«мультипликациялық фильмдердің бала психикасына әсері» Жұмысты орындаған



бет4/8
Дата25.02.2022
өлшемі28,88 Kb.
#133391
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
docx1545588075

Компьютерлік анимация - бұл бүгінгі күнгі ең танымал бағыт, әсіресе 3D мультфильмдері. Олар бейнелерді көлемді етеді.
Сонымен қатар мультфильдерді көрерменіне қатысты бөледі:
ересектерге және балаларға арналған
кеңестік және заманауи
отандық және шетелдік
дамытушы және білім беруші

2.1.3 Мультфильмдердің бала тәрбиесіндегі орыны – психологтер пікірлерін талдау
Мультипликациялық фильмдерді әр жастағы балалар текке ұнатпайды. Балаларға арналған мультфильмдер ғажайыптар әлемі, айшық түстер мен әсерлер мекені. Мультфильмдер өзінің дамытушылық және тәрбиелік мүмкіндіктері жағынан ертегілерге, ойынға, адамдармен ашық қарым-қатынасқа жуық, олар баланың орта, достық, махаббат, жақсы мен жаман туралы көзқарастарын қалыптастырады. Мультфильмдердегі оқиғалар баланың жалпы дүниетанымын дамытып, ойлауы мен қиялын дамытады.
Көптеген психологтердің пікірінше, мультфильмдегі сүйікті кейіпкер –дамытудың күшті тәсілі. Олар балаға қоршаған ортамен қарым-қатынас пен әрекеттестіктің көп түрлілігін көрсетіп, жақсы-жаман қылықтардың эталонын құрайды. Балалар көбінесе, ересектердің әрекет-қылықтарын қайталаған тәрізді, оз сүйікті кейіпкерлерінің әрекеттері мен мәнерлерін қайталайды.
Мультфильм неғұлым айшық, фондары ауыспалы, жарқылды болған сайын соғұрлым баланың зейіні экрандағы әрекеттерге шоғырланып, соғұрлым қабылауы да күшті болады. Кеңес үкіметі кезеңдерде мейірімге толы, достықты, өзара көмек көрсету, адамгершілік, тазалық сақтауды, эдептілікті насихаттаушы мультфильмдер көп еді. Сонда дұрыс дүниетанымға толы, жаман әрекеттер сыналып, жақсылық марапатталатып, төбелес пен кісі өлтіруге орын жоқ ғажайып әлем құрылушы еді. Қазіргі мультипликация әлемі баланы көп дүниеге үйретіп, құрылғылармен жұмыс, заттар құрамы жайлы, адам ағзасының құрылымы туралы пайдалы білім береді.  
Өкінішке орай, бүгінгі көптеген мультфильмдер, әсіресе шетелде жасалғандар психологиялық және педагогикалық тұрғыда сауатсыз жасалған және бала дамуы үшін қауіпті десек те болады. Оларда біреудің ауырғаны күлкілі, қатігездік мейірімділікті жеңіп жатады, біреуге жанашырлық таныту – тиімсіз. Мұндай мультиктер мақсатты түрде қатігездік қалыптастырып, бала психикасын бұзуға бағытталған тәрізді.
Ғалымдар мен балалар психологтерінің пікірлеріне сүйенсек, Д.В. Андрющенко, Н.Е. Маркова, И.Я. Медведева, «зиянды мультфильмдердің» бірқатар көрсеткіштерін атауға болады, ондай мультфильмдерді көруден баланы құтқару қажет.

  1. Мультфильмнің басты кейіпкерлері қатігез, қоршаған айналасына зиян келтіргісі келеді, оларды ұрады, өлтіреді, әсіресе қатігездік әрекеттері бүге-шүгесіне дейін толық сипатталады. Мұндай фильмдерді көргеннен кейін балада қорқыныш, невроз, басқа адамдардың қайғысына енжарлық, қатігездік таныта бастауы, жан ашырлықтың болмауы, агрессивтілік таныта бастайды. ХХ ғасырдың 60-шы жылдары А. Бандураның зерттеулеріне сүйенсек, баланың теледидардан көрген зорлы-зомбылық көріністері агрессивтілікті арттырып, жағымсыз сапаларды қалыптастырады. Сонымен қатар, 8 жасар балалардың агрессивті арналарды көруі олардың 30 жас шамасына қарай жасаған қылмыстық әрекеттерінің алғышарты болады.

  2. Мультфильм кейіпкерлерінің девиантты мінез-құлқы ешкіммен жазаланбайды. Нәтижесінде балада мұндай ауытқыған әрекеттерді жасауға болатындығы туралы ой қалыптаса бастайды.

  3. Бала өмірі үшін қауіпті мінез-құлықтың көрсетілуі. Кейіпкерлер бірін-бірі өлтіріп, терезеден құлайды, достарын ұрады, балағаттайды, тонаумен айналысады... бұл әрекеттер балаларды күлдіруге бағытталған. Мұндай мысалдарды көрген баланың қауіпке деген сезгіштік табалдырығы төмендеп, жарақаттануы ықтимал.

  4. Мультфильмдерде ер және әйел жынысты кейіпкерлердің табиғатына жат қылықтары бала мінез-құлықтың қандай модельі дұрыс екенін ажырата алмай қалады.

  5. Адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге құрметсіздік. Қарттарға, қауқарсыздарға, әлсіздерге жасалған әрекеттердің жазасыздығы мультфильмнің «тәрбиелік» эффектін сипаттап, нәтижесін балаға жақын ересектер сезінеді.

  6. Сәнсіз, тіпті қорқынышты кейіпкерлер. В.С. Мухинаның пікірінше, бала үшін мультяшка-қуыршақтың бет-әлпеті маңызды. Жағымды кейіпкерлер әдемі, ұқыпты, ол жағымсыз кейіпкерлер – керісінше болуы қажет. Барлық кейіпкерлер рөліне қарамастан, бір сарынды қорқынышты, ұқыпсыз болған жағдайда балар олардың әрекет-қылықтарын дәлме-дәл бағалай алмайды.

  7. Ұлттық құндылықтардың теріске шағарылуы ата-ана тәрбиесін жоққа шығарады.

Балалар психологы И.Я. Медведеваның пікірінше, мультфильм таңдауда кітап таңдаудан да мұқият болу керек, себебі көру бейнелерінің балаға әсері әлдеқайда күшті. «Кеңес үкіметі » мультфильдерді алсақ. Олар балаға әлемнің қалыпты бейнесін көрсетеді. Себебі онда үнемі мейірімділік жеңімпаз, ондағы жағымсыз кейіпкер соңында түзеледі, оның қатігез болу себебі достары болмаған, ешкім оны түсінбеген, ешкім жақсы көрмеген. Мұндай әлем сипаты баланың психикасын үйлесімді етеді. Сондықтан да бұл мультфильмдер рухани әлсіз, жарақат балалар үшін пайдалы. Қарым-қатынасқа түсуде кедергісі бар балалар мінез-құлықтың дұрыс жолын таңдауға, дос табуға, жақсы серіктес болуға, өзгелерге көмектесуге үйренеді.
Өте жақсы әрі пайдалы шетелдік мультфильмдер де аз емес, мысалы Диснейлік «Бэмби», «Золушка», «Белоснежка», «Король Лев», т.б. Бұл фильмдерде агрессия, зорлық-зомбылық жоқ, кейіпкерлері көрерменіне тәртіптің дұрыс модельдерін насихаттайды.
Қорытынды. Мультфильм — бала тәрбиесіндегі өте тиімді де табысты құрал, екінші қырынан – оны манипуляциялау, жасырын басқару тәсілі. «Зиянды» мультфиль кейіпкерлерімен ұзақ уақытты қатынас бірқатар адамгершілік тарапында ақауы бар ұрпақ себебі бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет