Сабақ түрі: Пікір-талас
Әдісі: Пікір алмасу, топтық, жекелей сайыс.
Көрнекілігі: Ұлы адамдардың қанатты сөздері, мақал-мәтелдер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстыру.
Кіріспе сөз
Оқушылардың тілге байланысты ой толғауы.
Пікір-таласқа екі топ қатысады.
1-топ: «Тіл өз дәрежесінде дамуда»
2-топ. «Тіл өз деңгейінде дамымай жатыр» деген көзқарастарды қорғайды.
Қорытынды: Бүгінгі «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты пікір таласымызды қорытындылай келе жақтаушы топтың мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің қаншалықты дейгейде дамып келе жатқанын, қоғамдағы орнын, көптеген қазақша мектептердің көптеп ашылып жатқанын және бүкіл іс-қағаздарының, құжаттардың 2007 жылдан бастап толық қазақ тіліне аударылатынын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Тіл тарихына шолу» атты кітабындағы тіліміз өз орнымен дамып келе жатқанын айтып, дәлелдеп кетті.
Тіл тағдыры болашақ жастардың қолында, біз жастарға сенеміз! Тіл мәртебесін биіктетейік, халайық! Тіл тағдыры – ел тағдыры.
Осы пікір таласты Қожаберген жыраудың «Баба тілі» атты өлеңімен қорытындылаймыз: Баба тілін қадірле,
Болашақтан түңілме!
Айналайын боздақтар,
Аралас тілге үңілме!
Миды оят, жамиғат,
Қазақша алтын, жезіңді.
Қазақша жазбай жүргенді,
Түзет құрып, тізеңді.
Хат жазылсын өзара,
Жетілдір қазақ сөзіңді.
Жат алдыңда ез болмай,
Берік ұста өзіңді!
Кіріспе сөз
Ана тілінің қадір-қасиетін түсініп, ана тілінің қазіргі кездегі дамуындағы жетістіктері мен кемшіліктеріне баса назар аударып, туған ана тілімізді сүйіп, оны құрметтеуіміз қажет.
Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің территориялық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Ал біздің Қазақстан Республикасында ана тілі – қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек деген сөз.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін, - деп С. Торайғыров ағамыз айтқандай енді тіл құдіретін жырлауға ақын-жазушылардың өз ой толғауларын ортаға салуға оқушыларымызға сөз берейік.
1-оқушы сөзі: Ана тілі – бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Ана тілі – біздің өмір бойы өзгелерменұығынысатын негізгі қатынас құралы. Өнерлі, білімді, мәдениетті қоғамның белсенді азаматы болуды біз тіл арқылы үйренеміз. Тіл. Оның ішінде қазақ тілі халықтың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болғандықтан оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрқайсымыздың борышымыз.
Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл – бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде таратады, шығармасын ана тілінде жазып қалдырады.
2-оқушы сөзі: О, туған тіл! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде, қыран құстың жанары да сенде, шымыр ұланның талабы да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде.
Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмаймыз. Ана тілін жетік білу үшін халық ауыз әдебиетін тыңдап, ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларын оқуымыз керек. Сонда ғана адам өз тілінде мәдениетті сөйлей алмақ, сонда ғана сауатты, өз елінің нағыз азаматы болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |