Қазақ халқы — тамырын жеті қабат жер астына жіберген алып бәйтеректей өзегін ғасырлар тереңіне тартып, осынау қасиетті ұлы даласынан табан аудармай, дауылдармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан байырғы халық.
Дүрбелеңге толы дүбірлі кезең Абылайдың тапқырлығы мен табандылығы, ақылдылығы мен алғырлығын танытуына жағдай жасайды. Жинаққа Көкбай ақынның «Сабалақ», «Төрт төре», «Наурызбай-Фатима» хиссалары енген. Шығарманың қай-қайсысында болмасын, қазақ мемлекетінің ірге теуіп қалыптасуындағы, ұлттық мәдениетінің өркендеуіндегі төрелер әулетінің бағасы беріледі.
Аманжолов К., Равхметов Қ.
Түркі халықтарының тарихы.2-кітап: XIV ғ-дан XVIII ғ-дың бірінші жаршасына дейінгі кезең. – Алматы: Білім, 1997. – 288 бет.
Бұл оқу құралда IX - XIII ғасырлардағы Русь және Түркі халықтарының тарихына қысқаша шолу жасай отырып, Алтын Орданың қоғамдық-саяси құрылысы (XIII-XV ғ.), Кавказдағы түркі халықтары (XIII-XVIII ғ.), Ақ Орда мен Көк Орданың ыдырауы және тәуелсіз хандықтардың құрылуы, олардың Ресеймен қарым-қатынасы (XV-XVIII ғ.-дың бірінші жартысы), Жошы, Шағатай ұлыстарының ыдырауынан кейінгі Орта және Орталық Азияда құрылған тәуелсіз мемлекеттер (XV-XVIII ғ.-дың бірінші жартысы) туралы мәселелер баяндалады.
Артықбаев Ж.О.
Қазақстан тарихы. – Астана: Фолиант, 2003. – 264 бет.
Кітапқа көне замандардан сақталған шежірелер, жазба деректер, археологиялық және этнографиялық мәліметтер енді.Қазақстан тарихының негізгі, шешуші кезендерін сипаттау үшін біздің қоғамтану ғылымдарында алғашқы рет қазақ шежіресі пайдаланылды. Сонымен қатар, автор өзінің этнологиялық дайындығын тарихи материалдарды сұрыптау мен жүйелеуде, талдауда оңтайлы қолданды.
Ахмет А.
Қаратай хан. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 176 бет.
XVII-XIX ғасырлардағы аты белгілі тарихи тұлғалар қатарында халқына қалтқысыз қызмет еткен, патшалық Ресейдің отарлау саясатына ашық қарсы шығып, қолына қару алып күрескен, қазақ мемлекттігін сақтауға тырысқан соңғы хандардың бірі – Қаратай хан Нұралы хан ұлы (1771-1826). Сондай-ақ кітапта Қазақстанның батыс аймағында соңғы үш ғасыр бойы толассыз өрбіген ұлт-азаттық қозғалыстың сабақтастығы тың мұрағаттық деректермен толықтырылып, жаңа қырынан сөз болады.
Әбжанов Х.
Қазақстан: тарих, тіл, ұлт. – Астана: «Ана тіл – Ата тарих» баспа –зерттеу орталығы ЖШС., - 2007. – 272 бет.
Кітапта Отан тарихының этномәдени қырлары, ондағы ұлт зиялыларының орны, қазақ тілі мен ономастикасының мәселеллері зерделенген.
Әміржанұлы А.
Алашқа аты жайылған Төремұрат: тарихи-ғұмырнамалық хикаят. – Алматы: «Арыс», 2005. – 256 бет.
Бұл кітапта ХІХ ғасырда өмір сүріп, патша отаршыларына қарсы күрескен, атағы Атырау-Жем-Маңғыстау және Қаразым өңіріне кеңінен мәлім болған халық батыры Төремұрат Тайлыбекұлы туралы өлкетанушы-тарихшының соңғы 21 жыл бойына жазған еңбектері топтастырылған. Сонымен бірге, батырмен тізе қоса отырып, халық қамы үшін күрескен Өтен, Нарынбай және Күгжарық батырлар туралы да деректер сыр шертеді.
Әмірханов М.Б., Сандықбаева Ө.Д.
Ежелгі және орта ғасырлардағы қазақстан тарихы. – Алматы: Заң әдебиеті. – 2008. – 62 бет.
Бұл оқу құралды Қазақстан тарихының белгілі бір кезендердің жаңа қырынан көрсетуге талпыныс жасалынған. Онда Қазақстандағы тарихи процестердің даму барысындағы негізгі жаңа мәліметтер келтірілген.
Бабырнама – тарихи-әдеби, естелік шығарма. Орталық Азия халықтарының тарихи ескерткіш мұрасы. Авторы Үндістанда Ұлы монғол мемлекетінің (1526-1858) негізін қалаған Темір әулетінің ұрпағы Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр.
Байбатша Ә.
Қазақ даласының ежелгі тарихы. – Алматы: Санат, 1998. – 192 бет.
Қазақ даласы - алғашқы адамдар пайда болған әлемдегі қазіргі белгілі үш ошақтын бірі. Антропогендік және археологиялық зерттеу жұмыстары алғашқы адамдар тасты және металды игерген дәуірлердің мәдени ескерткіштерін зерделеу, сараптау барысы көрсеткеніндей, олардың даму жолы бес кезеңге бөлінеді.
Байдосұлы З.
Үш ғасыр перзенттері. – Ақтөбе өңдірістік «Полиграфия» баспахана бірлестігі, 1997. – 363 бет.
«Үш ғасыр перзенттері» – Ақтөбе облысының жерінде туып өсіп, дүлдүл ойшылдығымен, елінің ар-намысың, жерін қаһармандықпен қорғаған, сөйтіп тарихқа терең із қалдырған Әйтеке би, Есет Көкіұлы, Қайдауыл батыр, ХІХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы халық-азаттық қозғалысының туын көтерген Есет Көтібарұлы, тағы басқа мәселелер жайлы архив қорларындағы деректерге негізделген алғашқы ғылыми зерттеулер жинағы.
Бозымов Қ.,Орамах Ж.
Жәңгір хан – реформатор: Ғылыми басылым – Орал-Ақтөбе,2011.-200 бет.
Бұл еңбекте Бөкей хандығының құрылуының себептері мен Жәңгір ханның билікке келгеннен кейін жүргізген саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-ағарту өркенниеттілік бағыттағы реформалары туралы деректер мен әдебиеттерге сүйеніп жазылған. Еңбекте Бөкей мен Жәңгірдің адами-тұлғалық жақтары кеңінен көрсетілген.
Галиев А.
Керей мен Жәнібек. Тарих, тұлға, уақыт. – Алматы: «Аруна» баспасы, 2004. – 92 бет.
«Аруна» баспасы «Шығыстың ұлылары» деген топтаманың жалғасын ұсынады. «Керей мен Жәнібек» осы топтамаға енген кітаптардың бірі. Қазақ және орыс тілдерінде жазылған бұл көркем суретті туындыда Қазақ хандығының негізін қалаған екі хан Керей мен Жәнібектің өмір жолы суреттелген.
Гумилев Л.Н.
Көне түріктер: көпшілік оқырман қауымға арналған. – Алматы: Білім, 1994. – 480 бет.
Белгілі ғалым – тарихшы, этнограф, тарих ғылымының докторы Л.Н. Гумилев кітабында ежелгі түріктердің қуатты мемлекеті – түрік- қағанатының туу, даму және құлау жолын зерттеп , тарихи проблемалардың кең көлемді мәселелеріне; түріктердің саяси өміріне, тұрмысы мен дінін, мәдениетіне және Орталық Азия көшпелерінің екі дәуір – ежелгі заман, орта ғасыр заманы тоғысар кездегі географиялық қоныс- өзгерістеріне көп көңіл бөлген.
Гумилев Л.Н.
Хұндар. Орыс тілінен ауд. Ә. Жұмабаев, П. Бейсенов. – Алматы: Қазақстан, 1998. – 528бет.
Лев Николаевич Гумилевтің оқырмандар назарына ұсынылып отырған «Хұндар» мен «Хұндар Қытайда» кітабы оның «Дала» трилогиясың бірінші бөлімі болып табылады. Автордың екінші кітабы – «Көне түріктер» (1994), үшінші кітабы – «Қиял патшалығын іздеу» (1992) қазақ тілінд басылып шыққанына қарамастан ол кітаптар оқырман қауым арасына тез таралып кеткен еді. Көне Шығыстың байырғы халықтарының бірі және біргейі де болып есептелетін хұндар өзінің пәрменді тарихи тіршілігімен Еуразия құрлығын мекендеген халықтар өміріне орасан зор ықпал еткен.
В альбоме-книге представлен богато иллюстрированный материал об Отраре – историческом памятнике средневекового Казахстана, в основном собранный музеем «Древний Отрар».
Книга «Древний казахстан» познакомит с историей предков, живших на казахской земле. Это своеобразное путешествие по следам исторических событий, начиная с древних времен до наших дней.
Ежелгі Қазақстан. – Алматы: «Аруна» баспасы, 2009. – 224 бет.
Бұл кітап өзінің ата-бабаларының басынан өкізген шынайы тарихымен таныстырады. Сөйтіп туған елінде ежелгі дәуірлерден бастап бүгінгі күнге дейін болған оқиғалардың ізімен саяхатқа шыққандай әсерге бөленесің, мол мағлұмат аласыңдар.
Жарас мерген Пұсырмаұлы: Шектінің батыр мергені Жарас Пұсырманұлының (1688-1774ж.ж.) туғанына 320 жыл толуына арналады. – Ақтөбе, 2008. – 398 бет.
Бұл кітапта ХVII ғасырдың аяғы ХVIIІ ғасырдың орта шенінде ғұмыр кешкен тарихи тұлға Жарас мерген Пұсырманұлы туралы тарихи деректер мен әлсана-аңыздар жинақталған. Жарас мерген өмір сүрген дәуір тыныс «Жалғыз оқ» тарихи-деректі повесінде жан- жақты баяндалған.
Бүгінде бір рулы ел болған Жарас ата ұрпақтары естеліктері және ата есімін ел жадында қалдыру мақсатындағы атқарылған жұмыстар, өсіп-өркен жайған ұрпақтар шежіресі келтірілген.
Жұмашев Т.
Қарадан шыққан хан. – Қызылорда: «Тұмар», 2006. – 56 бет.
Бұл туындыда ХІХ ғасырда қазақ халқының азаттығы мен тәуелсіздігі жолында теңдессіз ерлік көрсеткен батыр, көріпкел әулие, ел бірлігін сақтауға ұмтылған Бекмырза хан туралы әңгіме болады.
Закирьянов Қ.
Шыңғысханның түркілік ғұмырнамасы. Қазіргі заман қазақтарының киелі аңызы: құжаттамалық зерттеу. – Алматы: «Жібек жолы» баспасы, 2009. – 282 бет.
Бұл кітап Кеңестік империяның құрамында болған және Ресей империясының отарлау саясаты кезеңінде ашылып айтылмаған, әділетсіздікпен ұмыттырылған қазақ халқының ұлы тарихына арналады. Осы еңбекте жоғарғы палеолит дәуірінен бастап, Шыңғысхан сынды тарихи тұлғалардың басқаруымен ұлы өркениетке қол жеткізген түркі және қазақ тайпаларының дамуы аясындағы қазақ руларының шығу тегі жан-жақты сарапталады.
Касымбаев Ж.К.
Государственные деятели казахских ханств. ХVIII – первой половины XIX вв. Жангир Хан (1801-1845гг.)Т.4. – Алматы: Наш Мир, 2001. – 352 с.
Настоящая книга посвящена жизни и деятельности Жагира Бокеева, одного из незауряных личностей в истории казахской феодальной государственности. Преимущественное внимание уделено таким аспектам, как своеобразие управления Внутренней ордою, социально-экономические процессы в его эпоху, окружение хана, обстоятельства его возвышения, специфика политики в отношении России и т.п.
Көрнекті жазушы-ойшыл Әбіш Кеілбайұлының қазақтың ұлт-азаттық қозғалсысы жайлы жазылған жаңа деркті-тарихи баяны күрескер ақынның 200 жылдығы қарсыңында дүниеге келген сүбелі еңбек болғандықтан «Махамбет әлемі» сериясына енгізіліп отыр.
Көмеков Б.
Мөде қаған. Тарих, тұлға, уақыт/ Көмеков Б., Кәрібаев Б. – Алматы: «Аруна» баспасы, 2003. – 96 бет.
«Мөде қаған» – «Шығыстың ұлылары» деген топтамаға енген алғашқы кітаптардың бірі. Қазақ және орыс тілдерінде жазылған бұл көркем суретті туындыда көшпенділер империясын құрған атақты тұлға Мөде қағанның өмірі мен сол дәуірдегі тарихи оқиғалар баяндалады.
Көмеков Б.
Мұхаммед Хайдар Дулат. Тарих, тұлға, уақыт/ Көмеков Б., Кәрібаев Б. – Алматы: «Аруна» баспасы, 2004. – 96 бет.
Қазақ және орыс тілдерінде жазылған бұл көркем суретті туындыда сегіз қырлы, бір сырлы атанған кемеңгер дана және дарынды қолбасшы Мухаммед Хайдар Дулаттың өмір жолы суреттелген.
Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты. – Алматы: ТОО «Print-S», 2012. – 224 бет.
Жинақ қазақ көтерілістерінің құбылысы мен жұмбағын, тағылымы мен қорытындыларын, қозғаушы күштері мен басшыларын ғылыми, теориялық-методологиялық тұрғыдан зерделеуге арналған. Жинақта XVIII-XX ғасырлардағы қазақ даласын дүбірлеткен көтерілістердің қайнар көзі, дәуірлері, қатысушылардың құрамы, көздеген мақсат-мұраты, бүгінгі азаттық идеясымен үндестігі дәйектелген.
Қазақ хандығы. 2 бөлім. – Алматы: «Аруна» баспасы, 2009. – 224 бет.
Қазақ және орыс тілдерінде жазылған бұл көркем суретті туындыда Орталық Азиядағы XV- XIX ғасырлар аралығындағы қоғамдық-саяси жағдай, тарихи тұлғалардың өмір жолдары мен атқарған істері қызғылықты баяндалған.
Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері: 1 том: Өтеміс қажы Шыңғыс-Наме/ М.К.Әбусейітова (Торайым). - Алматы: Дайк-Пресс, 2005. - 400 б.
Кітап Өтеміс қажы ибн Маулана Мұхаммед Достының XVI ғасырда жазған түркі тілдес тарихи «Шыңғыс-наме» шығармасының қазақ тіліндегі алғашқы басылымы болып табылады. Дешті Қыпшақ көшпенділерінің XIV ғасырдағы саяси тарихы, әлеуметтік-экономикалық өмірі туралы баяндайтын басылым Қазақстанның Орталық Азияның, Еділ бойы мен Сібірдің орта ғасырлық тарихының деректану саласына қомақты үлес болып қосылады.
Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері : 2 том. Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Енисей, Талас)/ Ред. Б.Базылхан. - Алматы: Дайк-Пресс, 2005. - 252 бет.
Бұл еңбекте түрік дәуірінің бітіктастары мен ескерткіштері Енисей, Орхон, Талас аумақтары бойынша жинақталып, зерттелген. Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері Түрік Елінің мәдениеті мен тарихы, түріктердің мемлекеттігі туралы ақпарат беретін ерекше жазба ескерткіштер болып табылады.
Калиева К.С.
Тарихнама. – Алматы: ҚР ЖОО қауымдастығы, 2013. – 280 бет.
Оқулықта тарихнаманың негізгі ұғымдық-терминологиялық аппараты, ежелгі заманнан бастап орта ғасырлардағы, жаңа замандағы тарих ғылымының білімдері және қазіргі заманғы тарихнама ғылымының дамуының негізгі бағыттары көрсетілген.
Екі бөлімнен тұратын бұл еңбекте көне түріктер мен қазіргі қазақ халқының құрамындағы тайпа - рулардың тарихы баяндалған. Автордың көп жылғы зерттеулеріне негізделген қазақ тарихына қатысты өзіндік сыни көзқарастары, тарихи- философиялық пайымдары тың зерттелерге мұрындық болады деп үміттенеміз.
Құндақбаева Ж.
Кейінгі орта ғасырлар кезеңіндегі Қазақстан тарихы (ХІІІ-ХVІІІ ғ. Алғашқы жартысы): оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. – 154 бет.
Оқу құралында орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеу бойынша қол жеткізілген тарихнамалық ой-пікірлердің соңғы жетістіктері, араб-мұсылман авторлары шығармаларының үзінділер берілген. Кейінгі орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына қатысты әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан мәселелер тарихнамалық тұрғыдан ұсынылған.
Ликеров И.А.
Қазақстан: Еуразия даласы этностарының қысқаша тарихы. – Көкшетау: «Келешек-2030», 2008. – 288 бет.
Бұл жинақта теориялық, экономикалық өрілістер берілмейді, тек Ұлы даланың ұлан-ғасыр кеңістігінде және уақыт өлшемі ішінде өткен оқиғалар тізбегінің біртұтас көрінісін қалыптастыруға мүмкіндік беретін өзіндік панорама жасалады.
Мұқаметханұлы Н.
Қазақ тарихының өзекті мәселелері: Монографиялық зерттеу. – Павлодар: «Brand Print», 2010. – 311 бет.
Оқырмандарға ұсынылып отырған зерттеу жұмысында, қазіргі отан тарихындағы ең өзекті мәселелер қарастырылған. Қазақ халқы және мемлекетінің бастау көздері және оған қатысты кейбір тарихшылардың қате көзқарасына жүргізген ғылыми дискуссиялар, қазақ тарихына қатысты қытай деректеріне сипаттамалық анықтамалар, орта ғасырдағы Орталық Азия мен Қытай арасындағы қарым - қатынастар және тарихтану, деректану, мәдеиетану және тарих философия ғылымдарының әдістемелерімен терең зерделенген.
Мұқтар Ә.
Тарих тұңғиығындағы тұлғалар. –Алматы: Арыс, 2008. – 240 бет.
Жинақтағы әрбір ғылыми мақала нақты кейіпкерлер туралы ойыңызға ой қосып, жаңа түсінікпен қарауға әсер етері анық. Хан-сұлтандардың өзара қарым-қатынасы, Кенесары, Қаратай Нұралыұлы, Қайыпқали сұлтан т.б. қайраткерлер әлі күнге дейін әділ бағасын ала алмай келе жатқаны ашық көрсетіледі. Тіптен бұрын-соңды зерттелмей келген Арынғазы Әбілғазыұлы жайлы тың мағлұматтар ұсынады.
Мурад А.
Дешті қыпшақ даласының жусаны../ Ауд. М.Ақдәулетұлы. – Ақтөбе, 2011. – 264 бет.
Ата-бабаларымыз алыс сапарға аттанарда мойынына бір шымшым жусан салынған тері тұмарды жақсылыққа ырымдап тағыпты. Жанды жебер қуатым деп сенгені. Дала перзенті үшін жусан иісінен қастерлі, жанына одан жақын иіс болмаған. Бұл кітап біздің қыпшақ-половец халқын бөлшек-бөлшек боп бөлініп, тағдыр тепкінінен жарық дүниеге тарыша шашылып кеткен халықты өз діліне, өзінің оты әлдеқашан суып қалған ошағына қайта оралуға шақырады.
Райымбек: Ұжымдық жинақ. – Астана: Елорда, 2005. – 344 бет.
Райымбек – батыр әрі әулие адам. Батырлардың батыры. Мың сан сарбазды соңынан ерткен, қаһармандықтың жеке үлгісін талай рет жекпе-жекте танытқан қолбасшы. Халқын іргесі сөгілмейтіндей, бірлігі бұзылмайтындай етіп берік топтастырған дангөй басшы. Жауына қатал, досына адал. Қазағы үшін өзін құрбан етер отаншыл.
Бұл кітаптан үш ғасырдың үйлесімді үнін, жыры мен сырын ұғасыз, кешегіге бүгіннің биігінен қарайсыз.
Тарихы терең Түркістан. – Алматы: «Білім», 2000. – 200 бет.
«Ер түріктің бесігі, екі дүниенің есігі» болып, екінші Мекке атанған Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойына арналған бұл кітап Елбасы Н.Назарбаевтың құттықтауы енген «Лебіздер» және ғылыми мақалалар қамтылған «Ғасырлар сыр шертеді» атты екі бөлімнен тұрады.
Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселеллері./Бас редактор Б.Ғ. Аяған. – астана, 2008. – 209 бет.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Мемлекет тарихы институтының дәстүрлі түрде шығып тұратын ғылыми бюллетенінің алғашқы саны тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелеріне арналған. Ұсынылп отырған ғылыми жинаққа Отан тарихының тәуелсіздік жылдарындағы тарихын зерттеудің теориялық-методологиялық мәселелері, этномәдени даму мен тарихтағы ұлт зияларының жетекші орны және басқа да тақырыптар зерделенген ғылыми еңбектер еніп отыр.
Халқымыздың негізін құруға қатысқан байырғы түріктер мен жыу-жәндардың тарихының белгілі бір кезеңінен бағалы да нақты деректер беретін бұл жинақтың маман зерттеушілермен бірге төл тарихын тануға ұмтылған кез келген оқырманның қолынан түспес құнды кітабы болары анық. Жинақтын тағы бір артықшылығы түпнұсқа дереккөздерінің қаз-қалпында ксерокөшірмеге түсіріліп, оқырмандарға ұсынылуында деп білеміз.
Тюркские народы: Энциклопедический справочник./ Гл.ред. Б.Г. Аяган. - Алматы: ЗАО «қазақ энциклопедиясы», 2004. – 384с.
В данном энциклопедическом справочнике дается полный обзор тюркоязычных народов: государств, автономий и этнических групп. Их исторический и культурно-этнографический аспект, дается обзор географического положения, современного экономико-политического развития. Книга снабжена богатым культурно-научным материалом, позволяющими наглядно увидеть сравнительное развитие всего тюркоязычного мира.
Қазақ тарихындағы қастерлі есімдердің бірі Тілеу Айтұлы – төрелігін айтқан би, қолына ту ұстаған батыр, дарқан ойлы дана адам. Еліміздің ерекше сынға түскен сәтінде – Сайрам соғысында ( 1681-1684 ж.ж.) қолынң қару алып қаһарлы жаудың бетін қайтарып, қас батырларша майдан даласында қаза тапқан оның айбында тұлғасы ұлтқа үлгі, жұртқа ұлағат.
Хасанаева Л.М.
Қазақстанда ұлттық мемлекеттілік идеясын жүзеге асыру шаралары (ХХ ғасырдың алғашқы ширегі): оқу құралы. – Алматы; Қазақ университеті, 2009. – 122 бет.
Оқу құралында ХХ ғасырдың басындағы саяси элитаның ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту барысындағы идеялық күресі қарастырылған.
Қазақстан тәуелсіз ел дәрежесінде болғандықтан тарихи қайта зерттеулер мүмкіндігі туды.
Шәлекенов У.Х.
Қазақ өркениеті. – Алматы: Қазақ университеті,2009. – 316 бет.
Бұл кітапта ежелден қазақ халқының отырықшы өркениеті болғаны және оның эволюциялық дамуы тарихи деректер негізінде сәулеленген. Монографияда қазақ этнонимі мен этимологиясы, оның жүздерге бөлінуі, ежелгі қазақ мемлекетінің келіп шығуы мен кешенді шаруашылығы, заттай және рухани мәдениеттері туралы мәселелер тарих ғылымының кейінгі жылдардағы жетістіктері деңгейінде жаңа көзқараспен жазылған.
Құрметті оқырмандар!
Ұсынылып отырған кітаптармен кітапханада танысуға болады.
Гүлнар Оналбаева - кітапхана директорының орынбасары.