Қиықша. Қант, жұмыртқа қосып сүтке илеп, жұқа жазылған, бетіне жүмарша, төрткүл өрнектерін басып, қиықшалап кескен шелпек.
Бүкпе шелпек. Ішіне жеміс қақтарын немесе куырған ет салып бүріп пісіреді. Бүкпенің кейбір түрлерін табаға салып пешке де пісірген.
Күлшетай — тураған етке қосып берілетін кеспенің бір түрі.
Шиыртпақ — қамырға шекер, жұмыртқа, май, ашытқы қосып сүтке немесе суға илейді. Қамырды бауырсақша есіп арнаулы таяқшаға орап бұранда бейнесіне келтіреді. Қатты қызған өсімдік майына қуырады, майы сорғыған соң үстіне құмшекер сеуіп, кеудірек түрінде табаға (тарелкаға) салып ұсынады.
Тәтті (кей жерде дәм дейді). Суға қант езіп оны койылғанша қайнатады. Нанды осы ертіндіге илеп сыртына жұмыртқаның ақ уызын, қант шырынын (қазіргі кезде езген шоколад) қосып пісіреді.