Даттаушы топтың пікірі: Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қазақ тілі деп көрсетілген Ата Заңымыздың 7 бабының 1 тармағынан бастау алады.
Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған «азғын» ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақтай бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін тарихтан кездестіруге болады. Ондай сормаңдай ел бұрыңғы кезде аз болмағандығына тарихта дәлелдер аз емес. Өткен тарихты еске алсақ. Әрідегі отарлық кездің итқорлығын былай қойғанда, кеңес тұсындағы жетпісінші жылдарда қандай еді? Ана тіліміз анық кемсіту жағдайында емес пе еді? Өз жерімізде, одақтас республиканың өз топырағында отырып, бір де бір ресми шара үстінде қазақша сөйлей алмайтынбыз. Өзге ұлттардың өкілдері отырған жерде қазақша сөйлеуге қаймығатынбыз. Ол былай тұрсын қалалы жерлерде қазақ мектептердің жоқтығын айтпағанның өзінде, таза қазақ ауылдарындағы байырғы мектептер де жабылып, жас балаларды бірыңғай орысшаға оқуға көшкен сол жылдардың сорақылығын қалай ұмытамыз? Қазақ тілінің тамырына балта шапқан нақ сол күндер еді ғой. Қазір қалада да, ауылда да өзара өзге тілде сөйлеп жүрген жастар – сол жылдардың түлегі. Соның арқасында шөлейттегі қазақ емес, ең шұрайлы өлкеде, қалаларда қоныстанған орыстар Қазақстанда жетекші ұлтқа айналды.
Теледидарды алатын болсақ, бағдарламары қазақ тілінде өтіп, кейбір дауларды ортаға салып, «Біз қазақ тілінде өтіп жатырмыз» дегендей болып 15 минуттан кейін хабарды соңына жеткізеді. Ал жалпы қазақ тілінде өту арналарда өте сирек беріледі.
Бүгінгі күнде орыс тіл білімінің жетістіктері басшылыққа алынып, олар көп жағдайда қазақ тіл біліміне күштеп таңылып жатады немесе қазақ тіл білімі соған келтіріледі.
Өз ойын теледидардан, ресми кездесулерде қазақша білдіре алмайтын басшылар өздерінің күнделікті жұмыс орындарында қазақша сөйлеп, соны өз қызметкерлерінен талап етеді дегенге кім сенеді? Әлде, тіл білмегендіктен қазақтардың ортасына шығып, жағдайың қалай қазағым деп көрмеген министрлеріміз жоқ па?
Қазақстанда тіл білмейтіндер әлі төрімізде отыр. «Мемлекеттік тіл» десе төбе шаштары тік тұрады, тіпті «ұлтжандымық мәселесін көтеріп отырсың» деп бәле салады.
«Ұлттық тіл тағдырының шешімі табылмаса, өктем ұлттың тілі қашанда жұтып қоюға әзір тұрады» деп біліп, тіл мәселесіне үстірт қарамайық, қазақ тілінің өз деңгейінен жоғарлауын қарастырып шешімін табайық.