Н. А. Назарбаев бейбітшілік кіндігі



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата10.01.2020
өлшемі1,36 Mb.
#55673
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
20141107043550bieibitshilik kindighi n a nazarbaiev


ЕГЕСТІ  ЖА А САТЫСЫ
Ядролы  транзитивизм: даму  исыны
Адам  табиғатында  өзі  секілділерді  неғұрлым  оңайырақ  құртатын
қару  жасауға  саналы  не  түйсікті  ұмтылу  механизмі  неліктен  жене  не  үшін
көзделгенін  ешкім  де  білмейді.  Дегенмен  қару-жарақ  жасап,  жетілдіре
берудің ұзақ дəуірі қайткен күнде де аяқталатын секілді көрінеді жəне оның
таяу уақытта, тіпті енді аяқ басқан жаңа ғасырда аяқталуы əбден-ақ мүмкін,
сөйтіп  бұл  ғасыр  адамзат  тарихындағы  айтулы,  бет-бұрысты  сəт  бола
алады. Қару-жарақ эволюциясы жапон қолөнершілерінің жұмысындағы бір
ерекшелікке  ұқсап  шыға  келуі  мүмкін:  əлдебір  ғажап,  бірегей  затты  жасау
кезінде  жапон  шеберлері  оны  жасауға  қажет  арнайы  аспаптарды  да  ойлап
табады.  Ол  аспаптар  бірегей  затты  жасау  жөніндегі  өз  міндетін  атқарып
болған  соң,  қолөнершілер  оларды  сындырып  не  лақтырып  тастайды.
Бəлкім, жекелеп те, жаппай да қыруға арналған қару дəл сол бір жолы ғана
пайдаланылатын аспаптар болар, олар ақыр аяғында адамның бейбіт өмірі
мен  оның  эстетикалық  қажеттерін  қанағаттандыру  үшін  керек  бірегей
заттарды жасау үшін ғана уақытша керек нəрсе болар?
Бəлкім,  кейде  жақсы  да  өткір  орақ  жасау  үшін,  ол  алдымен  шар
болаттан соғылған үш қырлы найза болтаны керек шығар? Бəлкім, ядролық
кару  сатысы  да  қажет,  бірақ  адамзат  оның  адам  игілігі  үшін  неғұрлым
адами,  жемісті  пошымда  қайта  жаратылуын  талап  ететіндігін  жан-тəнімен
түйсініп,  сезінуі  үшін  қажет  болған  шығар?  Бізге  де  жапон  шеберлерінің
үлгісімен, ядролық қаруды əлдеқайда бейбіт заттар жасаудағы аралық белес
ретінде қабылдап, оны лақтырып тастай- тын күн де туар?
Мен  өзім  үшін  бір  байламды  əлдеқашан  жасағанмын:  ядролық  қару
статусының  өзін  теориялық  жағынан  айқындайтын  көптеген  еңбектер
берген баға, ол қазірдің өзінде іс жүзінде жəне тұжырымдамалық тұрғыдан
пайдалану
мен
жанжалдарды
шешуге
жарайтын
қару
ретінде
қарастырылмайды  деген  қорытындыға  жол  ашады.  Оған  жүйелі  түрде,
едəуір  дəйектілікпен  бір  ғана  функциялық  салмағы  бар  əлдебір  символ:
үрейлендіргіш  немесе  ескертуші  тежеу  жолымен  мəжбүрлеуші  пацифизм
факторының  мəні  беріледі.  Айта  кетуім  керек,  атом  қаруын  қару  деп  та-
нудан  бас  тарту  негізсіз  де  емес.  Егер  ядролық  қаруды  1945  жылы
Хиросима  мен  Нагасакиге  қасіретті  «көрсетуді»  ескермесек,  содан  соңғы
жарты ғасыр ішінде ол əскери жанжалдар немесе саяси тайталас процесінде
бірде-бір рет пайдаланылған жоқ.
Бірақ соған қарамастан осынау модаға айналып кеткен оқыс тезисті
141

«үзілді-кесілді əмір» дəрежесіне көтеру төтенші қауіпті нəрсе деп санаймын.
Уақыт  өте  келе  ақиқат  болудан  қалатын  ақиқатқа  сенуден  асқан  катерлі
ештеңе  жоқ.  Иə,  əлем  ядролық  соғыстың  табалдырығында  талай  рет
тұрғанымен,  екі  полярлық  дүние  кезінде  атом  қаруы  шынында  да  өз
мағынасындағы  қару  қызметін  атқарған  жоқ.  Сөйтіп  «қырғи  қабақ»
соғыстың  «суық  қаруы»  деген  анықтамасын  əбден  ақтады.  Бірақ  осынау
жылдардың  өн  бойында  атом  қаруын  символдан  қан  майданның  нағыз
қаруына  айналып  кетуіне  дейін  небəрі  бір-ақ  қадам,  бірнеше  минут  қана
бөліп  турғанын  ұмытуға  болмайды  жəне  адамзат  маңдайына  жазылған
бірқатар  бақытты  сəттер  ғана  бөліп  турды.  Соңғы  онжылдықтар
бойындағы  сол  бір  толып  жатқан  шиеленісті  оқиғалар  белгілі  бір
символизмге  қарамастан,  ядролық  қару  адамзаттың  бүкіл  тарихындағы  ең
қауіпті,  ең  тажалды  қару  болғанын,  əлі  де  болып  отырғанын  əрқашанда
еске  салып  отыруға  тиіс.  Жаппай  қырып-жою  қаруының  принципінде
«қолданыла  алмайтындығы  да»,  тежеуші  міндеті  де  бізді  тіпті  де
тыншытпауға,  ядролық  қарудың  болуын  адамзат  үшін  игілік  екен  деп
санатпауға  тиіс.  Керісінше,  атом  қаруының  тұла  бойы  тұнған  зұлымдық
жəне  ол  құртып  бітірілмейінше  өзінің  шын  «ібілістік»  бейнесін  көрсететін
сəт таба алуы мүмкін...
Ол-ол  ма,  екі  жақты  тайталас  кезінде  ядролық  қарудың  дамуы  мен
жанталаса  қарулану  серпінін  ой  елегінен  өткізіп  алғаннан  кейін,  ядролық
қарудын,  бұрынғы  рөлі  мен  бұрын  оған  беріліп  келген  тежеуші  рөлі
жөніндегі  кейбір,  былай  қарағанда  даусыз  ақиқаттарды  қайта  қараудың
əбден анық негіздері бар секілді болып көрінеді.
Қас-қағым сəт кана...
НАТО  мен  Варшава  шарты  арасындағы  ғаламдық  жарты  ғасырлық
екі  полярлық  тайталастың  барысында  осынау  «тежеуші-үрейлендіруші»
«игілік»  неге  айналып  кетуі  мүмкін  болғандығын  мен  бірнеше  мысалмен
көрсеткім келеді. Олар, былай қарағанда, таза кездей-соқтық пен мейлінше
сəттілік  жиырмасыншы  ғасырдың  бүкіл  екінші  жартысында  бізді  ядролық
Ақырзаманнан  бөліп  тұрғанын  жəне  «тежеудің»  алуан  теорияларының
қателігін есімізге салып тұруға тиіс. Сонымен.
1974  жыл.  Пентагонның  алдын  ала  ескерту  жүйесі  компьютерлік
бөгесіннің  салдарынан  орталық  пунктке  Кеңес  Одағы  тарапынан  ядролық
шабуыл  басталғаны  туралы  хабар  берді.  Дереу,  төтенше  жəне  жедел
даярлықтан  кейін  бортында  ядролық  боезарядтары  бар  В-52  стратегиялық
бомбалағыштары  КСРО  аумағын-  дағы  объектілерді  бомбалау  үшін  ұшып
шықты.
142

Олар  Солтүстік  Америка  мен  белгіленген  стратегиялық  нысаналар
арасындағы  ең  қысқа  қашықтық  маршрутымен:  Солтүстік  полюс  арқылы
ұшып  келе  жатты.  КСРО  тарапынан,  ұшып  келе  жатқан  бомбалағыштар
байқалған бойда жол кесу үшін əуеге жетпіс сегіз алыстан тосатын ТУ-128
ұшақтары көтеріліп, олар санаулы минуттар ішінде жауынгерлік позицияға
шығуға тиіс болды. Сонымен бірге Құрама Штаттар аумағына жауап соққы
беру  шараларын  шұғыл  жүзеге  асыру  жұмысы  басталып  кетті.  Тағы
бірнеше  сағат  өтсе,  ядролық  əткеншекті  тоқтату  мүмкін  болмай  қалатын
еді.  Қазақстан  аумағындағы  ондай  стратегиялық  объектілер  Қазақстан
астанасы  —  Алматы,  Байқоңыр  космодромы  жəне  Саршаған  мен
Жаңғызтөбе маңындағы зымырандық-авиациялық базалар болатын. Дүние
не болып жатқанынан бейхабар күйінде, адамзат тарихындағы ең сұрапыл,
ең  сұмдық  қасірет  табалдырығында  тұрды.  Ал  əскерилер  əлемдік  ажалды
міз бақпай күтті. Бірақ біздің бəрімізді бір ғана сəт құтқарды. Ақыр аяғында
əскери  операторлар  ескерту  жүйесінің  ішіндегі  ағаттықты  байқап  қалып,
дереу  хабар  берді.  Солтүстік  полюстен  өтіп  те  үлгерген  В-52
эскадрильялары дереу өз базаларына қайту туралы бұйрық алды...
1983  жылғы  26  қыркүйек.  Бұл  жолы  қателік  Кеңестік  ерте  ескерту
жүйесінен  кетті.  АҚШ  аумағындағы  зымырандық  шахталардан  əуелі  бір,
одан  кейін  қатты  отынды  континентаралық  баллистикалық  «Минитмен»
зымырандарыныңтұтас  бір  тобы  ушырылғаны  тіркелді.  «Минитмендер»
ушып жете алатын 40 минут ішінде Құрама Штаттар аумағындағы барлық
стратегиялық  нысаналарға  жауап  соққы  беру  жөніндегі  жедел  шараларды
қолдану  көзделген-ді.  Бұл  арада  айта  кету  керек,  егер  кеңестік
континентаралык, зымырандар (соның ішінде, Қазақстан аумағындағы 104
СС-18
зымырандары)
ұшып
шықса,
американ
стратегиялық
бомбалағыштарынан  өзгеше,  оларды  қайтарудың  ешқандай  мүмкіндігі
болмас  еді.  Бақытымызға  карай,  Серпухов  маңындағы  командалық  пункт
жердегі  ескерту  құралдары  мен  əскери  спутниктерден  ядролық  шабуыл
басталғанын қуаттайтын хабар ала алмағандықтан, ерте ескерту жүйесінің
электронды  жабдығының  ақаулығынан  жалған  дабыл  қағылған  деген
байлам  жасады...  Бұл  жолы  да  дүниені  қателіктің  дер  кезінде  байқалуы
құтқарып қалды...
1995  жылғы  қаңтар.  Норвегия  жұмыс  тəртібімен  ғылыми-
зерттеушілік зымыран ұшырды. Зымыранды ерте ескерту қызметтері тіркеді
де, адасқанға амал жоқ, оны Ресей Федерациясына қарай беттеген ядролық
боеголовкалы баллистикалық зымыран деп көрсетті. Бұл кенеттен берілген
ядролық соққы ғой!
143

Тағы да жүйені іске қосып, жауап соққыға даярлану механизмі іске
қосылды.  Тіпті  «ядролық  шабадан»  да  дайын  тұрды!  Алайда  ұшырылған
зымыран параметрін төтенше талдаудан кейін, əскерилер Бұл жауынгерлік
зымыран  емес  деген  қорытындыға  келді.  Дереу  даярлықты  тоқтатуға
нұсқау  берілді.  Зымырандар  алмасудың  тізбекті  реакциясы  орны  толмас
сипатқа ие болғанша бірнеше минут қана қалған еді.
Осындай  қателіктер  мен  төтенше  ахуалдар  қаншама!  Саясаткерлер
мен  əскерилердің  кеудемсоқтығынан,  электрондық,  техникалық  жəне  жай
ғана  пендешілік  қателіктер  салдарынан  орын  алған  осындай  үрейлі
жағдайлар  əмбеге  əшкере  бола  қойды  деу  қиын.  Дұрысы,  көптеген  ондай
жағдайлар  Пентагон  мен  КСРО  Қорғаныс  министрлігінің  қойнауына
«мүлдем  құпия»  деген  белгімен  мəңгілік  «жерленген»  болар.  Сондықтан
барлық  фактілерді  тізбелеп  жатудың  қажеті  жоқ  қой  деп  ойлаймын.  Істің
фактілік  жағына  сүйене  отырып,  өте  бір  маңызды  да  принципті  жағдайды
атап  өту  жеткілікті:  екі  жақты  тайталастың  атомдық  дəуірінде  тежеу
факторы  қызметін  іс  жүзінде  ядролық  қарудың  болуының  өзі  жəне  оның
болжам  деңгейіндегі  аты  шулы  функциясы  емес,  белгілі  бір  дəрежеде
жекелеген  адамдардың  терең  жауапкершілігі,  парасаттылығы,  ең  бастысы,
салқын сабыры атқарды.
Ең  шиеленісті  де  жауапты  сəттерде  не  болсаң,  бол  деген  үрейге,
психологиялық  күйректікке  бой  алдырмай  шалт  қимылдаған  нақ  сол
адамдар тежеу факторы болды.
Дүние  ядролық  соғыс  табалдырығында  тұрғаны  туралы  осынау
фактілер  (əрине  көбісі  аталмаған),  меніңше,  түсіндірудегі  біршама
алуандықты  талап  ететін  секілді.  Қанеки,  сол  фактілерді  жаңадан  ой
елегінен  өткізіп  көрейік,  бəлкім,  оларды  талдап,  тұжырым  жасау  кейбір
нəрселерге қатып қалған көзқарасымызды түбегейлі өзгертуге мəжбүр етер.
ару емес, бірак, тежеу
ралы...
Еңалдымен,  мынаны  түсінуге  тырысып  көрелік:  қос  полярлық
дүниеде  ядролық  қару  шынында  да  тек  «тежеу  факторы»  ғана  болды  ма?
Мунымыз қаншалықты дурыс жене де толық ауқымды ядролық соғыстың,
«бастан-аяқ»  соғыстың  болмауын  біз  атом  қаруының  өзінің  тежегіш
қасиетінің  көрінісі  деп  шынында  да  дұрыс  тəпсірледік  пе?  Белгілі  бір
дəрежеде,  əлбетте,  ядролық  қару  тежеу  элементіне  ие  болды  жəне  кейбір
жағдайларда  расында  да  солай  болды.  Бірақ  бұл,  үстірт  қарағанда,  ақиқат
болып  көрінетін  нəрсе  толық  шындық  емес,  ол-ол  ма,  бізден  аулақтап
144

кеткен сол дүниеде үстем болған тіпті де ол емес. Неліктен?
Ең алдымен, ілгеріге біршама суғына отырып, былай қарағанда дау
туғызатын,  бірақ  соған  қарамастан  өмір  сүруге  хақысы  бар  тезисті
ұсынайық:  қос  полярлық  тайталас  кезеңінде  дауласушы  жақтар  кейде
«ядролық соғыс шегінде» ғана болып қана қойған жоқ, бірнеше жағдайда,
естеүстаңыз, «ядролық соғыс жағдайында» болды.
Осынау кереғар тезистің мағынасы былай: дүние жаппай зілзаланың
«табалдырығында»,  не  «шегінде»  тұрып  қана  қойған  жоқ,  ядролық
ғаламдық  жанжалға  талай  рет  қатысты  да,  яғни  «ядролық  соғыстар»
формалды түрде болды. АҚШ-тың стратегиялық ядролық бомбалағыштары
Кеңес  Одағының  аумағындағы  нысаналарына  жарты  жолға  дейін  жеткен
жоғарыдағы  оқиғаны  еске  түсіріңіз.  Бірақ  соған  қарамастан  осынау
«ядролық соғыстар» соңғы сатысына немесе ақтық фазасына жетпей, яғни
бомбалағыштардың
немесе
континентаралық
зымырандардың
өз
нысанасына  жетпей,  белгіленген  нысананы  құртып  жіберу  үшін  тікелей
мақсатында пайдалануға үлгермей жатып аяқталып отырды.
Барлық  осынау  жағдайларда  басталып  кеткен  ядролық  соғыстың
ақтық  сатысы  болмай  қалып  отырғаны  неліктен?  Бұл  сұрақ  ка  жауап
қарапайым:  өйткені  ядролық  соғыста  бірегей  бір  қасиет  бар,  соның
арқасында  адамзат  ғаламдық  ядролық  апаттың  барлық  сұмдықтары  мен
зардаптарын бастан өткерген жоқ.
Сол  бірегей  қасиетті  апанық  тұжырымдауға  болады:  ғаламдық  қос
полярлық тайталас дəуірінде ядролық соғыс бастапқы сатысында доғарылу
сипатында болатын.
Қару-жарақтың  кəдімгі  түрлері  дейтіндер  қатысатын  соғысты
елестетіп  көріңізші.  Винтовкадан  атылған  оқ,  зеңбіректен  атылған  снаряд
қайткенде  де  өз  нысанасына  жетіптынады.  Соғыс  жəне  əскери  қимылдар
басталып  кеткеннен  кейін  оқ  пен  снарядты  тоқтату  немесе  бастапқыда
белгіленген міндетті өзгерту мақсатында оған ықпал ету мүмкін емес. Осы
мағынадан  алғанда  кəдімгі  соғыстың  орны  толмас  сипаты  болды.
Бесенеден белгілі, кəдімгі соғыста жеңістің немесе жеңілістің айқындаушы,
басым  факторы  винтовка  жəне  зеңбірек  секілді  соқырға  таяқ  ұстатқандай
заттар  емес  жəне  оқтың  немесе  снарядтың  жеріне  жетуімен  соғыс
аяқталмайды.
Бірақ  ядролық  соғыстың,  көбіне  ғаламдық  сипаттағы  соғыстың
ерекшелігі  сонда,  соғыстың  негізгі  сатысы,  каншалықты  таптаурын
болғанымен, əп-сəтте, негізгі күштерді жайғастырып жатпай-ақ өтіп кетеді
жəне  шындығында,  ядролық  соққы  алмасуға  саяды  (мен  узақ  ядролық
145

соғыс  сценарийін,  олардың  тым  үстірттігінен  жəне  тек  аймақтық  ядролық
жанжалдарда ғана қолдануға болатындығынан айтып та отырғаным жоқ).
Сонымен  бірге  ядролық  соғыстағы  жеткізу  құралдарының  —
бомбалағыштар мен баллистикалық зымырандардың бастапқы міндеттерін
өзгертуге  əбден  болады.  Нақ  осы  жағдай  атом  соғысының  оның  беті
қайтарылуы,  əрі  басталып  кеткен  соғыстың  нақ  бастапқы  сатысында  беті
қайтарылуы  сияқты  маңызды  сипатын  айқындайды.  Нақ  сондықтан  да
ядролық соғыстар басталғанымен, өзінің одан əрі дамуы барысында, өзінің
түпкілікті  немесе  ақтық  фазасына  жетпей  доғарылып  отырды.  Мұның
себебі оның беті қайтарылу қасиетінен, тек қана содан.
Бұл  тұрғыдан  алғанда  ядролық  соғыстар  қайдағы  бір  топшыланған
немесе  ықтимал  мүмкіндіктер  болмағанын,  нақты  орын  алған  фактілер
болғанын тағы да атап көрсетуге болады. Бұл тұрғыдан да атом қаруын тек
қана  тежеуші,  ядролық  соғыстың  басталуына  кедергі  болатын  фактор  деп
қарайтын  тезис  өз  бағасының  басым  бөлігінен  айырылады.  Сол  дəуірде
іргелі фактор қызметін басқа, ядролық қарудың неғұрлым нақты ерекшелік
атқарғанын атап өтуге барлық негіз бар.
Сонымен  қорытындылаушы  циклы  бар  толық  ауқымды  ядролық
соғыстың  болмағаны  ғаламдық  апаттың  алдын  алуда  ядролық  қарудың
«тежеуші»  қасиеті  немесе  қабілеті  басыңқы  рөл  атқарғанынан  емес.  Бұл
ядролық  соғыстың  мүлдем  басқа,  төтенше  маңызды  жəне  бірегей
қасиетімен: оның кері қайтарылуымен толық айқындалып отырды.
Бірақ  ядролық  соғыстың  бұл  ерекшелігі  əмбəбап  емес.  Менің
ядролық  соғыс  нақ  ғаламдық  қос  поляр-  лық  тайталас  дəуірінде  кері
қайтарылу  қасиетіне  ие  болды  деп  қайталап  көрсетіп  отырғаным  да
сондықтан.  Оның  кері  қайтарылуына  кейбір,  айталық,  ғаламдық
тайталастың
кеңістік-уақыттық
сипаттамалары
мен
ерекшеліктері
көмектесті. Ол қандай ерекшеліктер?
Біріншіден,  жанжалдасушы  жақтар  бір-бірінен  бірнеше  мың,  тіпті
ондаған
мың
километр
қашықтықта
жатқан
болатын.
Ядролық
талқандаудың  стратегиялық  кұралдарының  негізгі  орналасқан  жерлері,
тиісінше,  Батыс  жəне  Шығыс  жарты  шарларда  болды.  Зымырандық-
авиациялық  кешен  өзінің  жауынгерлік  міндетін  орындауы  үшін,  қазіргі
өлшемдермен  алған-  да,  едəуір  уақыт,  орта  есеппен  30-40  минут  қажет
болатын.  Мысалы,  бізге  белгілі  «Ібіліске»  «континента-  ралык»  11000
километрді  ұшып  өту  үшін  28-32  минут  қажет.  Яғни  ұшып  шығу  мен
жеріне жетіп құлауға бірнеше ондаған минут кажет.
Мұның  үстіне,  ғаламдық  тайталас  дəуірінде  ерте  ескертудің
146

жеткілікті  күрделі  де  тарамдалған  жүйесі,  ең  бастысы,  ядролық  шабуылды
жан-жақты қуаттау жүйесі жұмыс істейтін.
Ядролық  шабуыл  туралы  алғашқы  дабыл  жер  бетіндегі  де,
ғарыштағы да ескерту жүйелерінен талай рет қуаттау алуға тиіс болатын.
Нəтижесінде  континентаралық  баллистикалық  зымырандар  мен
стратегиялық  бомбалағыштардың  ұшып  жету  уақыты  ішінде  ескертудің
қым-қуат жүйесі ядролық шабуыл қаупінің нақты дəрежесін талай рет жəне
қатесіз  анықтай  алатын.  Тіпті  дүниені  ядролық  соғысқа  тартқан
техникалық,  электрондық  немесе  пенделік  қателіктер  жіберілген  күннің
өзінде,  жанжалдың  ақтық  сатысына  жол  бермес  үшін  оларды  түзету
мүмкіндігі болды. Бұл - жоғарыда айтылған нақ кері қайтарылу қасиетінің
арқасы.
Осының бəрі, сөз жоқ, ядролық соғыстың кері қайтарылуы тек қана
ғаламдық  қос  полярлықтайталастың,  тек  қана  соның  артықшылығы  мен
қасиеті  болды  деген  сөз.  Ал  ыктимал  душпанның  тікелей  географиялық
жақындығы  немесе  тіпті  шекараластығы  жағдайында  ядролық  қарудың
тежеу  құралы  ретіндегі  функциясы  туралы  тезис  барлық  мəнінен
айырылады.
Бірінші
кезекте,
ғаламдық
тайталас
ерекшелігі
болмағандықтан,  аймақтық  ядролық  соғыстың  кері  қайтарылу  мүмкіндігі
жоқтықтан.
Осылардың  бəрінен  мынаны  байқауға  болады:  ядролық  кару  өзінің
тежеу функциясын тек кана оны колдану ядролық держава басшылығының
саяси  еркіне  тікелей  тəуелді  болған  тұста  ғана  орындап  отырды.  Ол
«табалдырықты» ядролық жанжалдарға ғана қатысты. Ең белгілі оқиғалар:
Кариб дағдарысы мен Берлин кабырғасы.
Бұл жағдайларда стратегиялық жəне тактикалықядролық қару толық
жауынгерлік əзірлікке келтірілді. Бейнелеп айтқанда, бомбалағыштар əуеде
болатын, зымыран шахталарының люктері ашып қойылды. Дүние ядролық
соғыс  шегінде  тұрды.  Бəрі  де  тек  басшылықтың  саяси  еркінде  еді.  Бірақ
ядролық  шабадандардан  құпия  бұйрықтар  түскен  жоқ.  «Үрейлендіруші»
тежеу  мен  бірін-бірі  кепілді  құртып  жіберу  тұжырымдамалары  өздерін
практикалық  жағынан  көрсетті.  Бұл  арада  сабыр  сақтау  керек  пе,  жоқ  па
деген сұрақ қана бар.
Бірақ  ядролық  кешенге  күтім  жүйесі  үздіксіз,  удайы  күрделілене
берді. Бақылаудың автоматты жəне жартылай автоматты жүйелерін жоғары
электронды  технологиялар  алмастырды.  Əрбір  жүйеде  бір  қателік  жүреді,
оның  күрделі  бола  түсуі  қателік  жіберуді  міндеттейді.  Ядролық
инфрақурылым конструкциясының күрделі бола түсуі салдарынан ядролық
147

қару  жабдықтың  электронды  бөлігімен  бірге  белгілі  бір  дəрежеде
дербестікке ие болды.
Ескерту  жүйесінің  жетілдірілгені,  тиісінше  күрделілене  түскені
соншалық, біршама мағынада, тек «шабадан» иелерінің саяси еркіне тəуелді
болудан қалды.
Сыртқы  ядролық  соққы  мен  жауап  соққы  беру  үшін  қажет  жауап
шаралар  арасындағы  уақытты  ескерту  жүйелері  мен  зымыран  кешендері
арасындағы  ықпалдастықтың  кіріккен  электронды  схемасы  есебінен
қысқартуға  ұмтылыс  зымыранды  ұшыру  мүмкіндігі  бұйрықтың  түсуіне
емес,  ескерту  жүйесіндегі  қателіктерге  байланысты  болуына  алып  келді.
Нəтижесінде,  осынау  буында  басшылықтың  саяси  шешімінің  сырт  қалуы
мен  «табалдырықтан»  айырып,  «ядролық  сотые  ахуалы»  деп  атаған
жағдайды туындататын еді.
Ядролық  соғыстың  барлық  жағдайларында  оның  ақтық  сатысына
жол  бермеу  -  адамның  дер  кезінде  араласуының,  оның  ахуалды  талдап,
бағалай  білуінің,  сын  көзбен  қарауының  жəне  терең  жауапкершілік
сезімінің арқасы.
Шартты түрде айтқанда, ядролық жанжалдың себебі не саяси шешім,
не ядролық кешеннің электрон- дытехникалық бөлігіндегі амалсыз қателік
бола  алады.  Бірінші  жағдайда  дүние  ядролық  сотые  «табалдырытында»
тұрды.  Екінші  жатдайда  дүние  не  ядролық  сотые  «табалдырытында»,  не
ядролық сотые «ахуалында» тұрды.
Ғаламдық тайталастан аймақтық...
Аймақтық  деңгейдегі  ықтимал  ядролық  тайталастың  ерекшелігі
неде?  Ондай  жанжалдың  тұжырымдамасы  мен  оның  сипатының  өзі
таламдық тайталас кезіндегіден мүлдем басқаша сипатта болатындытынан.
Ең  алдымен,  жапсарлас  екі  мемлекеттің  стратегиялық  аймақтық
тайталасының  негізгі  ерекшелігі  ықтимал  ядролық  жанжалдың  кері
қайтарылмайтын сипатта болатындыты.
Жапсарлас  жанжалда  стратегиялық  қару  —  континентаралық
баллистикалық  зымырандар  емес,  ядролық  боеголовкалары  бар  шатын
жəне  орташа  қашықтаты  зымырандар.  Олардың  500-3000  километрлік
талқандау  радиусы  жаппай  қырып-жоятын  қаруды  қолдануға  байланысты
барлық  стратегиялық  жəне  тактикалық  міндеттерді  шешуге  жеткілікті.
Сонымен  бірге  шағын  жəне  орташа  қашықтық  зымырандарының  ұшып
жету  мерзімі  континентаралық  баллистикалық  зымырандардың  (КБЗ)
ұшып  жету  мерзімінен  едəуір  аз.  Ол  шамамен  2-5  минут  қана,  бұл  КБЗ
148

көрсеткішінен он еседей кем.
Осынау  қысқа  мерзім  ішінде  ғаламдық  тайталас  кезінде  ықтимал
жанжалды  кері  қайтарылатын  етуге  болатын  əрекеттердің  аса  күрделі
циклын  атқарып  үлгеру  мүмкін  емес.  «Ықтимал»  дұшпан  тарапынан
ядролық  агрессия  басталғаны  туралы  бастапқы  дабылды  тексеру  мүмкін
емес.
Ядролық  шабуыл  басталғанын  жан-жақты  тексеріп,  анықтау
шараларының  бүкіл  кешенін  іске  қосу  мүмкін  емес.  Мұның  үстіне,  Бұл
жағдайда
ахуалды
талдаудағы
жəне
түпкілікті
шешім
қабылдау
деңгейіндегі  адам  факторы  мүлдем  қажетке  жарамайды.  Яғни  ғаламдык
тайталас ерекшелігін құрайтын нəрселердің бəрі жарамайды.
Сонымен  аймақтық  ядролық  жанжал  оған  дейін  бұрын  болған
«ядролық»  соғыстардың  түпкілікті  ақтық  сатысына  жол  бермеуге
мүмкіндік  туғызатын  аса  маңыз-  ды  бір  параметрінен  —  кері  қайтару
мүмкіндігінен  айы-  рылады,  тіпті  ондай  мүмкіндік  жоқ  та  болып  шығады.
Аймақтық  деңгейдегі  ықтимал  ядролық  жанжал  кері  қайтарылмайды,
сондықтан  оның  толық  ауқымды  сценарийінің  бастан-аяқ  жүзеге
асырылуы əбден мүмкін.
Мұнан  басқа,  аймақтық  жанжалға  қатысушы  жақтардың  санасында
жаппай  ядролық  соққының  қысқа  уақытта  өтетіндігі  дұшпанның  сондай
«кек алуын» дер кезінде жүзеге асыруына мүмкіндік бермейді деген негізде
жеңіске  жете  қалармыз  деген  алдамшы  да  қауіпті  үміт  сезімін  туындатуы
мүмкін.  Жеткізу  құралдарының  тез  арада  ұшып  жете  алатындығы,
шынында да, жауап соққы беру мүмкіндігін едəуір азайтады.
Көп  жағынан  бұл  бірнеше  минутқа  ғана  созылатын  процесс
соншалық  қысқа  мерзім  ішінде  «бірден»,  яғни  шабуылға  жіберілген
зымырандар  ұшып  жеткенше  жауап  соққы  беру  шараларының  бүкіл
кешенін  жүзеге  асыру  қиын,  тіпті  мүмкін  де  емес.  Мұның  солай
болатындығының  тағы  бір  себебі,  мунда  аймақтық,  ядролық  жанжалдың
тағы  бір  ерекшелігі  —  күш  тайталасының  бүкіл  қоспасы  іске  асырылады.
Жапсарлас  шекара  ядролық  жанжалды  өршіту  процесінде  қару-жарақтың
барлық  тұрін  —  атом  қаруынан  бастап,  қару-жарақтың  əдеттегі  тұріне
дейін,  бір  мезгілде  іске  қосуына  мүмкіндік  беріп  қана  қоймайды,  солай
етуге  мəжбүрлейді  де.  Жауынгерлік  стратегиялық  нысаналар,  зымырандар
ушыратын  стационарлық  жəне  жылжымалы  кешендер  арасындағы  қысқа
қашықтық  оларды  жою  үшін  ядролық  боеголовкалары  бар  зымырандарды
ғана емес, кəдімгі боеголовкалары бар зымырандардың жеткілікті мөлшерін
пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Егер  агрессияшыл  жақтың  стратегиялық
149

жоспарына  кенеттен  ядролық  соққы  беру  кірсе,  шекара  жапсарлас  болған
жағдайда,  бір  мезгілде  дұшпанның  зымырандық-авиациялық  кешенін
зиянсыздандыру
мақсатымен
оған
əдеттегі
шағын
жəне
орташа
қашықтықтағы зымырандармен соққы беру де сөзсіз жоспарланады.
Қарсы  жақтың  лайықты  ядролық  жауап  соққы  беру  мүмкіндігін
азайтатын жаппай жəне ұштастырылған ядролық шабуыл алдын ала соққы
беру  тұжырымдамасын  алдыңғы  орынға  шығарады.  Жауап  соққы  беру
мүмкіндігі  шамалы  болғандықтан,  екі  жақта  өз  аумағының  «ықтимал
дұшпан»  қаруымен  тып-типыл  болуынан  сақтану  үшін  нақ  алдын  ала
соққы  беру  қажет  деп  ұйғарады.  Аймақтық,  шектеулі  ядролық  тайталас
процесінде  нақ  алдын  ала  бұрынырақ  соққы  беру  есебінен  жеңіске  жету
елесі
де
атом
қаруы
қолданылатын
қарулы
жанжалды
бастау
ықтималдығын едəуір ұлғайтады.
Ядролық  Ақырзаманның  ықтималдығы  қандай  жағдайда  көбейе
түседі  —  аймақтық  не  шектеулі  тайта-  ласта  ма,  əлде  егестің  ғаламдық
деңгейіндегі  ядролық  жанжал  жағдайында  ма  —  муны  айтып  беру  қиын.
Бір ғана нəрсе айқын: айырмашылық орасан зор.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет