Тембрлік естуге арналған ән
Музыкалық жұмбақтар
Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап отырады, жүргізуші бір бала ортаға шығып, ширманың артына барып, музыкалық аспапта немесе музыкалық ойыншықта ойнайды. Ал қалған балалар тез арада ойлап табулары керек.Қай бала тез және дұрыс шешімін табады сол бала жүргізуші болып ойынды жалғастырады.
«Музыкалық текше»
Ойын шарты:
Ән- күй жетекшісі:
Текше кетті айнала
Бере ғой сен досыңа
Текше саған тоқтаса
Сал өнерді ортаға – деп әндетеді, ал балалалар шеңберде тұрып бір-біріне текшені жібереді, ән аяқталған кезде қай балаға текше келіп тоқтайды, сол бала ортаға өз өнерін салады.
1,2 сәбилер тобына арналған музыкалық дидактикалық ойындар
«Сылдырмақтар» М.Раухвергер
Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап тұрады,сылдырмақты оң қолдарында ұстайды.Қоян – шеңбердің ортасында.Музыка сүйемелдеуімен барлығы сылдырмақта ойнайды,екі аяқпен секіреді.Музыка аяқталуымен балалар сылдырмақтарын тығады,қоян сылдырмақтарды іздейді.Ойын осылай жалғасады.Келесі жолы қонаққа қуыршақ келеді, ол балаларға орамал таратып, ойнауға ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |