Данышпан Абайдан бір үзік жұмбақ келтірелік:
Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен?
Шешуі: Темір
Жаңа сабақты түсіндіру:
Жоспар:
Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:
1. Темірдің периодтық жүйедегі орыны;
2. Атом құрлысы (электрон, протон, нейтрон саны, салыстырмалы атомдық масса.)
3. Табиғатта таралуы және маңызы;
4. Темірдің ашылу тарихы;
5. Физикалық қасиеттері;
6. Темірдің геохимиялық қасиеттері;
7. Темірдің биологиялық маңызы;
8. Құранда темір туралы; (дін)
9.Темірдің қолданылуы.
10.Бекіту (деңгейлік тапсырмалар,бекіту сұрақтары,тәжірибе,тест)
Темір периодтық жүйеде:
4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26.
26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон.
4 электрондық қабат, 2)8)14)2), электрондық конфигурациясы
1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2
Тотығу дәрежесі 0,+2,+3, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |