдығын 90–95% жеткізгенде старттық қарқын үлкейеді. Бұл кезде дене алға қарай аздап (80º) еңкейеді. Еңкею ұшу фазасында үлкейеді ал жерге қону кезінде азаяды.

Жүгірудің жылдамдығы қозғалыстың рационалды формасына және артықша кернеуден құтыла білуден байланысты. Белсенді қағажыту басты элемент болып келеді. Бүкіл қашықтық бойынша оптималды жылдамдықты ұстау мүмкін емес, сондықтан старттық қарқынның соңында жүгіруді инерция (2–3 қадам) бойынша жалғастыру, содан кейін максималды жылдамдықпен қайта жылжу ұсынылады.

Қарқын қайтадан азая бастағанда 70–80 см кескінде цикл қайталанады. Қолдар жүгіру кезінде шынтақ буынында 90º шамасында бүгіліп ішке қарай алға және сыртқа қарай артқа қозғалады. Қол шашағы кернеленбеген, саусақтар жартылай бүгілген. Алға қозғалған кезде шынтақ буынындағы бүгілу бұрышы азаяды, артқа қозғалған кезде – ұлғаяды. Иықты көтермей қолды еркін ұстау керек. Спринтте мәреліктің бірнеше тәсілдері бар. Кейбір жүйріктер соңғы қадам жасағанда денені алға қарай еңкейтіп қолдарын артқа қарай қояды. Басқалары дененің еңкеюімен бірге, иықтарымен тиіп кетуге тырысып, мәрелік лентаға қырындарымен бұрылады. Ең тиімді деп лентаға лақтыру немесе еңкеюсіз толық жылдамдықтағы мәрелік есептеледі.Жүгірудің алдында бірнеше рет демді алу және шығару қажет. Бірінші қадамнан бастап алдын-ала қойылған демалудың жеке ритміне сүйену керек. Орта қашықтыққа жүгіруге қарағанда демалу жиірек және терең болу қажет. Мәреге жақындағанда жүйрік жиірек демалу керек.

Ұзындыққа бір орнынан секіру техникасын үйрету жетілдіру ,

Ұзындыққа секіру техникасының ретімен, кезектілігін сақтап үйрету, студенттердің оқушының қимыл – қозғалыс кезінде жіберетін кемшіліктерін көре және уақытында түзете білу қабілетінің теориялық деңгейін дамыту.

Секіру секторы шұңқырдан түрады, оған қалыңдығы 20-40 см кем етпей құм төгіледі.

Шұңқырдың көлемі 3х6 метрден кем болмаған жөн.

Шұңқырды спорт алаңының жүгіру жолдары маңайынан ұзына бойына істелінеді. Сабақ басталмас бұрын шұңқыр тұрмауышпен тегістеліп әртүрлі қосалқы заттардан тазартылады.Күрек, сыпырғыш, тырнауыштарды шұңқырдан алысырақ жерге қояды.

Секірудегі итеру тақтайдан итеретін болғандықтан оған жауапкершілікпен қараған жөн, әлсін-әлсін сыпырғышпен сыпырып тазалап тұрмаса әртүрлі жарақаттар алып қалуға мүмкіншіліктер туады.

1.Секіру қатал түрде кезекпен орындалады.

2. Секіріп болғаннан кеін тез шұңқырды босатып кезекті орнына барып түрады.

3.Жүгіретін жолдың көлденең кесіп өтуге болмайды, он жақ жанымен қайту керек.

4. Жүгіретін жолдың тазалығын қадағалау міндетті түрде сақталуы қажет.

Ұзындыққа секіру техникасын үйрету жүгіру және биіктікке секіру техникасын үйрету реттілігі сияқты өзін кезегімен үйретіледі:

1.Ұзындыққа секіру техникасымен таныстыру, «аяқты бүгіп», «керіліп», «қайшылап» секіру.

2.Итеру техникасын үйрету.

3.Итеру техникасын жүгірумен араластыру, яғни жүгірісті итерумен жалғастыру.

4. Жерге қонуды(түсуді) үйрету.

5. Ұшу фазасы кезіндегі қимылдар техникасын үйрету.

6.Ұзындыққа секіру техникасын толығымен үйрету.

7.Секіру техникасын жетілдіруді әрі қарай жалғастыру.



Граната және кіші допты лақтыру техникасынүйрету әдістемесі жетілдіру. Кіші допты және граната лақтыру техникасының кезектілігін сақтап үйрету, жіберетін қателіктерді ескере білуді теория жағынан дамыту.

Лақтыру техникасын үйрету барысында оқушылар төмендегі қауіпсіздіктерді сақтау керек:

Лақтыру кезінде, лақтыру бағытында ешкім жоқ екеніне көзі жеткенне кейін лақтыруды орындау.

Лақтыру кезінде қолынан шығарып алмауға тырысу керек.

Топ болып лақтыру кезінде лақтыратын оқушының сол жағында тұруы қажет.

Лақтыру техникасын үйрету реттілігі:

1.Лақтыру техникасымен таныстыру.

2.Жарақты ұстау және шығарып жіберуді үйрету.

3.Гранатаны (допты) бір орында тұрып лақтыру.

4.Адымдап келіп лақтыру әдістемесі

5.Жүгіріп келіп гранатаны (допты) артқа созуды үйрету.

6.Толық жүгіріп лақтыру техникасын үйрету.

7. Лақтыру техникасын жетілдіру.
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер:

1.Хлодов Ж.К -Теория и методика физического воспитание и спорта 2002-480с 5-7695-0853-1

2.Матвеев Л.П -Теория и методика физической культуры(общие основы теории и методики физического воспитание: теоретико-методические аспекты спорта и професисонально-прикладных форм физической культуры):учеб.для ин-тов физ.культуры.1991-543с

3.Ашмарин Б.А -Теория и методика физического воспитания « Физическая культура» 1990.с -36

4.Ильина В.И -Физическая культура студента 2000с-390

Қосымша әдебиеттер:

1.Ильина В.И -Физическая культура студента 2004с-448



2.Барчуков А.А,Маликова Н.Н- Физическая культура испорт:методология,теория,практика. 2009с-528

3.Глейберман Абрам- Упражнение в парах. Спорт в рисунках 2005г



4.Якимов А.М –Основы тренерского мастерства 2005г

5.Габриелян К.Ермолаев Б.- 500 тестов по дисциплине «Физическая культура» 2006г

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет