Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы



бет65/93
Дата15.12.2021
өлшемі1,96 Mb.
#101400
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   93
Байланысты:
574 artikhbaev j.o. sabdanbekova a.a. elemesov a.kh. dauenov e.n. dasturli khazakh etnografiyasi

Бауырсақ. Шәй дастарқанының басты асы — бауырсақ. «Бауырсақ» сөзі қазақ тілінде бауырмал, үйірсек, жақыншыл деген мағынаны білдіреді. Бауырсақ сонымен қатар нанның ішіндегі ең қүнарлы, кенеуі мол бастырма деп есептелген. Шәй жасалғанда, қымыз сапырылғанда дастарқанға ең алдымен қойылатын да осы бауырсақ. Оны құрт, ірімшік, қант, кәмпитпен қосып мерекелерде шашуға шашады, сарқытқа алады. Қазақтың ұлттық бауырсағы әр түрлі пішінде, үш-төрт бүрышты, сопақша, тағы сондай етіп қуырылған және сапасына қарай бірнеше атауларға бөлінеді.

Ши бауырсақ. Сүтке, сорпаға жұмыртқа жарып иленген қамырды ашытпай жіңішке етіп, үсақ кесіп, майға жүздіріп пісіріледі, түрі жастықша кәмпитке ұқсас, үгілмелі кәудірек келеді.

Ақ бауырсақ. Ең жоғарғы сапалы ақ ұннан май қосып илеп құйрық майға қуырылады. Көлемі өріктің үлкендігіндей. Ақ бауырсақ көбінесе арнаулы сый қонақтарға, дәрежелі адамдарға арнап пісірілген. Мұндай бауырсақты сүт пен майлы сорпаға илеген, кейде жұмыртқа қосып илеу түрі де бар.

Түш бауырсақ. Оны мереке дастарқанына арнап ұнға сүт, май, қант, жұмыртқа қосып илеп, ұсақ кесіп қуырған. Қуырып болған соң ішіне сары май жаққан қалыпқа салып бал құйып, көкнәр сеуіп, мейіз, мәмпәси салып қатырады. Оны қонақтардың ішіндегі ең қадірлісі бастап бұзатын салт болған.

Ашыған бауырсақ. Арнап ашытқан қамырға жұмыртқа жарып илеп, жұмсақ басып, үлкендеу кесіп майға жүздіріп қуырады.

Бармақ бауырсақ (оны «саусақ» деп те атайды) мерекеге байланысты шақырылған қонаққа, жас балаларға арналады. Қоспасы мен қуырылуы ши бауырсақпен бірдей, тек оның формасы 4—5 см шамасында ұзынша және бір жағына қарай бүгіс болады. Жалпақ бауырсақ. Бүл бауырсақтың қоспасы, қуырылу әдісі ши бауырсақ сияқты. Айырмасы есілмей, ұзынша жайылып содан кейін 2x3 см көлемде жалпақ кесіледі. Мұндай бауырсақ асығыс кезде, жол сапарында қуырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет