Мысалы: «Аңшы мен қояндар»
Ойын шарты: Бір - бір сәбіз ұстаған қояндар музыкамен жерге жатып аунап, аяқтарын тыпырлатып немесе би қимылдарын жасап секіреді. Сәбіз ұрлап жатқан қояндарды аңшы көріп қалып. Пух! "Пух" - деп атады. Қояндар орындарынан тұрып, жан - жаққа қашады. Музыка тоқтағанда тырп етпей отыра, не жата қалады. Қозғалған қоян айыпты болып, ән немесе би билейді.
«Сылдырмақ»
Ойын шарты: Музыка жетекшісі бөлменің ішінде сылдырмақты сылдырлатып, тығып қояды ал балалар сылдырмақтың үнін естіп тауып алулары керек.
Сиқырлы текше
Мақсаты:Текшедегі аңдардың дауысын келтіріп, тембырын өзгерту мүмкіндігінше жоғару көтеру.
Ойын шарты:Көңілді қиын емес әуен ойналады. Педагог және балалар шеңберге тұрады. Текшені бір біріне қолдарына беріп, тақпақ айтады.
– Алма кепті домалап,
– Көше бойын аралап.
– Кім алманы табады,
– Сол ойыннан шығады.
Қай баланың қолында текше қалып қойса, сол бала текшені ортаға лақтырады. Педагог текшеде қандай сурет екенін балалардан сұрайды. Балалар жауап береді. Егер текшеде мысықтың суреті болса, педагог ол балаға мысықтың қалай амандасатын көрсетуін сұрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |