Құймақ.Жұмыртқа қосқан, сүтке иленген (суға да иленеді) сұйық қамырды қайнап жатқан майға қасықпен құйып тұрып пісіретін тағам.
Жайма құймақ. Жұмыртқа қосып, сүтке илеген қою қамырды майлы табаға жаймалап пісірген ашыған нан.
Қабарған шелпек (Қабартпа деп те атайды) — ашыған қамырдан пісірген шелпек, дөңгелек, созбаларды да осылай атайды.
Су шелпек. Майға, сүтке, илеген шелпекті кейде құр суға қайнатып пісіреді. Су шелпек туралған етке, қуырдаққа, кейде бұршақ ботқасына, жас қызыл ірімшікке қоса табаққа салынады.
Бөкпен. Кебексіз ұнды оты жәй жағылған қазанға қуырып алып, үстіне құйрық, шыртылдақ майының бірін қосып, сүтке былғап жейтін ұнтақ. Бөкпенді осы тәртіппен тарының, бидайдың, сұлының талқандарынан да істеген. Кей жерлерде оны жұқпас дейді. Жұқпас деп аталуы мұндай тағамдардың ыдысқа жабыспайтындытына қарай айтылса керек.