Н. Дауенов ДӘСТҮрлі қазақ этнографиясы



бет5/22
Дата11.01.2017
өлшемі5,68 Mb.
#7138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

1.3 Қазіргі заман кезеңі

Этносаяси тарихы. ХХ ғасыр басындағы этникалық тарихтың бір ерекшелігі ол Ресейдегі әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге тура тәуелділік. Ресейдегі аграрлық мәселелердің шешілмегеніне байланысты кішіресейлік және ортақаратопырақты губерниялардан мыңдаған крестьяндар ауыр тауқыметке ұшырады. Патша билігі ол мәселені шешудің ең жолы жерсіз қалған шаруаларды шығысқа көшіру деп тапты, ең ұтымды Сібірде және Қазақстанда көлемді отардың болуы. Осылайша патша үкіметі екі мәселені шешті: метрополия ішіндегі қайшылықты жағдайды шеше отыра, Азияның ең түкпірінде орналасқан аймақтарға жаңа отаршылдарды жайғастырды. Ресейдегі шаруашылық және этникалық мәселелер экстенсивті түрде шешілді.

1910 жылы Дала облыстарындағы қазақтардың саны 70 % - ға дейін кемиді. Кейбір облыстарда (Ақмолада) бұл көрсеткіш 50 %. Солтүстік Қазақстанда басқа ұлттар саны көбейді. Орыстар - 25 %, татар - 1,5 %, эстон және латыштар - 0,2 %, поляктар - 0,16 %, еврейлер -0,09 %, қалмақтар - 0,04 % және т.б.

Ең біріншіден үкімет қазақтардан қарашекпен қоныстанушыларға ең шұрайлы жерлерін босатуды талап етті. Жерсіз қалған қазақтар өз жерін жаңа қожайынынан жалға алуға немесе жартылай шөл немесе шөлейтті жерлерге көшіп келуге мәжбүр болды. Екіншіден, қазақтардың өмір сүру деңгейі төмендеді, әр түрлі эпидемия ауруларға ұшырады, өлім саны өсті. Шовинизм идеологиясына қарсы ұлтшылдықтың стихиялы қарсы өрістеді.

1916 ж. 25 мауысымда барлық орыс емес 19 - 43 жас аралығындағы ер адамдарды әскер үшін қорғаныс құрылыстарын салу тыл жұмыстарына шақырған Жарлық шықты. Алдын-ала жасалған есептеме бойынша қазақтан 390 мың адам әскерге алынуы қажет болды. Бұл жарлық қазақ даласын ауыр жағдайға тап қылды. әскерге шаќыру шөп дайындау, егін ору, малды қыстауға дайындау уақытымен тұспа - тұс келді. Еңбекке жарамды ер адамдарды әскерге алу, жақсы жерлерді орыс қоныс аударушыларына үнемі тартып алып беру салдарынан, шайқалып тұрған қазақ шаруашылығын шайқалта түсті. Тыл жұмысына алу қазақ және Орта Азияның басқа халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты қозғалысының басталуына түрткі болды. Көтерілістің кең қанат жаюынан үріккен патша үкіметі 20 шілдеде әскерге алуды егін науқанының аяқталуына дейін шегере тұруға, ал 30 шілдеде бұл уақытты 1916 ж. 15 қыркүйекке дейін шегеруге шешім ќабылдады. Бірақ қазақтардың отаршылдыққа қарсы қозғалысын басу мүмкін болмады.

Қозғалыс стихиялы түрде басталып, бірақ әртүрлі аудандарда бір уақытта жүріп отырды. 1916 ж. шілденің аяғы мен тамыз айының басында июнь жарлығына қарсы қозғалыс барлық Қазақстанды қамтыған көтеріліске айнала бастады.

Наразылыќтың ең ірі аудандарының бірі Жетісу болды, мұнда шілденің өзінде отаршылдарға қарсы қарулы көтеріліс басталды. Көтерілісшілер пошта станцияларын өртеп, телеграф сымдарын жойды, жазалаушы әскермен күресті. Патша үкіметі жергілікті орыс шаруаларын ќаруландырып ќазаќтар мен қырғыздарға қарсы айдап салды.

1916 ж. қазанда Жетісудағы көтеріліс басылып тасталды. 347 адам өлім жазасына кесілді, 178 адам каторгалық жұмысқа аударылды, 129 адам абақтыға қамауға алынды. Орыс шаруаларыныњ отрядтары мен жазалаушы әскер қолынан қаза тапқандар есепке алынбады, патша жазалаушы әскерлері тек қана көтерілісшілерді емес, сонымен қатар бейбіт халықты да айуандықпен жазалап отырды. 300 мыңға жуық қазақ-қырғыздар туған жерлерін тастап Қытайға, Қашқарға жер ауып кетті.

Көтерілістің ең ірі ошақтарының бірі – Торғай жерінде қалыптасты. Қазақтарды тыл жұмыстарына шақырған патша жарлығын Орынборда 1916 ж. 28 шілдеде алды. Торғай облысының әкімшілігі болыс басшыларын, қадірлі ақсақалдар мен ауыл старшындарының съезін өткізді, мұнда патша жарлығын жедел түрде орындауға шешім қабылданды. Бірақ қазақтар наразылығы күн сайын өрби түсті. Торғай уезінде ірі көтеріліс ошағы пайда болды, оны Амангелді Иманов басқарды.

23 қазанда Амангелді басқарған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршап алды. Қазан әскери округінің әскери басшысы министрге былай деп баяндады: «Торғай және Ырғыз уездерінде жағдай жедел түрде нашарлап жатыр. Торғаймен тек қана телеграф емес, барлық байланыс үзілген. Торғай қоршалған, Ырғыз қоршалып жатыр». Торғай көтерілісшілеріне көршілес облыстардың қазақтары да келіп қосылды. 1916 ж. көтерілісшілер саны 50 мыңға жетті. Көтерілісшілер толықтай жергілікті аппарат әрекетін тоқтатып тастады. Жазалаушы отрядтар көтерілісшілерді баса алмады. Біраќ бейбіт елдің ішінде адам шығыны өте көп болды.

Патша үкіметі қазақтар көтерілісін баса алмады, бірақ көтеріліс уақытында қазақ ауылдарының экономикалық-әлеуметтік жағдайы шұғыл құлдырап кетті. Көптеген шаруашылықты жазалаушылар талан-таражға салды, көтерілісшілердің бір бөлігі өзге өлкелерге ауып кетуге мәжбүр болды. Бұл жылдары Ресей империясындағы қазақтар саны 600 мыңға дейін қысқарып кетті. 1916 жылға көтеріліс жаќсы жерінен айырыла бастаған, үкімет құл сияќты пайдаланып келген момын шаруалардың наразылығы. Ќарудың жоќтығы, орталыќ ұйымның болмауы себепті көтерілістің көптеген ошаќтары қуатты қарсылық жасай алған жоқ. Амалсыздан үкіметтің айтќанына көніп соғысқа жігіттерін жіберуге мәжбүр болды.

Ресейдегі 19217 жылғы Ақпан революциясы империяның үлкен дағдарысын бастап берді. Қордаланып қалған жер мәселесі, экономикалық реформаның кешеуілдеуі, монархиялық биліктің дәрменсіздігі Ұлттық мәселелерді де асқындырды. Осы ауыр кезеңде Ахмет Байтұрсыновтың, Әлихан Бөкейхановтың, «Қазақ» газеті төңірегінде жиналған қазақ зиялы ќауымының белсенділігі арқасында, қазақ этносын құлдыраудан сақтап қалған ірі оќиғалар болды. Қазақ қоғамында, саяси өмірде 1917 ж. желтоқсанында Орынборда өткен ІІ қазақ съезі үлкен орын алады. Бұл съезде «Алаш» партиясының бағдарламасымен бірге ұлттық- мемлекет идеясы ұсынылды:

1) қазақ халқы тығыз қоныстанған, тарихы, тілі, мәдениеті бір облыстардан ұлттық территориялыќ автономия құру. Оның құрамына: Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Фергана, Самарқанд, Алтай губерниясы кірді;

2) қазақ облыстардың автономиясына «Алаш» аты берілсін;

3) барлық жердегі, судағы байлық Алаш халқының меншігіне қарайды;

4) қазақтар арасындағы тұратын барлық халық өкілдеріне азшылық (меньшинство) құқын беру;

5) алаш облыстарын құлдыраудан, анархиядан аман сақтау үшін Алаш Орда халықтық кеңесін ұйымдастыру. Оның 25 орнының 10 орны орыс және басқа халықтар өкілдеріне берілсін. Алаш Орданың орталығы Семей қаласы болсын. Алаш Орда қазақ елінің билігін тез арада өз қолына алсын.

Азамат соғысы жылдарында (1918 - 1920 ж.ж.) Орынбор мен Самара қалаларында қазақ және башқұрт ел басшылары арасында бірнеше келіссөздер мен жиналыстар өтті. Мұндай келіссөздердің жетістіктерінің бірі "оңтүстік-шығыс мұсылман облыстарының федерациясын" құру, башқұрт- қазақ әскери бөлімдерін қалыптастыру болды.

З. Валиди өзінің естеліктерінде 1918 ж. 18 - 21 шілде аралығындағы келіссөздер туралы былай деп жазды «Саитгерей Магазов Семейге келгенде, онда Әлихан Бөкейханов пен бұрынғы Қоқан автономиясының басшысы Мұхамеджан Тынышпаев болды. Бұл Қоқан республикасы, Алаш Орда және Башқортстан көшбасшылары ұйымдастырған алғашқы бірлескен съезі болды».

Өкінішке орай, көптеген себептерге байланысты Түркі елінің ұлттық қолбасшыларының жоспары жүзеге аспады. Сол кездегі күрес жайлы Башқортстан саяси қайраткері және тарихшысы З. Валидов естеліктерінде жақсы көрінеді: "орталық (Мәскеу) келешекте де бұрынғы отар елдеріндегі орыс пролетариатының өкілдеріне сүйенеді, біз олардың "басшыларына" адалдық пен берілгендікті қаншалықты көрсетсек, соншалықты олардың сенімділігін пайдалана аламыз, бізге деген сенімсіздік Ресей шегінде социализмнің жеңісінен кейін де сақталып қалады. Тіпті әлемде социализм орныққаннан кейін де шығыс халықтары Ресей метрополиясының жєне жұмысшыларының тарапынан «басқару жүргізілмейінше қанағаттанбайды дегенді мен Лениннің өз ауызынан естідім...», «... социализм құру жолына түскен шығыс халқы ешқашанда орыс коммунистерінің сенімін пайдалана алмайтынын мен түсіндім».

Орыстық - шовинизм шығыстық ел басшылары алдында Кеңес үкіметіне қарсы ашық күреске шығу қажеттігін қойды. Дәл осы уақытта Ташкентті Т. Рысқұлов, Н. Ходжанов және т.б. пікірлестер Түркістан комиссиясынан және Түркістан атқарушы комитетінен шығарылды. Олардың орнына "интернационалистер" сеніміне ие болған басқа адамдар тағайындалды. Осылайша революция кезінде шығыс халыќтарын өтірік алдартќанымен билік ќолына тиісімен большевиктер өздерінің шовинистік пиғылын ашыќ көрсете бастады.

Қазақтың ХХ ғасырдың 20 - 80 - жылдардағы этникалық тарихы әйгілі белестер әкімшілік орталықтың пайда болуы, формальді тәуелсіздік, қазіргі заманға сай құрылым) және орны толмас қайғылы оқиғаларға толы болды (этникалық генофондтың құлдырауы және экологиялық ортаның жойылуы). Қазақстан КСРО - ның басқа да республикалары сияқты оның құрамына кіргенінен бастап биліктен айырылды. 20 - жылдардың өзінде ҚазКСР - дің астанасы жөніндегі сұрақ шешілгенде оның құрамына әдейілеп Орынбор губерниясы қосылды.

Ресейдегі ақпан революциясынан кейін билік үшін кадеттер мен кењесшілдер арасында талас басталды. Уақытша үкіметтің беделінің шұғыл құлдырауы және оның нақты биліктен айырылу жағдайында 1917 ж. 25 қазанда (7 қараша) Петроградта солшыл эсерлер және социал-демократиялық, социал-революциялық партиялардың біршама радикалды бөліктерінің коалициясын билікке әкелген қарулы төңкеріс жүзеге асты. Үкімет билігі В.И. Ульянов Ленин басшылық еткен Халық Комиссарлар Кеңесінің қолына өтті. Жұмысшылар мен солдат депутаттардың Кеңесінің екінші съезінде қабылданған декреттер Ресейдің соғыстан шығуын, жердің шаруаларға берілгендігін және әртүрлі деңгейдегі кеңес билігінің жер-жерде орнай бастағанын жариялады.

Түркістан генерал - губернаторлығының құрамына енген Сырдария және Жетісу облыстарындағы Кеңестер шұғыл түрде билікті өз қолына ала бастады.

Оңтүстік Қазақстанда билікке келген Кеңес үкіметінің отрашылдық сипаты 1917 ж. 15 - 22 қараша аралықтарында Ташкент қаласында өткен Кеңестің ІІІ өлкелік съезінде айқын көрінді. Мұнда Кеңестік Түркістан автономиясы жарияланды. Бұған қарама - қайшы 26 қарашада Қоқан қаласында ІҮ төтенше Мұсылман съезі өз жұмысын бастады, оның басты нәтижесі уақытша кеңес басшылық еткен. Түркістан Мухтариатын (автономия) жариялау болды. Уақытша үкімет басшысы М. Тынышпайұлы, шет істер министрлігінің басшысы болып М. Шоқай тағайындалды. Осылайша 1917 ж. қараша - желтоқсан айларында Қазақстанның оңтүстігінде өзіндік қос үкімет қалыптасты. Бірақ Ташкенттегі Кеңес үкіметі өздеріне оппозициялық әрекеттегі мұсылман үкіметінің ќызметімен келісе алмады. 1918 ж. қарашаның 5 жұлдызынан 6-сына қараған түні Кеңестік Түркістанның барлық қарулы күші Қоқанд қаласына шабуыл жасап Ќоќан автономиясы құлатылды. Жалпы ќазаќ елінде жоғарыда болып жатќан күрес түсінікті болған жоќ.

Қазақтардың негізгі бөлігінің бейтараптылық жағдайында Орынборда Кеңес үкіметі орнықты, бірақ ол ұзақ уақыт әрекет етпеді. Орынбор казак әскерінің басшысы А. Дутов Алаш партиясының және меньшевиктердің қолдауымен Орынбор Кеңесінің мүшелерін қамауға алды. Бірақ 1917 ж. аяғында Қостанайда, Торғайда, Ақтөбеде билік Кеңестер қолына өтті, ал 1918 ж. қаңтарда Орынборда Дутов пен оның одақтастары жеңіліп далаға шегінді.

1917 ж. қараша - желтоқсан айларында Қазақстанның солтүстік қалаларының көпшілігінде билік большевиктер қолына өтті. Қарулы күш қолдану жолымен Кеңес үкіметі 1918 ж. ақпанда Семейде, наурыз айында Верныйда орнатылды. Тек қана Оралда казак әскерлерінің билігін большевиктер жоя алмады. 1917 ж. қараша 1918 ж. наурыз айларында Қазақстанның көптеген қалаларында Кеңес үкіметі жарияланғанмен большевиктер ықпалы қалалар мен оның маңындағы темір жолдардан әрі аспады. Халықтың көп бөлігі, әсіресе Қазақстанның далалық өлке ќазаќтары Алаш Орда үкіметі мен оның жергілікті комитеттеріне бағынды. Ал қазақ станциялары - әскери үкіметке, немесе атамандарына қарады.

Большевиктер мен олардың саяси қарсыластарынан ұстанған бағытының қарама- қайшылығы 1918 ж. көктемде елдің барлық аумағында азамат соғысыныњ кең жайылуына ықпал етті. Қарулы қақтығыстың басталуына жергілікті Кеңестің Сібірден шығып Владивосток арқылы Еуропаға бағытталған, бұрынғы әскери тұтқын чехтар мен словактардан құралған Чехословак корпусының бір бөлігін қарусыздандыру әрекеті себеп болды. Алғашында Петропавлскіде кейін Семейде орын алған көптеген көтерілістер Қызыл Армияның уақытша жетістігіне әкелді. Ақ армияның көктемгі - жазғы шабуылы антибольшевиктік күштердің соңғы жетістігі болды.

Сәуір айында Қызыл армия оңтүстік Оралда қарсы шабуылға шығып мауысым айында Уфа мен Қостанайды алды. Ақ гвардияшылар мен Қызыл армия бөліктерінің арасындағы ауыр шайқастар 1920 ж. көктемде солтүстік Жетісуда өтті, мұнда Дутов пен Анненковтың әскерінің қалдықтары шоғырландырылды. Ақ гвардияшылар жеңіліп, Қазақстандағы азамат соғысы аяқталды.

Антибольшевиктік бірлестіктің жеңілуінің негізгі себебі ішкі келісім мен ынтымақтастықтың жоқтығынан. Әр жақ эсерлер мен меньшевиктер, шаруалар, жоғарғы офицерлік және басқа одақтастар қарама - қарсы мақсат ұстанды. Негізінен одақтық барлық өкілдері Қазақстанда тіпті шектеулі автономияның берілуіне қарсы болды, бұл Алаш Орда туы астында біріккен қазақ интеллегенция өкілдерінің негізгі бөлігін оппозициядан бездірді. Ќазаќ халќы азамат соғысыныњ ауыр кезінде екі оттың ортасында ќалды. Оның бір жағында отар елдің үстінен билік жасап ќалған отаршыл – монархистер болса, екінші жағында большевик атанған орыстың ќара тобыры еді.

Бұрынғы Ресей империясының шеткі аудандарында, соның ішінде Қазақстанда Кеңес үкіметі орнағаннан кейін ұлттық мемлекет құру жайлы мәселе қарала бастады. Ресей империясының шеңгелінен босаған өзге халыќтармен ќатар ќазаќ елі де азаттыққа ұмтылды.

Елдің шығысында бірінші Кеңестік ұлттық республика Түркістан кеңесінің 5 съезінде қабылданған Түркістан АССР болып табылады. 1918 ж. 30 сәуірде қазіргі Қазақстанның оңтүстік облыстары (бұрыңғы Сырдария, Жетісу обл) Түркістан республикасының құрамына енді.

1918 ж. аяғы мен 1920 ж. басында Қазақ Кеңес автономиясын құруға интенсивті дайындық жүріп жатты. 1920 ж. қараша айының басында Ақтөбеде Түркістан және Сібір қазақ аудандарының депутаттары қатысқан бірінші өлкелік кеңестік конференция өткізілді. 1920 ж. тамыз айының басында ұлт істері халық комиссариаты жанында Қазревком, Сібірревком және ТурЦИК өкілдерінің жиналысы өтті, мұнда Ақмола және Семей облыстарын Қазақстанға беру мәселесі түбегейлі шешілді. Қырғыз (қазақ) Кеңес Автономиялық Социалистік Республикасын құру жайлы декреттіњ үлгісі 17 тамызда қаралып, РСФСР ХКК қолдады, ал 1920 ж. 26 тамызда бұл деректер бекітіліп, заң күшіне енеді.

1920 ж. 22 қыркүйекте Бүкіл Ресейлік орталық атқару комитетініњ жаңа декреті бойынша КАССР - інің құрамына Орынбор губерниясы қосылды.

1920 ж. 4 - 12 қазанда Орынборда С.С.Меңдешев басшылық еткен Орталық атқару комитетін және В.Радус-Зенькович басқарған Халық комиссарлар кеңесін сайлаған Қазақстан кеңесінің құрылтай съезі өтті. Қазақтан Ресей құрамындағы автономия болды, оның астанасы Орынбор қаласы болып жарияланды. Осыған байланысты 1920 ж. қыркүйек айында Орынбор губерниясы ҚАССР құрамына енді. Қазақстанның партиялық ұйымдарын басқаруға қолайлы болу үшін Ресей коммунистік партиясының және РКП ОК маңында қазақ бюросы құрылды. Республика жер аумағы 2 млн. шаршы шаќырымѓа жуық, ал халқы 5 млн-ға жететін мөлшерде болды, оған Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Маңғышлақ уезі, Красновод уезі мен Астрахань губерниясының бір бөлігі енді. Түркістан құрамына енген Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу азамат соғысы кезінде туындай бастады. Бұл облыстарының қазақтары солтүстік ауданмен бір республикаға бірігу пікірін үнемі ұсынып отырды. Осы пікірлерді пайдаланып Орталық Азияда пантүркілік және панисламдық идеяны әлсірету үшін Түркістан Республикасы ыдырады орталық өкімет (Мәскеу) ерте жоспарлады. 1924 ж. ТАССР жойылып Өзбек және Түркімен республикаларына бөлінді, біршама уақыт өткеннен кейін Қырғыз және Тәжік республикалары пайда болды. Сырдария, Жетісу облыстары Қазақстанға қосылды. Орынбор қаласымен бірге Орынбор губерниясының бір бөлігі Ресейге берілді, осыған байланысты Қазақстанда жаңа астана мәселесі туралы таңдау Сырдария облысына орталығы Перовскіге (Аќмешіт) түсіп, ол Қызыл Орда деп қайта өзгертілді. Барлық қазақ жерлерінің бір республикаға бірігуі қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең болды және қазақ мемлекеттілігінің ќайта қалыптасуында үлкен рөл атқарды.

Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияныњ Польшаға шабуылымен басталды. Совет үкіметі Германиямен арадағы келісімге сәйкес Польшаның шығыс бөлігіне әскерін енгізді. 1939 - 1940 жылдары Совет үкіметі Финляндияға ќарсы басќыншылыќ соғыс жүргізді. КСРО ќұрамындағы елдер үшін соғыс ауыртпашылыѓы осылай басталды. Қазақстанға қатысты Германия жоспары екі ойлы болмады. КСРО - ны жеңгеннен кейін фашистерд Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан аумағында Гросс - Түркістан рейхкомиссаритын құру, ал Қазақстанның Орталыќ, Солтүстік, Солтүстік Шығыс аудандарын Қарағанды, Новосибирск және Кузнецк « Индустриялды облыстарын құру жоспары болды». Мұнда белорустарды, поляктарды, украиндықтарды, венгерлерді және Шығыс Европаның т.б халықтарын қоныс аудару жоспарланды. Жылдам жаулап алу (блиц-криг) жоспарының күйрегені белгілі болған кезде, фашистерге өздерінің маќсаттарын қайта қарауға тура келді, сонымен бірге олар КСРО-ның орыс емес халықтарын Москваға қарсы күресте пайдалану үшін оларға өзін - өзін басқаруды уәде етті, бірақ бұл жоспар жүзеге аспады.

Соғыстың бірінші күнінен бастап Қазақстан майдан арсеналдарының бірі болды.( Арсенал – күш - қуат, қару - жарақтар қоймасы). Мұның өзі жалпы Одақтық экономикада, өндірістің бар саласында, сол сияқты жаңадан жасауға тура келген єскери экономика саласында да оның үлесін арттыруды талап етті.

Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті, төрт жыл ішінде олар 34 млн. тонна көмір шығарды, бұл өндіріс орнының бүкіл өмір бойы шығарғанынан 3 млн. тонна артық еді. Орал – Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39 пайыз арттырды, электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті.

1941 – 1945 жылдары барлығы 480 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және жеке өндірістер салынды. Бұлардың қатарына көшіріп әкелінген, оның ішінде металл өңдейтін және машина жасайтын зауыттар қосылды, олар миналар, снарядтар, огнеметтер, радиостанциялар және басқа қарулар мен әскери техникалар шығарды.

Жалпы алғанда республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 пайызға өсті, бұл соғыстың алдындағы төрт жылдағы өнімнен 2 пайыз жоғары болды. Экономиканы басқару соғыс мүддесіне бағынды, азыќ-түлік, өнімді карточкалық жүйе түрінде өнімді бөлу, өкілетті институт енгізілді. Көп күш, ќайғы-ќасіретпен жоќшылыќтың нәтижесінде Қазақстан КСРО - ның ІІ дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуіне көмек етті.

Соғыста жеңілу қаупі күшейгенде Сталин мен оны қоршаған большевиктер казармалық социализм идеологиясынан бас тарту, халықтың патриоттық сезіміне амал жоќтыќтан ќолдау жасады..

Ұлы Отан соғысы ќазақтардың ұлттық рухын көтеру үшін батырлық эпостарды басып шығарып, майдангерлерге жазылған хаттарда қазақ хандарының аттары аталына бастады. 1943 жылы Ташкентте Орта Азиялық мұсылман басқармасы құрылысы, муфти сайланды. Барлық әдеби туындылар, немесе көркем ќойылымдар ұлттық және отансүйгіштік құндылықтарды үгіттеу үшін қайта жасалды, ұлт-азаттық көтеріліс тарихы мен оның батырлары зерттеліне бастады. Соғыс жылдарында Кеңес Армиясының қатарына 1млн. 200 мыңнан аса қазақстандықтар шақырылды, 20 - дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да єскери бµлімдер ќұрылды. Майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автомобильдері, 1,5 мың шынжыр табанды трактор, 110,4 мың жылқы жіберілді.

Жүздеген мың қазақстандықтар ерлігі үшін ордендермен және медальдермен марапатталып, ќазаќстандыќ 500-ден астам адам Кеңес Одағының Батырлары атағын алды, оның ішінде екі қыз – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова болды. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының батыр атағына ие болды – Талғат Бигельдинов, С. Луганский, И.Павлов, Л.Беда. Рейхстагта Р.Қошқарбаев жеңіс туын тікті. Соғыстан кейін Батыр жұлдызы көрнекті әскер басшысы Б.Момышұлына берілді. Ұлы Отан соғысына ќазаќтардың ішінен 97 адам батыр атағын алды. Түркістан легионы жайлы жағдайды да айтпай өтуге болмайды. Соғыстың басталған уақытында жүздеген мың Кеңес солдаттары тұтқынға түсті. Оның ішінде қазақ, қырғыз, өзбек және т.б халық өкілдері көп болды. Орта Азиялыќ түркі тілді солдаттардың 80 пайызға жуық фашистік концлагерьлерде адам төзгісіз хайуандықпен қаза тапты. Қалғандарынан гитлерліктер Кеңес армиясына қарсы күресу үшін әскери бµлімдер ұйымдастыруға тырысты. Қазақстан мен Орта Азиядан шыққан солдаттардан бірнеше батальоннан тұратын Түркістан легионын ұйымдастырды, бірақ оны фашистер соғыста қолдана алмады. Көптеген легионерлер қару алған соң майдан шебінен өтіп, Кеңес Армия қатарына оралды, олардың бір бөлігі партизандар қатарына өтіп кетті. Нәтижесінде легион таратылды.

Соғыстан кейінгі кезеңде, соғыс кезінде гитлер лагерьлері мен партизан отрядтарында болған жүз мыңдаған кеңестік соғыс тұтқындары қуғын - сүргінге ұшырады. Ќазаќ жауынгерлерін жігерлендіру үшін соғыс уаќытында жариялана бастаған тарихи шығармаларға ќайтадан тыйым салынып, тарихшы және әдебиетші ғалымдарды ќуғындау басталды.

Кеңес тарихының тағы бір маңызды оқиғасы – тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны. 1954 жылы партияның ОК ақпан - наурыздағы Пленумы Еуразияныњ ұлы даласының шаңын аспанға көтерген елдегі астық өндіруді одан әрі ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру жайлы шешім қабылданды. Бұл КСРО - да астықтың жетіспеушілігінің өсуімен негізделді. 1953 жылы КСРО - да 31 млн. тонна астық дайындалып, 32 млн. тонна шығындалған - бұл колхоздар мен совхоздардың қоғамды азық-түлікпен қамтамасыз етуді орындай алмайтынын көрсетті.

Кеңес үкіметі өзін - өзі қорғау мақсатында мәселені шешудің дағдылы экстенсивті моделін таңдап алды. Астық өндіруді шұғыл ұлғайту есебінен азық - түлік дағдарысын бәсеңдету ұйғарылды. Екіншіден КСРО басшылары славяндарды қазақ жеріне ќоныстандыру мәселесін шешпек болды.

Егер тыңды қазіргі әлеуметтік - экономикалық, саяси шындық негізінде қарастырсақ, онда оның рөлі қазір республика экономикасы үшін зор. Республикада адам басына 1,5 мың килограмм астық өндіріледі. Мұнымен бірге әлемдік тәжірибе бойынша азық - түлік мәселесін жою үшін 1 мың кг. шамасындағы көрсеткішке ие болу жеткілікті екені белгілі. Мұндай елдер әлемде бірнешеу ғана (Канада, Франция, АҚШ, т.б.). Әлемнің егістік алқабының 90 - 95 пайызын жұмсақ бидай сорттары алып жатқанын айта кету керек, мұндай жағдайда Қазақстанның тың аймағы негізінен құрамында ақуызы жоғары қатты бидай өндіретінін ескерсек біздіњ бидайдыќ нарыќтыњ ќұны өте жоғары екенін білеміз. Бұл сорттың өндірілуінің ірі әлемдік массиві Қазақстанда орналасқан, бұдан шығатыны тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде республика өзінің қажеттілігін толық қамтамасыз етіп ќана ќылмай, сонымен қатар әлемдік нарыққа жоғары технологиялық астықты экспорттау үшін де алғашарттардың барлығына иеленді.

1954 жылы тамызда Қазақстанда 6,5 млн. га жер жыртылды. 1955 жылдың басына таман жыртылған жердің ауданы 8,5 млн. га жетіп, 90 жаңа совхоз құрылды. 1954 жылдың күзінен бастап тағы да 250 совхоз құрыла бастады. Жаңа жерлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету үшін, елдің батыс аудандарынан еріктілерді әкелді, оларға дүние-мүлкімен бірге тегін көшіп келуге, үй салуға 10 жылға дейін өтеу мерзімімен 20 мың рубль несие беру, екі жылдан 5 жылға дейін салықтан босату тәрізді жеңілдіктер берілді. Сонымен бірге тың игеруге келмек болған республикаларда тұратын қазақтарға тыйым салынып, тыңгерлерді көбейту үшін түрмелер мен лагерьлерден босатып, славян ұлтының өкілдерін айдап әкелді.

Тың игерудің алғашқы жылдары ауа райы қолайлы болды. 1956 жылы елде 125 млн. тонна рекордтық астық жиналынды, оның 50 пайызы тыңайған жерлерден алынды. Бірақ экологикалық тепе-теңдіктің бұзылуы мен жел эрозиясы 50-жылдар аяғында нақты проблемаға айналды. 1960 жылы Солтүстік Қазақстанда тыңайған жерлерді тиімсіз игеру нәтижесінде шаруашылық айналымнан 9 млн. га ќара топырақты аймақ шығарылды. 60 - жылдардың басында елді азық - түлікпен қамтамасыз ету үшін шет елден 1 млрд. долларға 12 млн тонна астық сатып алуға мәжбүр болды. Тың топырағының құнары жылдан - жылға құлдырай берді, егер 1954 - 58 ж. орташа өнім 7,3 ц/га болса, 1961- 65 ж. 6,1 ц/га болды.

Тың жерлерді игеру Қазақстанда шабындық және жайылымдық жерлердің қысқаруына және республиканың дәстүрлі ауыл шаруашылық саласы – мал шаруашылығының дағдарысына әкелді. 1955 ж. КОКП ОК арнаулы шешімін қабылдап, 47 далалық аудан мен 225 совхозға мал етін өндіруге міндеттеуге тура келді. Нәтижесінде үлкен күшпен 1960 жылы республикадан мал басының жалпы санын 36,4 млн- ға дейін көтеруге мүмкін болды ( 1928 ж. – 40,5 млн. бас). Сонда да болса, халық санының өсуіне байланысты азық-түлікпен қамтамасыз етуде белгілі қиыншылықтар болды, сол себепті үкіметтің 1962 ж. алғаш рет ет бағасын 30 пайызға, майды 25 пайыз өсіруіне тура келді. Ет өнімін жоспарланған үш есеге дейін өсіру мүмкін болмады. Қазақтың мал шаруашылығы тың игеру жылдарында күйзелістен әлі күнге дейін оңалған жоќ.

Негізінен тың игеру Қазақстанды әлемдегі ірі астық өндірушілердің біріне айналдырды, сонымен бірге мал шаруашылығының дағдарысына алып келді деп айтуға болады. Сонымен ќатар тың игеру жылдарынан Қазақстанның экологиялық апаттары мен демографиялық қарама-қайшылықтары өз бастауын алады.

Реформа жасауға талпыныс жасау және демократиялық идеялардың туындауы И.Сталин қазасынан кейін (1953 ж. наурыз) СОКП ОК бірінші хатшысы болып тағайындалған Н.С.Хрущев (1953 - 1964 ж.ж.) атымен байланысты. Айтылып отырған кезең қазіргі тарих ғылымында «Хрущевтік жылымық» деп аталынды. Ол ең алдымен саяси режимнің әлсірегенін білдіреді. Сталин қазасынан кейін КСРО - ның Жоғарғы Кеңесі кешірім жасау жайлы Жарлық қабылдады. Осыған байланысты 1 млн. 20 мың адам түрме мен лагерьде отырған жерінен босатылды.

Берияның қамауға алынып, атылуынан кейін Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптау адамдардың көңіл күйіне оң әсер етті. Тоталитарлық мұз еріп, темір құрсау босап, бұғау алына бастады.

Экономикалық дамуда ауқымды алға басушылық жүзеге асып жатты. 50 ж. Қазақстанда бірқатар ірі өндірістік құрылыстары салына бастады . Соның ішінде Қарағанды металлургиялық және Соколов - Сарыбай тау-кен комбинаттары. Жалпы 50 ж. қатарға 700 жуық жаңа кәсіпорындар қосылды. Соның ішінде Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Ертістегі СЭС , жаңа көмір шахталары. 1950 ж. 17,3млн. тонна көмір алынса, 1960 ж. 32,3 млн. тонна көмір, 1960 ж. 2,6 млрд. кВТ энергия өндірілсе, 1960 ж. 10,6 млрд. кВТ сағ. электр энергиясын өндірген.

60 ж. темір жолдар жүйесі жақсы дамыды. Ол 1960 ж. 11, 47 мың км. құрады. 1958 ж. Республика аумағы бойынша өтетін магистралдардың басын қосатын қазақ темір жолы салынды.

60 ж. басында кәсіпорындарды техникалық қайта жабдыќтау мен жаңа технологияны кіргізу, электрлендіру, өндірісті механизациялау, автоматтандыру жайлы мәселе қозғалды. Бұл кейбір еңбек салаларында өнімінің өсуіне, ғылымды қажетсінетін өндірістің күшеюіне әкелді.

КОКП ОК қыркүйектік пленумінде (1953 ж.) шаруаларға экономикалық және саяси қысым жасауды әлсірету жайлы мәселе алғаш рет қойылды.

Ауылды одан әрі қанаудың, қайыршыландырудыњ мүмкін еместігін түсінген Хрущев мемлекеттік салықты азайту аграрлы секторда инвестицияны ұлғайту тәрізді идеяларды партиялық шешімге енгізе бастады. Мұнымен байланысты ұлттық табысты ауыл пайдасына қайта бөлу бойынша бірқатар шаралар қабылдана бастады; салық саясаты өзгертілді, ауыл шаруашылық өнімін сатып алу және дайындау құны өсірілді. Сталиннің қатал саясатынан алыстау ауыл тұрғындарын құлдықтан босату, оларға паспорт т.б. ќұжаттарын беру нәтиже бере бастады. Аграрлық саясаттағы өзгерістерге колхоз шаруалары ауыл шаруашылық өнімнің біршама ұлғаюымен бере бастады. 60 ж. ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 28 пайыз өсті, ал колхоздар мен совхоздарда еңбек өнімділігі 1,8 пайызға өсті.

Республика теңдессіз ауылшаруашылықты ауданға айналды. Қазақстан КСРО ауыл шаруашылығының өндірістік қуатының 11%-н құрады.

Мұның бәрі ауыл шаруашылық өнім өндірісінің шұғыл ұлғаюына бағытталған «Американы қуып жету, озу» ұранын тудырды. Бірақ экономикадан тыс шаруашылыќты басқарудың әкімшілік әдістерінің басымдылығы 50 ж. аяғы мен 60 ж. басында экономикалық және әлеуметтік дағдарысты туындатты. КСРО - ның өндірісі дамыған, қалалары көп аудандарына тамаќ жетімсіздігі сезіле бастады.

Экономиканы басқару облысында ойланбай жасалынған реформалар азық- түлік мәселесінің ұлғайтып, халықтың наразылығын өршітті. Хрущев саясаты өте кереғар жүрді. Саяси режим әлсірегенімен меншікке көзќарас өзгерген жоқ. Үкімет колхозшылардың қолындағы малымен, огородымен күресе бастады. Әсіресе, үкімет қазақтың жылқысын құртуға ұмтылды. Бұл патша заманынан келе жатқан дәстүр еді.

Әлеуметтік экономикалық ауыр жағдайға қарамастан 1959 ж. жеті жылдық жоспар қабылданды, бұл жоспар бойынша Кеңес Одағы дүние жүзінде өндіріс көлемі бойынша 1965 ж. таман бірінші орынға шығуы тиіс болды. Елдегі социализм құрылысы аяқталды және көптен күткен коммунизм 80 ж.ж. басында орнайды деп жарияланды.

Ұлттық саясат та түбірінен өзгеріске ұшырады. Жаңа қауымдастықты- «Кеңес халқын» қалыптастыру мақсатында ұлттық мектептерді жауып, ұлттық тілді қолдану салаларын қысқартып, шовинистік үгіт-насихат жүргізіп орыстандыру саясаты мадақталды. 80 ж.ж. таман КСРО-ң барлық этностарын араластыру және ұлттық республикаларды жойып жіберу міндеті алға қойылды. Республикалардың мүдделерін есепке алмастан олардың шекаралары ауыстырыла бастады. Осылайша, 1962 ж. Өзбекстанға Оңтүстік Қазақстанның үш мақталы ауданы берілді.

1961 ж. Қазақстанның басшысы болып, бұған дейін Республиканың Министрлер Кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеген және Қазақстанды үздіксіз ширек ғасыр басқарған Д. Қонаев тағайындалады. 1962 ж. Хрущев партияны екі ұйымға – өнеркәсіптік және ауылшаруашылықтық етіп бөлген партиялық реформаны ұсынды. Партия экономиканы басқаруға тиісті болды, бұл партияның жоғарыдағы өкілдерінің және аймақтық қызметкерлерінің наразылығын туғызды. Құпия жағдайда мемлекеттік төңкеріс даярланды және 1964 ж. Н.Хрущев биліктен тайдырылды. Орталық Комитеттің бас хатшысы болып Л.Брежнев, ал үкімет басшысы болып А.Косыгин сайланды.

Қазіргі тарихнамада 70 - 80 ж.ж. тоқырау жылдары деп атайды, өйткені ХХ ғ. 70 - ші ж.ж. ХХ ғ. 60 - шы ж.ж. ортасында басталған реформалар тоқтатылды.

Өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісі өсімінің орташа көрсеткіштері өсті. 1966 70 ж.ж. халық шаруашылық кешені жоспарлы экономиканы енгізген кезден бастап µз өсуінің шарықтау шегіне жетті. Республика КСРО - ң аса ірі өнеркәсіптік аймақтарының біріне айналды. 9-шы бесжылдықтың басына қарай өнеркәсіп республиканың экономикасында алдынғы орында болды. 1970 ж. жалпы қоғамдық өнім құрылымында оның үлес салмағы 48% - ды құрады. Оның үлесіне халық шаруашылығының негізгі өндірістік қорларының 39,8% тиді, мұнда 1052 мың адам немесе республиканың барлық жұмысшыларының 22,4% жұмыс істеді.

1970 - 1985 ж.ж. республиканың индустриалдық қуаты белгілі бір мөлшерде өсті. Мыңға жуық жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындар мен цехтар іске қосылды. Соның ішінде Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмас зауыты, Қарағанды резинотехникалық бұйымдар зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Қарағанды металлургиялық комбинатындағы ақ қаңылтыр цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС- і, Қапшағай ГЭС - і, Шымкент және Жамбыл фосфор зауыттары, Жәйрем кен байыту комбинаты және т.б. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша Қазақстан КСРО - да 3 -ші орын алды (РСФСР мен Украинадан кейін). Территориялық - өндірістік кешендер – Маңғышлақ, Қаратау - Жамбыл және Павлодар - Екібастұз кешендері қалыптастырылды. Егер де Қазақстан өнеркәсібін құрылымдық жағынан қарасақ, онда оның көзге ұрып тұрған шикізаттық бағытын байқау қиын емес. Отын – энергетикалық кешені, түсті және қара металлургия, химиялық және мұнай химиялық салалар көбірек дамыды. Нәтижесінде салыстырмалы түрде өнеркәсіптің өндірушілік саласының үлес салмағы жоғарлады. Республикадан шикізаттық ресурстарды сорып, орасан зор пайда түсіріп республика өнеркәсібінің жартысына жуығының бақылап отырған одақтық ведомстволар республикалық бюджетке, әлеуметтік инфроқұрлымның дамуына, ұлттық жұмысшы кадрларды дайындауға, қоршаған ортаны қорғауға ешқандай қаржы бөлген жоқ.

Аграрлық секторда да ауыр жағдай қалыптасты. Ауыл шаруашылығына капитал салу үнемі өскенмен, оның энергетикалық қуатының екі есе өсуіне қарамастан жалпы өнімнің көлемі өспек түгілі, қайта керісінше тұрақты түрде азаюға бейім болды.

Өзінің территориясында дүниежүзілік қара топырақтыњ 2/3, дүниежүзілік ауылшаруашылық алқаптарын көлемі бойынша 1-ші орында бола тұра, ірі қара мал, қой, шошқа және құс өсіру жағынан абсолютті көш басында ал, Ұлыбританияға қарағанда 10 есе және Данияға қарағанда 40 есе көп тауар айналымына ие бола тұра КСРО азық түліктің аса ірі импортері болып қала берді. Бір сөзбен айтќанда большевиктер саны бар, сапасы жоќ экономикалық жүйе жасады.

ХХ ғ. 70 ж.ж. шаруашылықты жүргізудің, жоспарлаудың және ынталандырудыњ механизмдерін жақсартуға қаншама тырысушылық болса да, қажетті тимділік келген жоқ. 70 - 80 ж.ж. дағдарыстық құбылыстардың өршуіне бәрінен бұрын әкімшілік - әміршілдік жүйе кінәлі. Басқарудың экономикалық емес командалық әдістері еңбекшілерді өндірістен жатсындырды, шаруаға қырсыздықты, ысырапты және өз бетінше жұмыс істей алмаушылықты туғызды. Осы жылдары тіршіліктіњ дамуы КОКП - нің өзінің мәні жағынан экстенсивті және халыққа қарсы экономикасы әбден құлдырап, жүйенің түбегейлі қиратылуын талап етті.

Кеңес үкіметі билігі кезінде қазақ халқының этникалық құрамы өзгереді. 70 - жылдардан бастап Қазақстан туралы былай айтылған: «жүз тілдер планетасы», «халықтар достығының зертханасы».

30 - ж. Қазақстанда қоныс аудару саясатының максимальді даму кезеңі болды. Бұл уақытта өлке аумағына елдің орталық аймағынан халық көптеп келе бастады. Бұл кезеңнің қоныс аудару саясатын үш бағытқа бөлуге болады: өндірістік, ауылшаруашылық. Ќоныс аударудың негізгі ерекшілігі күшпен, репрессияны ќолдану және жергілікті ќазаќты ќырғынға ұшырату. Осылайша, 1928 - 32 ж.ж. РКСФР- дің басқа елдерінен республикаға 100 мыңға жуық шаруашылық көшіп келеді. Ашық және ресми түрде жүргізілген жоспарлық қоныс аударудан басқа 30 - 40 ж.ж. әлеуметтік, кейін ұлттық белгі бойынша күштеп қоныс аудару дами бастады. Ұжымдастыру басталысымен ресми құжаттарда бай спец переселендерді шаруа және кулак деп тәркілеген өзге республика өкілдерін көшіріп әкелуден бастап, арнайы қоныс аудару бұқаралық сипат алады. 1930 ж. көктемде Қазақстанға 0,5 млн. «арнайы қоныс аударушылар келеді».

1937 ж. Қазақстанға жапон барлау қызметімен байланысы бар деп айыпталған 95 мың 903 адамнан тұратын корей диаспорасы Ќиыр Шығыстан қоныстандырылды. 1939 - 1941 ж. Батыс Белоруссия мен Батыс Украинадан, Балтық жағалауындағы Кеңестік республикалардан поляктарды қоныс аудару (депортация) жүзеге асырылды. Бұқаралық депортация алдында санақ бойынша 1939 ж. Қазақстанда 54,7 мың поляк, 3,6 мың латыш, 808 литвалықтар және т.б тұрған

1941 ж. 28 тамызда фашистермен байланысы бар деген айыппен 349 мың 713 неміс, 1944 ж. ақпанында ингуштер мен шешендер, наурызда башқұрлар, қарашада түрік масхетиндер Қазақстанға күштеп қоныс аударылды. 1946 ж. қазанда мұнда 890698 арнайы қоныс аударушылар болды. Күштеп қоныстандырудың күндерінде бұл елдердің біразы аштық пен ауру садарынан қаза тапты, аман қалғандары еңбек армияларында жұмыс істеді. Олардың жаңа ќоныстарын тастап кетуіне тыйым салынды, бұл жағдайды бұзған адам 20 жылға дейін каторгалық жұмысқа жегілді.

Ішкі істер халық комиссариаты мен КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ресми құжаттары күштеп қоныстандыру себептерін фашистік режимді қолдаушыларға, бандитизмнің пайда болуына жасалған қарсы әрекет деп түсіндіреді. Шын мәнінде бұл шара аз халыќтарѓа Ресей тарапынан жасалған дәстүрлі зорлық-зомбылықтың шектен шыққан түрі еді.


Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет