«музыкалық білім» кафедрасы


Органға арналған шығармалар



бет2/8
Дата05.06.2017
өлшемі1,09 Mb.
#18046
1   2   3   4   5   6   7   8

Органға арналған шығармалар.


Орган ертедегі египет, рим, грек елдерінен келе жатқан үрлеп ойналатын клавиштық аспап. Бұл аспап, бұрынғы кезде шіркеу әндерін орындауға, кейіннен “жеке орындау” аспабына айналды. Қазіргі органның құрылысы бірнеше мың ағаш және метал трубалардан тұрады. Аспаптың жеті қатары қолға арналған клавиатурадан, ал аяққа арналған 32 клавишадан тұратын клавиатурасы бар. Органның клавишалары трубамен байланысып тұратын үлкен музыкалық аспап, дыбыстары өте күрделі, кейбір рычагін басқанда, әртүрлі аспаптық дыбыс бояуын беріп, оркестірге айналып кетеді. Сондықтан, бұл аспапта ойнау өте қиын, шеберлікті керек етеді. Орган Бахтың сүйіп ойнайтын аспабы болды. Бах осы аспапқа арнап көптеген музыкалық шығармалар жазған. Олар: хорал, фантазия, фуга, соната т.б. шығармалары.150-дей хорал жазған. Хорал-ескі діни ән ( немістердің мелодиясынан алынған), хорал негізінде төрт дауысты болып келеді

Хоралдық прелюдия фа минор

. Фортепианоға (переложение-ауыстырып), қалыптастырып жазған. Жұмсақ лирикалы характерде жүреді. Негізгі әүен, жоғарғы дауыста- Бах гобой аспабына беріп тұрғандай әсер қалдырады. Саспайтын төменгі дауыстың салмақты қозғалысымен, негізгі әүенгі-сазға жұмсақ, тереңдік сезімін береді. Бұл шығарманың ерекшілігі, Бах шығарманың дауыстық стилін, аспаптық стилге, фортепиянамен орындауға ауыстырып жазғанында. Бұл жаңалық, сол кездегі үлкен өзгеріс болып есептеледі.



ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

Бет 9__

Клавиралық шығармалары.

Аспаптық шығармаларды немесе вокальдық шығармашылығындағы ансамбілдік аккомпониментті фортепианоға ауыстыру. Бах полифониялық шығармалардың ғаламат шебері. Ол көптеген шығармаларын полифониялық мазмұнда жазған.

Полифония”- грек сөзі, көп дауысты деген мағнаны береді. Әрбір дауысы, өзбетімен жеке дамиды. Алдымен 1-ші дауыс орындалып, соңынан 2-ші, 3-ші, 4-ші дауыстар бірін-бірі жалғастырып, бір-бірімен байланысып кете береді. Мұндай әдісті “имитация” дейді. (Латын тілінде имитация- еліктеу (подражание) мағнасын береді.)

Негізгі дауыстың алма-кезек басталып, әрбір дауыс, алдыңғы дауысты алып кетіп, негізгі әүенді қайталап отырады.


Инвенциялары.


Имитациялық (жоғарыда айтылды) стильде жазылған, көбінесе екі дауысты болып келеді. Барлығы он бес шақты.

Инвенция –латын сөзі, бұрын болмаған жаңа ойнаудың стилін жасау, немесе “ойдан шығару” деген сөздің мағнасын береді.

Инвенцияның негізінде жазылған шығарма қысқа, өте сазды тақырып болып келеді.



До мажорлық инвенция.

Полифониялық мазмұнда жазылған, негізгі әүені, шығарманың басында бір дауыспен жүреді. Ары қарай жоғарғы дауыста келе жатқан әүені, октава төмен ойналып, оны екінші дауыс алып кетеді. Екінші дауыстың басталуымен, бірінші дауыс қозғалысын тоқтатпайды, ол тақырыпқа өң беріп, енді өзі басқа дауыс болып кетеді. Осындай бірінші дауыстың жалғасын табуын- ықпалдас деп атайды.

Егер инвенцияда музыкалық ой-негізгі тақырып, ешбір дауыста байқалмай өтсе, оны “интермедия” дейді. Ол негізгі темалардың аралығындағы қысқа тақырып (латын сөзі- ”аралық”,между”.) Екінші тақырыптың аралығын жалғастыратын қысқа тақырып.

ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

Бет 10__

Бахтың француздық және ағылшындық сюиталары .

Бах алты француздық, алты ағылшындық сюита жазған.



Сюита- француз сөзінен “қатар” бірінен соң бірі деген реттік ұғымды береді.Сюита бір идеяға бағындырылған, әртүрлі пьесалардан құрастырылған музыкалық шығарма.

Француздық сюита до минор.

Сюитаның негізінде төрт билік музыка жүреді. Олар: аллеманда, куранта, сарабанда, жига. Ал сарабандамен жиганың аралығында қосымша билік пьесалар келтіріледі. Олар: менуэт, гавот, бурре сияқты.



  1. Аллеманда. 16-шы ғасырдан белгілі 4/4 өлшемдегі, ескіден келе жатқан неміс биі көп адаммен билейді. Аллеманда биін асықпай, жұмсақ жүріп билейді. Тональдығы до минор. Негізгі әүен жоғарғы дауыста өтеді. Би қысқа тактыдан басталады.

  2. Куранта. 3/4 өлшемдегі ширақ жүріп биленетін француз биі. Бұрынғы кезде екі адам бірігіп билеген. До минорда жүреді, қысқа тактыдан басталады.

  3. Сарабанда. 3/4 өлшемдегі ескі испан биі,өте ақырын, сап түзеп келе жатқан шеру қозғалысын білдіретін би. Бұл бидің музыкасын кей кездерде қайғылы кезендерде, үлкен атақты адамдарды жерлеу кезінде де ойнаған. Жоғарыда ескертілген до минор сюитасында, сарабанда мен жиганың аралығында ария мен менуэт ойналады. Басында ария ән деп аталса соңынан бұл оркестр мен дауысқа арналған өте күрделі композицияға жұмсақ, кең әнді пьесаға айналады.

  4. Менуэт. Ескі француз биі. Екі бишінің алда отырған көрермендерге, бас иіп, қол соғып жүргендей қозғалыспен биленеді. Асықпай, жәй сәнмен.

  5. Жига. Ескіден келе жатқан халық биі. 17-18-ші ғасырларда Англияда, Ирландияда, Шотландияда көп тараған би. Англиялық жига –матростар билейтін би. Өте тез қимылды, көңілді биленеді. Ритімінің топ триоль; өлшемі 3/8, 6/8, 9/8, 12/8. Ал до минордың жигасы шапшаң, пунктир ритм басынан аяғына дейін музыкаға қатаң характерді береді. Жига екі дауысты, өлшемі 3/8 осындай бөлек-бөлек билерден тұрса да, барлық билер өзінің негізін тональдығы до минорда жүреді. Бұл билердің контрастылығын, және байланыстылығын көрсетеді.

Х.Т.К-ның 1-ші томынан прелюдия және фуга до минор.

Бахтың музыкалық көркем шығармашылығының ішіндегі ең құндысы. 48 прелюдиядан тұратын және фугадан тұратын Х.Т.К-ның 1 және 11 том жинағы. Ол клавиштік аспапқа үлкен өзгеріс жасады. Себебі, ол кезде аспаптарда музыкалық дыбыстардың біркелкі теңдігі (строй) реттігі болмаған.Октавада, интервалдық тең құрам сақталмаған. Мысалы: до-ре-ми-фа; соль-ля-си-до. Сондықтан, көп кілт белгісі бар тональдық шығармалар, таза орындалмаған. Осындай кемшіліктер,композитор-



ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

Бет 11__

лардың шығармаларын орындауларына өте көп қиындықтар туғызған.

Ал, Бах әр “1 октава” өзара тең 12 жарты тоннан тұратынын, жарты тон қосылымдарынан 12 мажорлық, 12 минорлық тональдықтар құруға болатынын және осы 24 тональдықтың барлығы бірдей “тең” дыбыыс беретінін, шығармалар жазуға қиындығы жоқ, қолайлы екенін дәлелден беріп, атақты 48 прелюдия мен фугадан тұратын, Х.Т.К- ның 1-ші және 11-ші том жинағын жазған.Прелюдия мен фуга бірігіп, 2 бөлімді полифониялық мазмұн жасап, бір-бірімен іштей байланыста болып келеді, және тональдықтары да біреу. Мысалы: прелюдия және фуга до минорда (Х.Т.К-ның 1-ші томынан). Прелюдия өзінің біріңғай темп, қатал ритімімен музыкаға үлкен қозғалыс екпінін береді. Екінші жартысында біріңғай темп, арпеджиолық пассажға ауысады. Соңынан қозғалыс тоқтап, вокалдық шығармада, сөзбен айтылатынын еске салатындағы эпизодпен жалғасады.

Тындаушыға ой салып, бастағы әдістердің барлығы, музыканы өңдеп шаттықты көтеріңкі көңілмен автордың “ойлы” сөзін жеткізгендей жоғарғы кульминацияға жетеді. Соңынан, қорытындылау тақырыбына ауысады. Прелюдияның соңғы дыбысы, мажорлық терцияда өтіп, шығарманың біткенін бекітеді. Ары қарай, прелюдияға ұқсас фуга күйі жалғасады.

Фуга латын сөзі-“жүгіру”-бег. Бір дауыс, келесі дауысты қуып отырғандай немесе келесі дауысқа жауап бергендей. Фуганың негізінде бір-ақ тақырып болады. Ол бірнеше 2,3,4,5 дауыстарға бөлініп кетуі мүмкін.

Фуга до минор үш дауысты. Фуганың дауыстары хордағыдай сопрано, альт және бас болып бөлініп кетеді. Ортаңғы альттық дауыста негізгі тақырып до минор тональдісінен басталады. Негізгі тақырып экспозиция деп аталап, екінші ортаңғы бөлімімен бірнеше өңделіп (разработка) ми бемоль мажорға ауысады. Қайтадан бастапқы тональдікке фуганың үшінші бөлімі,реприза- қайталау деп аталады. Мұнда тақырып, до минорға толығымен көшіп, шығарма аяқталады.




ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

Бет 12_

Тақырыптың аты: ФРИДРИХ ГЕНДЕЛЬ

Сабақ мақсаты: Гендель шығармашылығының мәнін ашу, әсіресе ораторияларымен жақын танысу.

Негізгі сұрақтар, тапсырма: Сабақ материалдарының тезистік берілуі: Неміс композиторы Георг Гендель 1685 ж. Галле қаласында дүниеге келіп 1759 жылы 04.14. Лондонда өмір сүрген. Европадағы аса ірі опералық композиторлардың бірі. Гендель 40-тан аса операның авторы. Ол опера жанрында батырлық және тұрмыстық бейнелердің музыкалық мінездемелерін тереңдетіп вокалдық түрлерімен оркестрді байыта түсті. Монументті эпика-драмалық жанрдағы классикалық оратория тудыруда Гендельдің суреткерлік еңбегі ерекше орында. Отыздан астам оратория жазған композитор “Израильдік Египетте”, “Иуда Макковей”, “Самсон”, “Мессия” сияқты библиялық сюжеттерге жазған шығармаларында бұқара халықтың ұлылығын тұңғыш рет мадақтады. Гендель өз творчествосында неміс полифониясы мен алғашқы хор өнерінің дәстүрін одан әрі дамытқан суреткер. Композитор аспаптық музыкаға да үлкен үлес қостыГендель неміс қауымының төменгі табынан шыққан, ата тектері қол өнерші кәсібімен айналысқан . Әкесі шаштаразы-хирург болатын. Жеті жасында ол өзінің орындаушылығымен таңқалдыра алды. Ал он жасында алғашқы шығармашылық тәжірибесі басталса, он екі жасындағы бірінші концерттік сапары Берлин қаласында болды. Гендельдің әкесі ұлының өмірінің музыкамен байланысын ұнатпады. 1697 жылы әкесі қайтыс болды. Әкесінің аманаты бойынша Гендель университеттің заң бөлімін бітіреді. “Страсти по Евангелию от Иоанна” –атты алғашқы ораториясын, “Альмира”, “Нерон”,”Веселая вдова” операларын жазды.1706 жылы Италияда “Родриго”, “Агриппина” опералары жазылады және А.Скарлатти, А.Кореллимен танысады. 1710 жылы Ганновер қаласына келіп, сарай капельмейстер қызметіне орналасады. 1730 жылдары “Поро”, “Ариадна” атты ең жақсы шығармаларын жазды. 1750 жылы Гендельдің еліне Галле қаласына саяхатты, соңғы сапары болды. Ол жанарынан айырылады. 1759 жылы қайтыс болды.

Ораториялар.

Гендель ораторияларының сюжеттерін әр түрлі саладан құрастырады. Олар: тарихи, арғы көнеден /көбінесе көне грек, көне римнің қоғамдық құрылысы, мәдениеті, көркем өнерлері туралы/, киелі кітаптағы рухани кейіпкерлерден жиналды. Асқан атақты шығармалары киелі кітаптан алынған. Олар: “Саул”,”Израиль в Египте”, “Самсон”, “Мессия”. Өзінің ораторияларының жоғарғы деңгейін, шыңын көрсету мақсатында концерттерде, эстрадада орындап, жаңа ғұрыпқа көшті. Эстрадалық концерттерде киелі ораторияларды орындала бастады.





ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

Бет 13__

Гендельдің бар назары кейіпкерлердің тағдыры емес, халықтың тұрмыс- тіршілігінде еді жалғыс дауысты Seria операсынан өзгеше ораторияларының өзегі- негізі хор болып табылады. Бұл халықтың ойы мен көңіл-күйін жеткізетін түр ретінде қолданылды. “Самсон”.Музыкалық драма, киелі кітап бойынша драма- концерт. Самсонның аңызын драмалы түрге айландыру: оқиға, көңіл күй, басты кейіпкердің қиналысы, сол кейіпкердің өз ауызынан, речитативтен, ариядан, дуэттен және хор арқылы беріледі. /Речитатив- әнді музыкалық шығарманың, операның әндетіліп айтылатын бөлімі/. Дауласудың құрылысы: өшпенділік, жауласқан екі ел –израильдіктер және филистимляндар. Кейіпкерлері: Самсон, әкесі Маной, филистимляндық Далида, Миха, Харафа. Аңыз бойынша Самсон елден ерекше жаратылған, күшінің бәрі шашында, тәңірдің таңдаған құлы еді. Самсон осы күштілігімен израильдіктерден көрші елі, жаулары, филистимляндіктерді қорқынышта ұстады. Әйелі Далида Самсонға сатқындық жасады. Самсон ұйықтаған кезде шашын ұстарамен қырып тастады. Бір сәтте бишара болған Самсонды жаулары байлап тастады да, екі көзін ойып алып, өзін зынданға тастады. Оның халқы құлдықта қояды. Бірақ Құдай филистимляндар кек алу үшін Самсонға тағы бір рет қайрат берді. Ол былай болды. Филистимляндар үлкен ғибадатханада Самсонды жеңген тойын тойлап жатқан болатын. Олар Самсонды мазақ етпек болып, оны зынданнан алдырды. Су қараңғы соқыр Самсон өздігінен жүре алмайтын болған соң, оны бір бала жетектеп әкелді. Ол баладан Самсон үйді ұстап тұратын тіреуішті алып, “Баршы, мен соған сүйеніп тұрайын”- деді. Самсонның мүсәпір түрін көрген филистимляндар шаттана қуанып, ғибадатхананы бастарына көтерді. Олардың бұл қуанышын естіген Самсон Құдайына зар жылады: “Уа, Тәңір, мені де есіңе алып, менің бұрынғы күшімді ең болмаса бір рет берші?” –деді.

Сол –ақ екен, о, ғажап, оған бірден баяғы күші оралды. Ол өзін бұрынғы Самсондай сезінді. Ол жұлқына барып ғибадатхананың төбесін ұстап тұрған екі тіреуішті өзіне қарай сілкіп қалғанда, тіреуштер шорт сынып, ғибадатхананың төбесі Самсон мен филистимляндардың үстіне гүрс құлады. Самсон осылай қаза тапты, өзімен бірге жауларын да ала кетті. Оның ерлігі Израиль еліне бостандық әкелді. Бірінші бөлімнің алдында үш бөлімді увертюра.



Біріншібөлім Драманың басталуы. Екі қарама-қарсы лагердің өшпенділігі. Самсонға мінездеме.

Екіншібөлім. Жаңа кейіпкерлер: Далида, жауынгер Харафа. Аралығындағы шиленіс. Үшінші бөлім.

Драманың шешілуі. Дагон Құдайға арналған мейрам. Ғибадатхананын қирауы және Самсонның қазасы.Салтанатты қортынды: “И свет явился вдруг”. Израильдіктердің хоры сабырлы да сазды, үйлесімді, ерлікке толы, айбынды ұлылықтан тұрады. Ария Самсон “Вечная ночь”. Хор “Дай слепому герою силу”. Харефа –комедиялық бейне. Марштық ритм. Далиданың музыкасы –көркем де әсем.



ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

Бет 14__

Тақырыптың аты: ЙОЗЕФ ГАЙДН.

Сабақ мақсаты: шығармашылық стилін анықтау.

Негізгі сұрақтар, тапсырма:

  1. Гайднның балалық және оқу жылдарын айтып шық.

  2. Гайднның жұмыс істеп, өмір сүрген қалаларын айтып шық.

  3. Эйзенштад қаласында қандай шығармаларын жазды.

  4. Қай қалаларға Гайдн өз концертымен баруға мүмкүншілігі тиді.

  5. Өмірінің соңғы кезеңдерінде композитордың жазған шығармаларын атап бер.

  6. Гайдн оркестірінің құрамы.

  7. Вариация дегеніміз не?

  8. Негізгі мен жалғас партия, өңдеу, реприза, финал дегеніміз не?

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:

Венаның классикалық мектебі өкілдерінің бірі, аспаптық музыкадағы классикалық стильдың негізін салушы. Өзінің алғашқы квартеттерін 18-ғ-дың 50 жылдарында, алғашқы симфонияларын 50-60 жылдары жазса, 90 жылдары бұл жанрларды шыңына жеткізеді. Композитор өз творчествосында көп ұлтты Австрияның музыкалық фольклорын емін-еркін пайдаланды. “Жыл мезгілдері” ораториясында шаруа еңбегін мадақтап, табиғат көріністерін шебер суреттейді. Австрия Рорау ауылында тұған Гайдннің жанұясы өнерге өте жақын болатын. Бала кезінде ол шіркеу хорында Гайнбург қаласында, сосын киелі Стефан соборында-ғы кафедрада хоровой капеллаға қатысты.

1761 жыл бай венгер князі Эстергазі Йозіфті капеллаға жетекшілікке Эйзенштад қаласынна шақырыды, онда ол 30 жыл жетекшілік қызмет атқара отырып, оркестірді басқарды, және ол көптеген симфония, опера, квартеттер жазды (“Медведь”, “Детская”,” Школьный учитель”.)

1786 жылы оның аты бүкіл Англияға, Францияға, Россияға әйгелі болды, осы жылдары алты симфония жазды, бірақта княздің келсімінсіз он жарыққа шығаралмады. 1791 жылы Гайдн 60-қа толды, сол уақытта князь Эстергази қайтыс болды, Эстергазінің баласы, капелланы тарқатып жіберді.

Ақырында өзінің концертімен Англия баруға мүмкүншілік тиді. Бірінші рет ол теңізді көрді. Осы жылдары ол- 12 симфония жазды- “Лондондық симфониясы”, екі оратория-“Сотворение мира”, “Времена года” және ол Бетховенмен танысты. Өзінің соңғы жылдарын Венаның жанында өткізді.

1809 жылы Гайдн қайтыс болып, Вена қаласында жерленді.



ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

Бет 15__

Ми бемоль мажорлық симфония Литаврда, тремоламен ойналатын симфония деп атаған. Бұл “12 Лондондық симфониялардың” ішіндегі ең бір көрнекті симфониясы. Ол төрт бөлімнен тұрады. Негізгі тақырып неміс, хорват әуеніне жазылған.

1 бөлімі. Ақырын жүретін кіріспе әуенмен (тремоламен литаврмен аспабында ойнаумен басталады.) Тақырыбы басыңқы құпия дауыспен жүреді де, соңынан көңілді партиясының тақырыбы мерекеге жеткізеді. Ал көмекші партия өзінің билік характерімен негізгі партиядан кенет шығып өзгеріп кетеді де, си бемоль мажорға ауысып, өзінің жеңіл сәнді әүенімен қалады.

2 бөлім. Анданте (ақырын), вальстық аккомпониментіндей қозғалыспен жүреді. Бұл бөлім, негізгі көмекші тақырыпқа вариация жасайды. Вариация -басты негізгі теманың, бірнеше рет өзгеріп қайталануы.

3 бөлім. Менуэт, билік характерде көңілді жылдам жүреді.

4 бөлім. Финал, тез, жеңіл билік әуенмен жүреді. Симфонияның барлық төрт бөлімі ақ жарқын көңілді шаттықпен бітеді.

Гайдн оркестірінің құрамы.

Оркестірдің құрамына аспаптың төрт түрі кіреді.



  1. Ішекті аспаптар тобы. Негізгі әуенді ойнайды, олар: скрипка, альт, виолончель, контрабас.

  2. Ағаштан жасалған аспаптар тобы, олар: флейта, гобой, кларнет, фагот.

  3. Үрлеп ойнайтын жез аспаптар тобы: валторна, труба.

  4. Соғып ойнайтын тобы: литавра

Симфония –ол циклдық шығарма. Циклдық шығарма әр түрлі көңіл-күйді көрсете алады, “симфония”-дегеніміз үйлесу сәйкес келу, 18 ғасырдан бастап симфония өз алдына дербес концерттік шығармаға айналды үні өте кең, масштабы жоғары, үлкен аудиторияға арналған.

Соната ми минор.

Гайднның сонатасы симфония сияқты көп бөлімді шығармаға жатады. Жалпы Гайдн шығармаларының, ішінде сонатасы да классикалық ерекшелік толығымен бекітеледі. Сонатаның 1-ші бөлімі “симфониядағы” сияқты сонаталық түрінде. 2-ші бөлімі жәй ақырын, 3-ші бөлімі финал қайтадан тез, шапшаң қалыппен ойналады. Әр бір бөлімі бір-бірімен байланысты жүреді.1-3-ші бөлімдер ұқсас, жылдам темппен, бастапқы тональдықта қалады. Жалпы сонаталары 3-бөлімді болып келеді. Гайдынның ми минор сонатасы белгілі көркем музыкалық характердегі шығарма.1 бөлім. Престо (өте шапшаң). Сонаталық аллегро формасында жазылған. Екі тақырып бірі-бірімен байланысты тақырыбын кеңейтіп, мазмұнын көркемдейді. Экспозициядағы тақырыптар байланысы мынандай: негізгі партия мен жалғас партиясы- ми минор тональдықта жүреді. Екі тақырыптың арасында жалғастырушы партия параллель





ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

Бет 16

мажор соль мажорда жүреді, негізгі музыкалық фразаның қайта-қайта қайталануы 1-ші бөлімнің аяқталуын байқайтын “қортындылау” партиясын жеткізіп, сонатаның экспозициясың аяқтайды.

Өңдеу- тақырыбында экспозициядағы тақырыптар өңдеу бір неше тональдыққа ауысып, регистірлері динамикалық күштері өзгеріп қайшылыққа түседі.

Реприза- экспозициядағы тақырыптар тағы өзгеріп, қайталанып, бастапқы тональдыққа қалады.

2 бөлім. Анданте. Ақырын орынықты жүреді. Алдағы ашық күн, жақсылыққа сену, ой-арман сүреттеледі. Тональдығы соль мажорға ауысады. Анданте музыкалық байланысы жоқ.

3 бөлім. Финал. Музыкасы шапшаң ұшқыр, өткір ритімде, билік характерде жүреді. Финалдың музыкалық құрамы, рондоға ұқсас негізгі тақырып үш рет қайталанады.

Тақырыптың аты: ВОЛЬФГАНГ АМАДЕЙ МОЦАРТ

Сабақ мақсаты: симфонияларының мәнін ашу. Стиліне анықтау. Негізгі сұрақтар, тапсырма:

  1. Австрия елінің композиторы Моцарт қандай шығармашылықтың авторы?

  2. Моцарттың балалық өмірі, бірінші концерттік саяхаты.

  3. Композитордың бастапқы жазған шығармалары қандай?

  4. Моцарттың Зальцбургтегі қызметтері қандай болды.

  5. Моцарттың Венадағы өмір жолдарымен еңбек жолдары, және ең соңғы шығармасының аты не?

  6. “Свадьба Фигаро” қай жылдары жазылды?

  7. Оның негізі, қай шығармадан (көркем әдебиет) алып жазылған?

  8. Операға арналған увертюралардың (кіріспе) құрылысын айтып шық.

  9. Увертюра дегеніміз не?

  10. Рондо дегеніміз не?

Сабақ материалдарының тезистік берілуі:

Моцарт-Австрия елінің композиторы. Барлығы 35 жыл өмір сүрді. Көптеген шығармалардың авторы: 50 симфония, 19 опера, сонаталары, квартет-квинтеттер. “Реквием”- ( көп бөлімді, қайғылы, уакиғаға байланысты жазылған, хорға арналған шіркеуде хормен орындалады). Ен соңғы күндеріндегі опералары: “Свадьба Фигаро”, “Дон Жуан”, “Волшебная флейта”. Моцарт 1756 жылы ескі қалашық Зальцбургте туған. Әкесі музыкаға жақын адам, баласының талантын ерте байқаған ол, бірден музыкаға баулый бастайды. Үш жасынан бастап клавесинде ойнайды, төрт жасынан аса, аспапқа концерт жазады. Алты жасында әкесімен екеуі ел аралап концертер береді- Мюнхен, Вена, Париж,



ПОӘК

042-18.1.32/02-201

Ред. № 1. 29.08.2014ж.

Бет 17__

Лондон Европа елдеріне келеді. Ал қайтар жолдарында Амстердам, Гаагра, Женева осы сияқты үлкен қалаларда болады. Концерттері алты сағат болатын, баласының үлкен жетістігіне қарамастан әкесі жалықпай ойната берген. Кішкентай виртуоз композитор Моцарт бүкіл Европа елдерін сілкіндіреді.

1766 ж. Моцарттың жан ұясы Зальцбургке қайтып оралады. Көптен күткен демалысы ұзаққа бармайды.

1769-71 ж. Италияда үш жыл әкелі балалы Моцарттар бүкіл Италия қалалары Рим, Милан, Неаполь, Венеция, Флоренцияда болады. Жарты жылда опера жазды. Өзінің күшті еске сақтау қасиетімен қатар, есту қаблеті Италияны таң қалдырады.

Моцарт қайтадан өз еліне келеді. Бірақ туған елі оны дұрыс қарсы алмайды. Моцарт жаңа шығармашылық жолға түседі, ол үшін 22 жасында Парижге келеді.Осы қалада өзінің 5-ші сонатасын жазады. Бұл кезде Мюнхенде Моцарттың операсының қойылымы өтіп жатқан. Енді Моцарт Венаға кетеді.

1781 ж. Моцарт Венаға келіп, өмірінің ақырына дейін осында тұрады. Бұл жылдарды “еңбек шыңы” деп айтуға болады.

1788 ж. Үш үлкен симфониясын жазады. Осы жылдарда Гайднмен танысады.

Ең соңғы шығармасы “Реквием”.

Моцарт 1791 жылда қайтыс болады, кедейлер зиратына жерленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет