«мультипликациялық фильмдердің бала психикасына әсері» Жұмысты орындаған



бет5/8
Дата25.02.2022
өлшемі28,88 Kb.
#133391
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
docx1545588075

2.2 Тәжірибелік бөлім
2.2.1 Сұрақтама нәтижелерінің талдамасы
Біз сыныптағы балалар және олардың ата-аналары үшін ұнамды деп танылатын мультфильмдерді зерттеуді ұйғардық. Ол үшін біз біздің сынып оқушылары және ата-аналарына сұрақтама жүргіздік. Тәжірибеге 20 бала және 15 ата-ана атысты. Сұрақтама талдамасы бойынша барлық балалар және көпшілік ата-аналар мультфильм көргенді ұнатады.
Балалардың жақсы көретін мультиктері «Леди Баг», «Черепашки ниндзя», «Фиксики», «Наруто», «Грозная семейка», «Элвин и бурундуки» т.б.. себебі олар айшық, қарқынды, күлкілі, қызықты, жақсы суреттелген. Көпшілік ата-аналар ескі кеңестік мультфильмдерді атады, «Каникулы в Простоквашино», «Винни Пух и все, все, все», «Ну, погоди!», «Красавица и чудовище», «Цветик -семицветик», себебі олар шынайы, мейірімді, күлкілі, тәрбиелік мәнді, әндері жақсы, жақсылық үнемі жеңеді. Сонымен қатар «Алдар Көсе» мультфильмі аталды, себебі ол Қазақ салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін көрсетеді.
Сонда, мультфильм таңдауда балалар мен ата-аналар пікірлері әр-түрлі болды. Бірақ екі тарап та жағымды, мейірімді мультфильмдерді атады.
Ұнамсыз мультфильмдер деп балалардың көрсеткені: «Человек-паук», «Даша путешественница», себебі олар іш пысырарлық, «Спанч Боб», «Наруто» себебі олардың ақыл-ойы таяз, «Трансформеры», тым қатыгез, мағынасыз, «Винкс», мән-мағынасыз, «Барбоскины» кейіпкерлері жағымсыз, сюжеттері қарапайым.
Ата-аналардың ұнамсыз деп бағалағаны: «Симпсоны» - адамзат деградациясына әкеледі, «Черепашки ниндзя»- агрессивті, адамгершілік тәрбиесі жоқ, «Смурфики» - түсініксіз сюжетті, «Губка Боб» - ақылы таяз, түсініксіз кейіпкер, «Барбоскины» - тым қарапайым.
15% балалар және 10% ата-аналар жауап беруге қиналды.
Сонымен, балалар мен ата-аналардың пікірі мына мультфильмдерге қатысты бір жерден шықты: «Спанч Боб» - ақымақ, «Винкс» - мән-мағынасыз, «Барбоскины» - қарапайым. Сауалнамаға қатысушыларға зорлық-зомбылық, агрессия басым мультфильмдер ұнамайтыны анықталды.
Сұрақ: Қандай мультфильмдерді көргенді ұнатасыз? – 60% бала және 10% ата-ана жауабы – заманауи мультфильмдер, себебі олар айшық, қызықты, мейірімді, заманауи; 15% бала және 75% ата-ана жауабы – ескі мультфильмдер, себебі олардың тәрбиелік мәні бар, олар мейірімді, күлкілі, шынайы, әділеттілікке үйретеді; 25% бала мен 15% ата-ана жауабы – қызықты, мағыналы мультфильмдердің барлығын көреді.
Сонымен, ата-аналар ескі «кеңес үкіметі» мультфильмдерді ұнатса, балалар заманауи мультфильмдерді көреді. Тағы да пікірлер қызықты, мейірімді, күлкілі мультфильмдер жақсы деп тоғысты. 15% ата-ана балаларының таңдап көретін мультфильмдерін қадағаламайтынын айтты.
Қорытынды: балалар шетелдік мультфильмдерді көреді, себебі олар айшық, қызықты, күлкілі және заманауи. Ата-аналар «кеңес үкметі» мультфильмдерді ұнатады, себебі олар мейірімділікке, әділеттілікке тәрбиелейді, зорлы-зомбылығы жоқ, шынайы және күлкілі. Сұралғандардың бірқатарына агрессиясы басым, «ақылсыз» мультфильмдер ұнамайды, бірақ оларды көреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет