ҚОРЫТЫНДЫ
Ұлттық болмысымызды, ұлттық өнерді қадірлейік.
Қазақ музыкасына арқау болған әр түрлі музыкалық аспаптар заманымызға сай түрленіп, жаңа ұғымда, жаңа мазмұнда пайдаланылып, қазақ өнерін әлемге танытып келеді. Демек, қазақтың музыкалық аспабының қай түрі болмасын көнермейді деген сөз, керісінше ол заман ағымына сай өзгеріп, жаңарып, жаңа туынды ретінде өмір сүреді.
Қазіргі кезде музыка әрлеушілері түрлі музыка жанрларын домбыраға, қобызға және т.б. музыка аспаптарына сәйкестендіріп, ұлттық нақышта, жаңа әр беріп, жоғары талғамда орындалуын көздейді.
Бүгінгі таңда қайта көркейген, жаңа мазмұнға ие болған, өмірімізден өзінің лайықты орнын алған бұл музыкалық аспап, өткеннің ескерткіші ғана емес, күнделікті мәдениетімізді дамытатын, ажарын ашатын, рухани құндылық ретінде сақтауымыз керек.
Саналы адам баласы табиғи дарынымен ерекшеленсе, асыл мұраларамыз ата – бабаларымыздың өнерімен, өнегесімен бағалы.
Домбыра сияқты екі ішекті музыкалық аспап пен гитараның мүмкіндігі зор. Солардың бірі домбырада шетелдік шығармаларды орындау болып табылады. Паганинидің төрт ішекті скрипкасында үлкен қиындықпен немесе басқа да әйгілі шетел композиторларының шығармалары, қазақтың киелі домбырасында оңай және әсем ойналады. Бұл қасиет әрбір музыкалық аспаптың үніне салына алмайды. Мысалы: Моцарттың “Түрік маршы” өте күрделі әрі жоғары темппен орындалатын шығармалардың бірі. Оның барлық вариациясын күйсандықпен ойнап шығу тек қана нағыз шебер адамдардың қолынан келеді. Алайда, қазақтың домбырасында осы іспеттес вариациялар аса қиындық туғызбайды. Осыдан, қазақ ұлтының қос ішекті домбырасында дәстүрлі қазақ композиторларының шығармаларымен қоса, шетелдік шығармаларды да асқан шеберлікпен әсем орындауға болатыны анық.
Ұсыныс:
Қазақ халқының қара домбырасы мен гитара аспабын қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолдану. ( сергіту сәттері ретінде, тақырыпқа байланысты өлеңдерді әнімен айтуға, күй туралы аңыздар тақырыбында, ұлттық аспаптар тақырыбында)
Бұл аспаптарды тек қана тыңдап қоймай, үйренуге болады.
Үйірме сабақтардың бағдарламасына енгізу.
Видеороликтер жинақтау.
Гитара аспабына арналған өңделген шығармаларды жинақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |