Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы



бет66/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi

Жол бауырсақ. Мұны жолаушылар илеген нанды алақандап жұқартып алып, ұзыншақтап үзіп майға қуырады.

Бұрма бауырсақ. Илеген қамырды жұмарлай есіп, біріктіріп бұра қуырған дәстүрлі бауырсақ. Оның сыртына бал жағып, құмшекер сеуіп, жүзім-алма табақтарымен қатар қояды.

Бауырсақ түрлерінің барлығының да қамыры тұзды суға иленеді.

Жаймалар. Әр түрлі әдіспен илеп, жүқа жайып майға жүздіріп қуыратын жаймалардың да арнаулы орны, бірнеше атаулары бар. Біз солардың ішінде қазақ арасына көбірек тарағандарына тоқталамыз.

Дөңгелек — тұзы татыған жылы суға, сорпаға кейде ақ құйып қатты илеп, дөңгелектеп жайып, майға қуырылған күнделікті дастарқанға арналған жайма. Оны ашыған және ашымаған қамырдан да қуыра беруге болады.

Ләйлек — беті алынбаған сүтке илеп, жұқа жайып, жұмсақ етіп қуырған дөңгелек шелпек.

Күлше — қоламтаға көміп пісірген нан. Күлшенің күл деген мәндестеріне қарағанда оның бастапқы түрі отқа көміп пісірген жұқа нан болуға тиіс. Бірақ қазіргі қазақ ауылдарының көбінде күлше майға қуырылатын жұмсақ шелпек.

Қазіргі заман күлшелерінің жасалу әдісі мынандай: ұнды тұзы татыған суға илеп 15—30 минут бетін жауып бұқтырады. Содан кейін қамырды жуандай есіп, бөлектеп кеседі де, оқтаумен дөңгелектеп жазады. Дөңгелектің бетіне ағаш қасықтың сабымен өрнек жасайды. Содан кейін сары маймен өте ыстық емес пешке 7—8 минут қойып пісіреді. Күлше көбінесе шай дастарқанына арналған ыстық нан.

Шелпек. Ашымаған, кейде ашыған қамырдан жұқа жайылған, қиықшалап кесіп, майға жүздіріп пісіретін жайма. Оны қайнап жатқан майға бірнеше минут сүңгітіп алса болғаны, тез піседі және үлбіреген жұмсақ болып шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет