Корытынды Мен Agrimer-Astyk ЖШС-да өндіретін тәжірибе өту барысында бидай сапасын толық анықтауды үйрендім. Астық қабылдау орнына келіп түскеннен бастап экспортқа шығаруға дейінгі барлық кезеңді біліп, үйрендім. Әр кезең сайын жұмысқа деген талпынысым үдей түсті. Мен бидайдың сапасына әсерін тигізетін барлық талдауларды қарастырдым. Яғни қабылдау кезеңінде басты назар аударатын түсі, түрі, иісі, түрлі зиянкестермен зақымдауын ескердім. Кейінгі талдауларды өзім жасай бастадым. Қабылданған астықты алдымен натурасын анықтап, кейін ең басты сапасын анықтайтын кезең, яғни клейковинасын анықтау. Сосын ылғалдылығын анықтап, қатты бидайдың шынылығын анықтаудың екі тәсілін талдап үйрендім. Осы тәжірибе кезінде мамандығымның қыр-сырын үйреніп, тағы көп мағлұмат алып, үйренуге қызығушылығым артты.