Соната ля мажор.
1779 ж. Парижде жазылған. Барлығы үш бөлімнен тұрады.Үш бөлімі де ақ жарқын, көңілді күйде жүреді.
1 бөлім “Вариацылық түрінде” жазылған. Вариациялық түрінде, сонаталық аллегродан айырмашылығы, мұнда бір ғана тақырып өңделеді.
Сонатаның бірінші бөлімі әуенді, билік сыйпатында жүреді. Өлшемі 6/8, бұл өлшем, әуенге бір қалып өлшем береді. Негізгі тақырыптан кейін бейнелеуі жағынан әр түрлі алты вариациялық тақырыпта өтеді.
Үш вариация минорға ауысып, жәй екпінде жүрсе 5-ші, 6-шы вариация екпіні өзгеріп шапшаң характерге ауысады. Соңы бір қалыпта, барлық вариациялар бір тональдықта, ля мажор бір түрінде аяқталады.
2-ші бөлім “Менуэт” шығармаларында Моцарт та Гайдн сияқты ашық, жарқын халық билерін қолданған. Менуэттің орта бөлімі “трио”, жеңіл әуенмен өрнектеледі, сонынан бастапқы музыкадағы әуенге қайта ауысады.
3-ші бөлім “Финал”. Кейбір жазылымдары, түрктің әүеніне ұқсас болғандықтан сонатоның финалы “Түрктік марш”- деп аталады. Финалда қайырмасы бар, үш бөлімнен тұрады. Қайырма әуені “рондоға” ұқсас. Рондальды түрі-алғашқы тарау-рефреннің аралық (негізгі
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
Бет 18__
|
бөлімі) –эпизодтармен алмасып келіп, бірнеше рет жүйелі қайталануында. Мерекелі, көңілді, билік әуен, арпеджиолық өрнекпен, барабанның соғысы көрсетіледі. Соңынан тағы фа минорға әуеннің ауысуы, ортанғы бөлімді финалға жақындатады. Финал негізгі тақырыпты қайырмамен жалғастырып, кодамен аяқтайды.
Кода- шығарманың соңында негізгі құрылымға қосылған қосымша бөлім. Кодада қорытынды, материалдың жаңа жасалымы, басты тақырыптардың жаңаша өтілуі бола алады.
Симфония соль минор №40
1788-ші жылы Венада жазылған, ең соңғы үш симфонияның ішіндегі ең көрнектісі. Симфония төрт бөлімнен тұрады.
1 бөлім “Сонаталық аллегро” түрінде жазылған. Негізгі партия, басталғаннан-ақ қайғылы, мазасыздау болып естіледі. Осы тақырып, өзінің көңіл күйімен, адамның сөзін айтып тұрғандай әсер етеді. Негізгі әуені –скрипка аспабына берілген.
Жалғастырушы тақырып (связующая т.), өз әуеніне жалғас тақырыпқа (побочная т.)
ауыстырып, негізгі теманың әуенін жаңа мелодиялық өрнекпен дамытады.
Бұл тақырып, соль минордан си бемоль мажорға ауысып, соңынан экспозиция қорытындылау (заключительный) тақырыбымен аяқталады. Өңдеу (разработка) тақырыбында, негізгі партия- өңделеді.
Тональностер өзгеріп, ашық си бемоль мажордан алыс фа диез минорға ауысып, бірден әуен (сазды кешкі бояуды көрсетеді), кешкілік қараңғылықты көрсетеді репризаға көшеді. Оркестр дауысы азайып, ашық, жоғары дауыста үрлеп ойналатын ағаш аспаптары негізгі тақырыптың әуенін әуеннің тональдық соль минорына жалғастыра бітеді.
2 бөлім “Анданте”- асықпай, дауылды әуеннен соң, тыныштық әуені жалғасып, 2-ші бөлімінде тақырыптар арасындағы байланыстар өзгереді. Барлық оркестр әуендері, бастапқы көңілсіз, сазды дауысты ауыстырады.
3 бөлім “Финал”- симфонияның барлық бөлімдерінің қортындысы секілді. Барлық тақырыптар шарықтап келіп, үлкен қайшылықпен тұрақтылыққа көтеріледі.
« Фигароның үйлену тойы» операсы.
1786 жылы, француз жазушысы Бомаршенің “Фигароның үйленуі” комедиясына арналып жазылған. Граф Альмавиваның үйінде, екі қызметшісі: Фигаро мен Сюзаннаның тойына дайындық жүріп жатады. Бірақ Сюзананы графтың өзі қулықтарымен тойды кейінге қалдыруға тырысады. Ақылды, тапқыр Фигаро барлық қиыншылықтарды жеңеді. Оған өзінің қожасын күлкілі жағдайға қалдыруына тура келеді. Осындай мазасыз күндер, көңілді тоймен аяқталады.Операның либреттасын (сөздік) италияндық Лоренцо да Понте жазған.
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
Бет 19__
|
Опера увертюрадан басталады. Увертюра деген сөз- француз сөз, “кіріспе”, “ашу” деген мағнаны білдіреді. Ол өзі жеке музыка, сахналық шығармалардың алдында орындалып ашып береді де, ары қарай операның басқа көріністерінде ойналмайды.
Увертюра- сонаталық түрінде, бірақ өңделмей (без разработки) жүреді. Негізгі партияны өтіп, ре мажорда, ұшқыр кіріспе тақырыппен, көңілді, жігерлі, бір жерде қозғалыссыз отыра алматын- мазасыз Фигароның бейнесін оркестр музыкамен жалгастырады.Ашық жарқын, қуанышты музыкамен әрбір жағдайға байланысты, операның басты кейіпкері Сюзаннаның құлықпен келеке етіп жүрген сәтін дәл беретін мелодияны скрипка аспабы ойнайды.
Жалпы, мерекелік көрініс музыкасы өңдеуде де (разработка) қайталауда да барлық тақырыппен бірігіп, негізгі тональдықта, увертюра музыкасы біткенше сақталады.
“Свадьба Фигароның”- операсындағы увертюрасы ең сәтті жазылған шығарма.
Жеке концерттік шығарма ретінде де орындалады.
Фантазия, вариация, рондо клавирге арналған
Тақырыптың аты: ЛЮДВИГ ВАН БЕТХОВЕН.
Сабақ мақсаты: өмір жолы мен шығармашылығын байланыстыра отырып мәнін ашу. Стилін анықтау.Негізгі сұрақтар, тапсырма:
Сабақ материалдарының тезистік берілуі:
Людвиг- аты, Бетховен –фамилиясы, Ван –арғы ұрпағы голландықтар екенін көрсетеді.
Немісінің атақты- ұлы композиторы Л.В. Бетховеннің туғанына 200 жылдан артақ уақыт өтті. 19 ғасырдың басы, Бетховендік ақыл-ойдың күшті гулдену кезеңімен сәйкес келді. Оның еңбек жолы классика және романтикамен бірдей қалыптасқан. Оның 19 жасына 1789 жылдағы Францияда болған революциялық халық көтерілісі сәйкес келді. Бұл революцияның идеясы композиторға жаңа мақсат жүктеді. Ол өзінің көптеген шығармашылық тақырыбын бостандық,туысқандық, тендікті жасаушы халық және олардың батыр, күрескер «көсемі» деп, озбырлыққа қарсы күрес жолына арнады. Ол 1770 ж. неміс қалашығы Боннда дүниеге келді. Әке жағынан музыканттар болған: атасы скрипкада ойнайтын және дирижер болған, әкесі әнші-тенор. Людвигтің музыкалық дарыны ерте белгі болған. Әкесі одан екінші Моцарт жасағысы келеді, музыкадан сабақ беріп тәрбиелеуші өзінің әкесі болады, бірақ ол өте қатыгез тәжрибесі аз еді. Моцарттың елге тараған даңқы, әкесіне маза бермеді. Баланы жастайынан 7,8 сағат жаттығумен отырғызып қоятын болды. Сегіз жасында, бірінші рет Кёлнде және тағы басқа калаларда бірінші рет концерт береді.
Он екі жасынан, жұмыс іздеуге мәжбүр болады, капеллаға органист болып орналасады.
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Бет 20_
|
1782 жылда Кристиан Нефемен танысқан кезі еді . Ол сол кездегі көрнекті музыка мұғалім еді. Бетховенді атақты композитордың еңбектерімен таныстырады .1787 ж. Моцартпен, 1789 ж. Гайднмен кездеседі. Осы кезде анасы қайтыс болады. Бетховен 1792 жылы 22 жасында Европаның атақты қаласы Венаға келеді. Вена “музыкалық орталық” болған. Мұнда ол, өзінің өнерімен Гайдн, Моцарт дәрежесінде танылады.Өмірдің қиыншылығы 28 жасында есту қабылетінен айырылғанда болды. Көптеген емделу жолдары сәтсіз аяқталады. Гайдннан композициядан сабақ алады. Бұл іскерлігі оның жаңа музыка, жаңа ойы, бар тындауышыларды таң қолдырған еді .Атап айтқанда №8 “Патетикалық” және №14 “Лунная” сонаталары, №3 “Героическая симфониясы”. 1802ж. Бетховен еңбектерінде, аздаған сәтсіздеу кезең болды. Ал соңғы 10-даған жылдарында Бетховен даңқы асқан, танымал болды. 8симфонияларын, “Эгмонт” операсы, “Аппасионата”№23, “Крейцерова соната”, Гетенің өлеңдеріне әндер, т.б шығармалар жазады.
Өзі сүйген графиня Тереза Бруновин-оның әйелі бола алмады.
1824 ж. “Торжественная месса”- салтанатты Ре мажор тональдықта, хорға арналған шығармасын, соңынан №9 симфониясын жазады.
Өмірінің соңғы жылдарында бауыр аурымен аурады. Ауруға ешқандай ем болмай 1827 жылда өмірдің қайтады. Соңғы қоштасу сапарына 20000 адам қатысады.
Бетховеннің музыкасы, жер шарын аралап, халық жүрегінде мәңгіге қалды.
“Патетикалық соната” №8
1798 жылы жазылған алғашқы үлкен патетикалық сонатасын жазды. “Патетикалық” (грек сөзі –пафос) көтеріңкі, шалқыма көңіл, деген мағнаны білдіреді. Көтеріңкі характері, үш бөлімде болса да, әр бөлімде, әр түрлі көрсетіледі. Бұл соната, тыңдаушыларға ерекше “батыл-шығарма” ретінде көңілде қалады. Соната үш бөлімнен тұрады.
1 бөлім.Сонаталық аллегросы. Тез екпінмен сонаталық аллегросы түрінде жүреді, фортепианоға арнап жазылған шығарма. Екпінді музыканың алдында “ақырын” кіріспе тақырыбы өтеді. Соңынан, ауыр аккордпен шаттық музыка жалғасады.
Сонаталық форма аллегросында шығарманың музыкалық өрістеуі, дамуы Гайдн мен Моцартқа қарағанда, өзіндік терең ұғымы бар, өзіндік жаңалығы бар.
Төменгі регистрден, жоғары қарай дыбыс ағыны, біртіндеп көтеріледі де, негізгі тональдығы до минорда өрістейді. Бұған, салмақты аккордтың негізінде сазды, сүйкімді жалынышты әуенмен 2-ші тақырып жауап беріп тұрғандай болады.
Бұл екі тақырыптың әр түрлі болып мазмұны дамығанымен, мелодиялық құрамы, бірінен-бірі өте жақын, тіпті бірдей.
Қайтадан ұшқын сонаталық аллегро басталады. Негізгі тақырып теңіз толқынының қозғалысын береді. Жалғастырушы тақырып, ақырындап біртіндей негізгі теманы басып,
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Бет 21_
|
әуенді қосымша темаға әкеледі. Соңында барлық тақырыпты қортындап, негізгі тема күшті, ағынды екпінмен бітеді. Арығарай шарықтап барып жаңа күшпен қортындылау тақырыбы ми бемоль мажорға көшеді, біртіндеп, ақырындап күшейді, жоғарғы шегіне жетіп (кульминация) 1-ші бөлім экспозицияны бекітеді. Бірақ, тұрақсыз аккордпен біткен экспозициясы мен өңдеу бөлімінде, қайтадан кіріспе темасы жауапсыз қалып лирикалық 2-ші темаға жалғасады. Екінші тақырыпта “өңдеу” –қайшылықта екі қарама қарсы ұшқыр тақырыппен және лирикалық кіріспе тақырыптың арасында өрістейді. Бұл, күшті мен әлсіздің күресі үлкен дауылға ұласып, соңынан біртіндеп алыстап төменгі регистрде аяқталады. 3-ші тақырып “Реприза”. Мұнда, экспозициядағы барлық тақырыптар до минорда қайталанады. Өзгеріс, жалғастырушы тақырыбында ғана болады. Бітер кезде, қайтадан “кіріспе”-тақырыбы өтеді. Соңынан негізгі тема тез, ұшқыр екпінмен, ерік күш жігер жеңеді деп қортындылайды.
2 бөлім. Адажио кантабиле ( ақырын,әуендете), ля бемоль мажорда жүреді.
3 бөлім. Финал , Аллегро. Ұшқыр, 1-ші бөлімге ұқсас до минорда жүреді. Финал, рондо-соната түрінде жазған.
Увертюра ” Эгмонт”.
Неміс ақыны Гетенің “Эгмонт” атты трагедиясына арнап, 1810 ж. Жазылған. Уақыйғада, 16 ғасырдағы Нидерланды халықтарының, испандықтарға қарсы күресі және осы күресті бастаған граф Эгмонт туралы баяндалады. Ол жүректі, күшті- күрескер адам болған. Осы күресте қайтыс болады. Бірақ, жергілікті халықтар, Эгмонт бастаған күресті жалғастырып, 1576 ж. жеңіп шығады, сонымен, 1609 ж. өздерінің теңсіздігін алып, халық күресі жеңіспен аяқталады.
Увертюра бір бөлімді шығарма, кіріспеден басталады. Халық тағдыры суреттеледі. Ақын Гетенің жазған халық тағдырын ауыртпашылығын, композитор музыка тілінде жазған.
Увертюрада өз мазмұнын анықтап дәл сүреттеді. Увертюра “Сонаталық аллегро” түрінде жазылған. Негізгі тақырып фа минорда, жалғас тақырып ля бемоль мажорда жүреді. Өңдеу тақырып темалары да осы тональдықта, негізгі шығарманың мазмұнын ашып, оның ішінде халық және олардың күш-қуатын, халық батыры Эгмонттың батылдығын сүреттейді. Увертюра үлкен кодамен, халықтардың жеңісімен, қуанышты салтанатпен бітеді.
Композитор өз шығармаларында, жігер күрес, батылдық тақырыппен халыққа өте жақын екендігін, және өзінің де үлкен күрескер батыл композитордың бірі екенін көрсетеді. Сонаталық форманың аллегросы.
Соната-қазіргі біздің ұғымымызда, сонаталық цикл ретінде жазылған, бір немесе екі аспапқа арналған шығарма.
“Цикл” дегеніміз, шығарманың көп бөлімділігі яғни жиынтығы.
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Бет 22_
|
Соната итальян сөзі, аспаптың бір түрінде ойнау деген мағнаны береді. Осы түрінде жазылған, фортепиано, скрипка, виолончелге арналған: Гайдн, Моцарт, Бетховен, Шуберт, Шуман, Шопен, Лист, Чайковский, Прокофьев тағы басқа композиторлардың көптеген сонаталық шығармалары бар. Сонымен қорыта айтқанда, сонаталық цикл- көп бөлімді музыкалық шығарма болды. Бұл форма, 18-ші ғасырдың 2-ші жартысында Вена классиктері: Гайдн, Моцарт, Бетховеннің шығармаларында толығымен бекіген.
Сонанаталық циклдық шығармада төрт бөлім болады:
1 бөлім “Сонаталық аллегро”- шығарманың драмалық қайшылықтары өрістейтін ең басты бөлім.
11 бөлім “Ақырын жүретін бөлім”- лирикалық және филисофиялық ойдын суреттемесі- орындалады.
111 бөлім “Менуэт”- Гайдн, Моцарт шығармаларында, ал “скерцо”- Бетховен шығармаларында орындалады.
1V бөлім” “Финал” - шапшаң, салтанатты музыкасымен, барлық бөлімдерді қортындылайды.
Барлық бөлімдердің мазмұны: күрес, ой-арман, жеңіске жету. “Сонаталық аллегро формасы”- циклдық шығарма ретінде, шетелдерде 17-ші, 18-ші ғасырлардан басталған. Нақтылы бекігені жоғарыдағы айтқандай Вена классиктерінің шығармасында 18-ші ғасырдың 2-ші жартысы.
“Сонаталық форманың аллегросы”- қарама қарсы екі тақырыптық, драмалық дамуымен жүреді: қайырымдылық, қастық, қуаныш-азап, шегу, батырлық-лирика.
Сонаталық форманың 1-ші бөлімі,“Сонаталық аллегро”- іш ара үш тақырыпшаға бөлінеді.
Экспозиция- үш тақырыптың ішіндегі ең негізгі бөлімі, барлық шығарманың мазмұнын баяндап өтеді.
Өңдеу- темасы, экспозициядан соң жүреді. Мұнда, негізгі партия мен жалғас партия, сұраққа жауап беріп, сөйлеп тұрғандай өтеді және экспозициясындағы барлық темалардың /кіріспе, негізгі жалғастырушы, жалғас, қорытынды/ негізінде өңделіп бір-бірімен өте байланысып кетеді.
Репризаныңда, экспозиция темалары өзгеріп қайталанады. Кей уақытта, экспозицияның алдында кіріспе темасы, соңында кода темасы қайталанып барып, тақырыпты қосымша бекітеді. Шығарма бітуге айналғанда, ширығып, тез, шапшаң темпте, жоғарғы шыңына жетіп аяқталады.
4. Сонаталық циклдық шығармада үш бөлімі.
Сонаталық форма- қарама-қарсы екі теманың негізінде құрылады:
1-ші бөлім “Сонаталық аллегро”
1-ші темасы- бастапқы тональдықты және мазмұн байланыстығын сақтайды.
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Бет 23_
|
2-ші темасы- бастапқы тональдықтың маңайында өрбиді, арасында өрістейді.Бұл “күшті” мен “әлсіздің” күресі үлкен дауылға ұласып, соңынан біртіндеп алыстап төменгі регистрде аяқталады.
3-ші тақырыпта “Реприза”. Мұнда, экспозициядағы барлық до минорда қайталанады. Өзгеріс, жалғастырушы тақырыбында ғана болады. Бітер кезде, қайтадан “Кіріспе” тақырыбы өтеді. Соңынан “Негізгі” тақырып тез, ұшқыр екпінмен ерік, күш, жігер жеңеді деп қорытындылайды.
11-ші бөлім ” Adagio cantabile”. Ля бемоль мажорда жүреді.
111-ші бөлім. Финал. Ұшқыр, 1-ші бөлімге ұқсас, до минорда жүреді. Финал, рондо-соната формасында жазылған.
Тақырыптың аты: ФРАНЦ ШУБЕРТ.
Сабақ мақсаты: романстарының мәнін ашу.
Негізгі сұрақтар, тапсырма:
Шуберт қанша симфония жазды?
“Си минор” симфониясы қай уақытта табылып, қай уақытта орындалды?Неге аты “Неоконченный” деп қойылған? Симфонияның ерекшелігін анықта.
Шуберттің қандай өлеңдерін білесің?
Фортопианолық шығармалар
Сабақ материалдарының тезистік берілуі:
Бар-жоғы 31-ақ жыл өмір сүрген Австриялық композитор. Шуберттің еңбек жолы, Бетховеннің еңбектерінің жалғасы сияқты. Бетховен музыкасы, Шуберт шығармаларына революциялық мазмұн берді. Франц Шуберт 1797-ші жылы Вена маңындағы Лихтенталь деген жерде туды. Әкесі мектепте муғалім, шешесі қол ұсташысының қызы болатын. Бұл жанұя ағаларымен қоса өнерді сүйетін адамдар болған. Оның музыкалық дарыны ерте байқалады. 11 жасында оны шіркеуге әншілер дайындайтын мектепке береді. Ол өзінің орындаушылығымен мұғалімдерді таң қалдырады. Осы кезде оған өнер жолына мектеп болған Бетховеннің музыкасы еді. Алғашқы шығармаларын жастайынан шығара бастады және композитор Сальер баланың ерекшілігіне көңіл аударды. Францтың таланты әкесін қатты қабалжытты. Ол Гайдн, Моцарт, Бетховеннің өмірін жақсы білетін, себебі музыканттардың өмірі ауыр болатын. Шуберттің шығармашылығының шыңы, 19-шы ғасырдың 20-шы жылдарына Француз революциясының “Бостандық”, “Теңдік” идеяларын тұншықтыра басқан кезеңге дәл. Шуберт өмірі қиыншылықпен жан толғанысының сәтсіздігімен өтеді. Көзі тірісінде жазылған тоғыз симфонияның біреуі-де орындалмайды. 600 әндерінен 200-і ғана жарық көреді. 20 фортопиянолық сонаталарынан үшеуі ғана басылады. Шуберттің өлеңдері веналықтардың жүрегіне жол тапты. Сол кездегі атақты әнші Иоганн Михаэль Фогль композитор Шуберттің сүйемелдеуімен, Австрия қалаларына үш рет концерттік сапармен аралап шықты. Досы Шоберге жиырма жеті жасында “Бұл
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Бет 24_
|
жалғандағы ең бақытсыз жан мен”-деп жазған хаты көп нәрсені аңғартатын еді. 1828-ші жылы жолдастарының ұйымдастыруымен тек Шуберттің шығармаларына арналған концерт қойылды. Бұл концерт үлкен үміт және қуаныш әкелгенмен, 1828-ші жылдың күзінде Шуберт сүзекпен ауырып қайтыс болды. Шуберттің ескерткіш тасына мына жолдарды жазып қалдырды: “Бұл жерде үлкен қазына және одан да үлкен үміт жерленді” –деп. Бұл жолдардан ерте үзілген өмірдің қайғысы, зары, арманы, қиын тағдырын сеземіз.
Шуберт әндері.
Шуберттің шығармаларында, өлеңдерінің өте көптігі /600-ден астам/,және Шуберт өлеңдерінің басты кейіпкері. Ол өте бақытсыз болып көрсетілді. Жалғыз ғана серігі- табиғат. Өлеңдерінің ішіндегі ең ерте жазылған әні “Маргарита за прялкой” 1814-ші жылы жазылған. Ұршық жанындағы Маргарита, “Лесной царь” 1815-ші ж. жазылған. Екеуі-де Гётенің өлеңдеріне арналған.
1-ші әнінде “Маргарита за прялкой”, алданған қыз өзінің сүйіктісін есіне алады. Ол жалғыз іштей қиналады. Әні сағынышты, қайғылы.
2-ші әні “Лесной царь”, күрделілеу, драмалық көрініс, сцена түрінде жазылған үш образ: әкесі, ауру бала және қатыгез орман патшасы. Әкесі алдына алып, атқа мініп, орманмен келе жатады. Әрбір бейне, өзінің әуенімен мінезін дәл тез танытады. Одан кейінгі әндері “Форель”, “Серенада”, “Баркарола”, “Утренняя серенада”. Бұл әндер өте көркем байланысы мол, табиғатт өрнектейді. “Форель” әні, куплетті- вариациалық түрінде жазылған. Әр бір куплетте композитор мазмұнына байланысты өзгеріс беріп, жаңалап отырады.
Қысқа мазмұны: таудан аққан таза суда, күмістей жарқыраған балықтың қозғалысы сүреттеледі. Ол өзіне төніп тұрған қауіпті сезінеді. Қатыгез балықшы суды лайлап, балықты ұстап алады. Ағын судың ағысын, балық қозғалысын білдіретін арпеджиолық дыбыстар жиынтығы, өлеңнің мазмұнын нақ ашып тұрады.
“Зимний путь”. Бай қызына ғашық болған, кедей жігітінің қөңіл-күйі суреттеледі. Қапаланған жігіт, ауылын тастап ел кезіп кетеді. Ол жалғыз, оның жолдастары тек жел,дауыл, қара қарға болады. Өлеңнің сазы, жігіттің көңіл-күйін ашық жеткізеді. Шуберт өз өлеңдерінде куплеттік форманы көп пайдаланған. Өз кейіпкерлерінің көңіл- күйлерін көрсеткенде, әртүрлі музыкалық бояулар, ойлар, бейнелер толықтырып отырыды.
Соңғы өлеңдері: “Прекрасная мельничиха”, “Весенний сон”, “Шарманщик” т.б.
Фортепианолық шығармалары.
Шуберт фортепианоға арнап, шығарма жазғанды жақсы көрген және көптеген шығармаларын жазғанда, шығармалары күнделікті өмірге арналған, жағымды, түсінікті, естеушілерге жеңіл мазмұнда жеткізілген. Негізгі жанырлары: пьесалары, марштық және соңғы жылы жазылған- экспромтары, музыкалық моменттері, сонаталары.
Оның ішінде 15 аяқталмаған сонаталары бар.
Ред. № 1. 29.08.2014ж.
|
ПОӘК
042-18.1.32/02-2014ж
|
Бет 25_
|
Вена көрермендерін, жаңа үлгідегі Шуберт вальстері таң қалдырды. Ол модалық/сәндік/ музыкаға бас ұрмай, халық сүйетін, халыққа түсінікті тілмен, халықтық өрнегі бар, вальс стилімен көзге түсті. Осындай вальстің бірі “си минор” өзінің әндік жұмсақ әуенімен, жүрекке жағымды. Минорлық лад асықпайтын қозғалыс, музыкаға ойлы әуенді жалғастырады. Соңында бір аттас мажорға ауысады. Бұл қалайда алда жақсылық , болашақтағы армандар орындалады дегендей болады. Содан кейінгі, фортопиянолық шығарма “Музыкалық моменттері” –оның ішінде “фа минор”-билік характірдегі, лирикалық пьеса және “Экспрмт”- ми бемоль мажор- күрделілеу шығарма. Бұл екі шығармада дүние жүзі пионистерінің, сүйіп ойнайтын шығармалары.
Симфония “Си минор”.
1822-ші жылы еңбек жолының ең шыңдалға кезеңінде жазылған. Барлығы тоғыз симфония. Соның 7-ші симфониясы осы “си минор” аяқталмаған, бар-жоғы екі бөлімнен тұрады. Лирикалық характерде жазылған, барлық темалары “әндік стильмен” жүреді. Симфонияның ашық гармониялық көркемдігі, негізгі темалардың “әнмен байланыстылығымен” мазмұндық фактурасы, оркестірдегі әрбір аспаптар және партияларын ойнағанда, өздері де “әнші дауыстың” міндетін атқарып кететіні, шығарманың жаңа сырын көрсетеді. Шуберттің өзі, бұл шығармасын симфониялық оркестірдің орындауында тыңдай алмай кетті. Көп жылдар, бұл шығармасы досы А. Хюттенбреннерде сақталып, тек кейіннен 1865-ші жылы бірінші рет дирижер И. Хербектің басқаруымен орындалып, содан бері бірде-бір концерттік программадан қалған жоқ. Шуберттің “Неоконченная симфониясы” концерттік программалардың көркіне айналды.
1-ші бөлім темпі “Аллегро модерато” /тез емес/ сонаталық аллегро түрінде жүреді. Негізгі партияның алдында төменгі регистрде виолончельмен контробас аспаптарында сақтықпен, мазасыз кіріспе темасы өтеді де, соңынан көңілді аллегро жалғастырады. Ал шекті аспаптарында өтетін тақырыптар симфониядағы бастапқы темаларды сақтап жалғастырып өтеді, жалғас/побочная/ партиясы қоңыр жұмсақ дауысты виолончель аспабында сазды әнмен өтеді де, соңынан билік характерге соль мажорға ауысады. Өңдеу /разработка/ темасы бастапқы кіріспе тақырыбының негізінде жүреді де соңынан реприза- қайталау темасымен жалғастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |