Н. А. Маженова экономикалық теория


) "Меншіктен айыру" деген, ол



Pdf көрінісі
бет27/117
Дата23.08.2020
өлшемі1,3 Mb.
#76623
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   117
Байланысты:
Эконом теория

6) "Меншіктен айыру" деген, ол: 
А)  бұл  адамның  өмір  сүру  игіліктері  мен  ресурстарды 
өзінің тіршілік ету мүмкіншілігіне айналдыра алмауы; 
В) бұл адамды табиғат өнімдерінен айыру; 
С) бизнес мәселесімен өзі шұғылданғысы келмейді; 
D) кәсіпорынды басқара алмау; 
Е) қарызды төлеу мақсатында меншігінен айыру. 


Экономикалық теория 
 
45 
7)  Меншіктің  экономикалық  мазмұнын  қандай  қос-
ұғым ашады: 
А) иемдену-жатсыну; 
В) негіз-құрылым; 
С) мәні-көрінісі; 
D) себебі-салдары; 
Е) тұлға-зат. 
 
Тест сұрақтарының  дұрыс жауаптары: 1С, 2С, 3А, 4С, 5Е, 
6А, 7А.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Н. А. Маженова 
 
46 
4.  ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ  ФОРМАЛАРЫ 
 
4.1. Натуралды және тауарлы шаруашылық формалары 
 
Барлық қоғамдық шаруашылығында жеке еңбекті қоғамдық 
өндірісіне 
қосу 
проблемасы 
болып 
табылады. 
Жалпы 
экономикалық 
формалардың 
ішіндегі 
тарихи 
тұрғыдағы 
біріншісі натуралды өндіріс болды.  
Натуралды  шаруашылық  дегеніміз  –  мұнда  өндіруші 
өнімді  басқаларға  сату  үшін  емес,  өз  үшін  өндірді.  Натуралды 
шаруашылықта өзіне сай анықтайтын түрі бар: 
  тұйықтылық; 
  жан-жақты еңбек; 
  өндірістің  көлемі  сол  қалпында  болғаны,  оның  өсуі  өте 
жәй жүреді; 
  тікелей экономикалық байланыс (өндіріс, бөлу, тұтыну). 
Натуралды  шаруашылық  капиталистік  формацияға  дейін 
болған  (алғашқы  қауым,  кұлиеленушілік,  феодалдық  қоғамда). 
Натуралды шаруашылық қазірде дамушы елдерде бар. 
Тауарлы  өндірістің  пайда  болуы  және  дамуы  белгілі 
жағдайлармен байланысты: 
Біріншіден, бұл еңбектің қоғамда бөлінуі, яғни әр өндіруші 
қоғамдық  қажеттілікті  қанағаттандыру  үшін  өнімнің  белгілі  бір 
түрін өңдеуге мамандандырылады.  
Екіншіден, өндіріс құралдары мен өндірілген еңбек өніміне 
жекеменшік  болғандықтан  өндірушілердің  арасында  айырбас 
болуы. 
Еңбекті қоғамдық бөлу, тауар өндірушілерді байланыстырады, 
олардың  арасында  өзара  байланыс  тудырады.  Жекеменшік, 
керісінше  өндірушілерді  бөледі,  оларды  бір-бірінен  тәуелсіз 
етеді. Еңбек  өнімдерін алмастыру нәтижесінде, тауар өндірушілер 
бір-бірімен  қоғамдық  қатынаста  болады  және  қажетті  өндіріс 
құралдары мен тұтыну заттарын алады. 
Тауар  өндірісінің  екі  негізгі  түрлері  бар:  жай  (қарапайым) 
және  капиталистік  тауар  өндірісі.  Жай  тауар  өндірісі  өндірушінің 
өзінің  және  оның  жанұя  мүшелерінің  жеке  еңбегіне  негізделген. 
Мысалы: жәй шаруалар және қолөнершілер.  Капиталистік тауар 
өндірісі жалдамалы жұмысшылар еңбегіне негізделген. 


Экономикалық теория 
 
47 
Сонымен, 
тауар 
өндірісі 
өндірістің 
экономикалық 
ұйымдастырудың  прогрессивті  типіне  жатады.  Прогрестің 
қозғаушы 
күші 
техника 
мен 
технологияны 
жетілдіру, 
шаруашылықтың    өнім  өндіруді  кеңейту  және  адамдардың  
қажеттілігін толық қанағаттандыру болып табылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет