Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы



бет72/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi

Ұлыс жырлары. Қыс ызғары кетіп, жаздың келуі — тіршіліктің ең сәтті кезеңінен саналған Оны шығыс елдері жыл басы — Наурыз,- ұлыстың ұлы күні ретінде қарсы алып, тойлайтын болған. Қазақ арасында да жыл басы — наурыздың 22 жұлдызы болып саналған. Осы орайда туған өлеңдерді ұлыс жырлары дейміз. Бұл күні тоқсан шығып, күн жылиды, жердің тоңы кетіп, өсімдіктерге жан ене бастайды. Күн мен түң теңеледі. Қыстауда отырған ел жайлауға көшеді. Мал төлден, сүт көбейеді, жатақтар соқа-сайманың сайлап егіске шығады.

Ұлыс күні әрбір үй жеті түрлі дәннен наурыз көже жасап, бір-бірін шақыратып болған. Арпа, бидай, тары, бұршақ жүгері сняқты түрлі дәндер елдің сол кездегі ұғымы боиынша жеті түрлі тірліктің иесіне берілген атама (ас) болып саналған. Сол көжені жұрт үй жағалап жүріп ішкен. Мұны — ұлыс тойы дейміз.

Тойға келген жұрт: «Амансыз ба? Ұлыс оң болсып, сүт мол болсын, қайда барсаң жол болсын. Ұлыс бақытты болсын, төрт түлік ақты болсын, бәле-жала жерге енсін» деп бір-біріне жақсы тілек білдірген. Ұлыс күндері жастар ойнап-күледі, қарт-қариялар еңбек адамдарына ақ бата береді. Демек наурыз жайындағы өлең-жырлардың да еңбекпеп тығыз байланысы бар.

Ұлыс күні кәрі-жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Шалдары бата беріскен:

«Сақтай көр» деп терістен, -деп келетін жыр жолдары Наурыз мерекесінің мәнін суреттейді.

Наурыз жырлары қазақ фольклорында айтарлықтай көп емес. Оның бір саласы төрт түлікке байланысты туған өлеңдермен байланысып жатады. Ұлыс жырларының мәні ескірмек емес. Өйткені оның тамыры өте тереңде халықтың көне дәуірлердегі тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет