Музыка пәні бойынша



бет16/16
Дата13.09.2017
өлшемі4,22 Mb.
#32081
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

КИЕЛІ АСПАП

Қазақтың қобыз аспабында ойнаған қобызшы күйшілерді атап айтыңдар.


Ойлан да айт!
Қорқыт кім?
Қандай аспапты ойлап тапты?

ӨЗ БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР!


    1. Домбыра тектес аспаптарды ата?

    2. Шаңқобыз аспабы қай халықтарда бар?

    3. Қурай аспабын қалай жасаған?

  1. Арфа тектес аспаптар қалай пайда болды?

  2. Не себепті қобыз аспабын қасиетті де киелі санаған?


ІІІ бөлім
Әлем халықтарының музыкалық театры

Біліп ал!
Жапон халқының арасында кеңінен танымал болған Но театрын ерекше атауға болады. Бұл театрдың 600 жылдық тарихы бар. Но театрының ерекшелігі актерлер беттеріне арнайы дайындалған маскалар киетін болған. Ол маскалар әр түрлі көңіл‑күйді білдіреді. Мысалы, қуаныш, ашу, таңдану тағы басқа. Ал музыка көне аспаптарда орындалып, кейіпкерлердің ішкі көңіл‑күйі мен іс–әрекетін айқындауда маңызды орын алған.

.








Вина





Саранги

Табла


Ойлан да айт!
Үндінің қандай аспабы қазақтың домбыра аспабына ұқсас келеді?

ІУ бөлім

Жыр – Опера - Кино
Опера  (итал. орега - дәлме-дәл шығарма, лат. орега - еңбек, бұйым, туынды) - музыкалық өнер жанры. Операның әдеби негізі (либеретто) музыкалық драматургия және ең алдымен вокалдық музыкалық формаларының тәсілдері арқылы өзінің көркемдік шешімін табады. Ол - вокалдық пен аспаптық муз., драматургия, хореография (балет) және бейнелеу өнерінің (декорация, костюм) бірлестігінен туған театр шығармасы, яғни осындай әр түрлі өнер түрлерін біртұтас театр әрекетіне біріктіретін синтезді жанр. Жеке айтылатын ән (ария, ариозо, каватина, монолог, баллада), речитатив (тақпақ сазды қысқа әуен), ансамбль (дуэт, трио, квартет, квинтет), хор көріністері, би, оркестрлік нөмірлер (увертюра, антракт) опералық музыканың түрлеріне жатады.

Жыр (көне түркі тілінде - иыр)

1) кең мағынада, поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Көне түркі тіліндегі "иыр" сөзі де қазіргі "поэзия" терминінің мағынасында қолданылған. Бұл атау дәл осы мағынада қазірғі қарақалпақ, қырғыз, ноғай, қарашай, балқар, башқұрт, татар, тағы басқа түркі тілдерінде әлі күнге дейін қолданылады;

2) тар мағынада - қазақ халық поэзиясындағы 7 - 8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро эпостык жырлар, жоқтаулар, жыраулар поэзиясы, толғаулар, термелер, тағы басқа түгелдерлік поэзияның осы өлшемдегі үлгісіне құрылған. Поэзиядағы бұл жанрды жазба әдебиет өкілдері де (Абай, С.Торайғыров, тағы басқа) орнымен пайдаланған. Буын санының бірқалыпқа түсіп тұрақтануы - Жыр жанры дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған құбылыс. Ежелғі замандардағы Жыр өлшеміне аралас буын тән болған. Мұндай өлшем қазақ халкының толғауларында, ногай халқының йырларында, башкұрт халқының қобайырларында, қырғыз халқының санатында сақталған.

Кино(гр. kіneo – жылжытамын, жылжимын), кино өнері — өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. Фильмді жа-сауға әр алуан мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор, продюсер, каскадер, экономист, менеджер, т.б. қатысады. Фильм жасауда кинорежиссер жетекші рөл атқарады. Сондай-ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы мамандар да (инженерлер, техниктер, лаборанттар мен өзге қызметкерлер) үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады.

Кино, негізінен, 4 салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі, мультипликациялық және ғылыми-көпшілік кино. Көркем фильм кино өнерінің негізгі және кең таралған түрі. Ол әдеби шығарма желісі немесе арнайы жазылған сценарий бойынша актерлердің қатысуымен жасалады. Деректі киноға тарихта, өмірде болған мәні зор оқиғаларды баяндайтын фильмдер мен киножурналдар жатады. Мультипликациялық кино суреттер мен қуыршақтарға қимыл бере отырып жасалады. Ғылыми-көпшілік кино — жұртшылыққа жаратылыс пен әлеуметтік құбылыстарды ұғындыратын, өнер сырларымен таныстыратын фильмдер жиынтығы. Қазіргі заманда жарнамалық кино өндірісі кең тарап отыр. Сондай-ақ кино тарихында жалпы халыққа арналған фильмдермен қатар эксперименттік фильмдер де түсіріледі. Фильм жасау, оны көпшілік қауымға көрсету ісі шебер техниканы, қыруар қаржыны талап етеді. Әсіресе, фильм түсіру, жасау әрі оның көшірмелерін көбейтіп басып шығару аса күрделі процесс. Монтаждау — кинематографиялық шығарманың бар істелген жұмысын тиянақтайтын кезең. Бұл процесс кезінде монтаждалатын кадрлардың ұзындығы (метражы) белгіленеді. Соның нәтижесінде фильмдегі оқиғаның логикалық жүйесі анықталады.


Күй— музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, Күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй -қазақ,қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М.Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.

Күй XIV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңыз-ертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға қүрылып, көбіне бағдарламалы түрінде дамыды. Онда халықтың басынан өткен тауқымет мен әділетсіздікке қарсы күресі, азатөмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек-бояуын тапты. Күйдің мелодиялық-формалық құрылысы, ырғақтық-орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы, Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді, ал Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық-лирикаға негізделген, Тәттімбеттің күйлері әуейі әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді.



Тест тапсырмалары


  1. Айтыс деген не?

А) Екі ақынның өлең сөзбен жарысуы

Б) Ән айтып жарысуы

В) Күй тартыс арқылы айыс

2 Түре айтыс деген не?

А) Бұлжытпай қайталап айту

Б) Ақындардың қысқаша айтысуы

В) Ұзақ айтысуы

3 Ұйқас сөз дер деген не?

А)Қара өлең

Б) Қара сөздерден жасалған сөздер

В) Дыбыс үндестігінен жасалған сөздер

4 Қара өлең деген не?



А) Он бір буынды өлең түрі

Б) 7-8 буынды өлең түрі

В) 5 буынды өлең түрі

5 Ақтамберді жыраудың соғысқа аттанып бара жатып айтқан жыры қалай басталады?



А) Құлаты тауға қол салып

Б)Жұртынан шауып бостырып

В)Майданда дабыл қақтырып

6 Бұқар жырау қай ғасырда өмір сүрген?

А) ХV

Б) ХVІІІ

В) ХVІ


7 Базар жырау қай өңірдің жырау-жыршысы?

А) Сыр бойы өңірі

Б) Батыс өңірі

В) Арқа өңірі

8 Ақтан жырау қай ғасырда өмір сүрген?



А) ХІХ

Б) ХV


В) ХVІ
9 Түркіменнің ұлттық аспабы қалай аталады?

А) Дутар

Б) Саз


В)Қомыз

10 Жетіген тектес аспап



А) Чаткан

Б) Игил


В) Қыяқ

11Киелі ысқыш аспап



А) Кобыз

Б) Лира


В) Цинь

12 Түркі халықтарының үрлемелі аспаптары

А)Сазсырнай

Б) Сыбызғы



В) Мүйізсырнай

13 Ерте заманда ұрмалы асапатарды не үшін пайдаланған?



А) Жауға қарсы шыққанда

Б) Тойларға көрік беру үшін

В) Ойындарға

14 Қандай халықта Но деп аталатын театр бар?



А) Жапон

Б) Үнді


В)Түркі

15 Үндінің би өнерінде неше түрі сақталған

А) 2 түрі

Б) 4 түрі

В) 3 түрі

16 «Маком» жанры қандай халықта сақталған?

А) Ислам халықтарында

Б) Орыс халықтарында



В) Жапон халықтарында


Пайдаланған әдебиеттер:


  1. «Мұрагер» оқулығы, әдістемесі




  1. Педагогика: оқу құралынан үзінді




  1. Айтыскер ақындардың суреттері «Егемен Қазақстан» газеттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет