Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Ұйымдағы дау-дамайдың өзіндік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет99/179
Дата11.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#157769
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   179
Байланысты:
Басқару психологиясы

4.3. Ұйымдағы дау-дамайдың өзіндік ерекшеліктері 
Ұйымдағы дау-дамай – бұл адамдардың өзара әрекеттесуі 
барысында өндірістік және жеке мәселелерді шешу кезінде пайда 
болған мүдделер қарама-қайшылықтарының ашық формасы.
 
Әлеуметтік
 
шиеленіс
 
 
Ұйымдағы дау-дамайға бастамашы ұжымдағы әлеуметтік 
шиеленіс болып табылады. Әлеуметтік шиеленіс мәніне бірнеше 
көзқарасты атауға болады: 
1.
Әлеуметтік шиеленіс нақты өмірде еңбек ұжымы мүше-
лерінің көпшілігінің әлеуметтік әділеттілік қағидасы мен дау-
дамайдың қандай да бір формасы арқылы жағдайдан шығатын 
жол табуға дайындықты айқын бұзуды жете ұғыну ретінде бо-
лады.
2.
Әлеуметтік шиеленіс әлеуметтік қарым-қатынастардың 
объективті сипаты мен осы қарым-қатынастар субъектілерінің 
мінез-құлқының субъективті сипатының қарама-қайшылығы бо-
лып табылады. Ұйым деңгейінде шиеленістің байқалуы қалып-
ты ынтымақтастықтан ауытқумен бірге жүреді, ол еңбек қызметі 
барысында әлеуметтік қарым-қатынастардың өзіндік ерекше 
сапалық сипаттамасы болып табылады.
3.
Әлеуметтік шиеленіс – бұл қалыпты қарым-қатынастарды 
бұзу және өзара әрекеттесуге қатысушылардың адекватты емес 
қызмет етуі.
Еңбек ұжымында әлеуметтік шиеленістердің пайда болуына 
ықпал ететін факторлардың екі тобын атап көрсетеді: 
ішкі
 
және
 
сыртқы
.
1.
Ішкі факторларға жататыны:

басшылықтың өз уәделерін орындамауы және адамдарға 
істің нақты жағдайын түсіндіргісі келмеуі; 


240 

шикізат пен материалдарды жеткізудің үнемі тоқтап қа-
луынан өндіріс режимінің бұзылуы; еңбек ұжымы үшін жақсы 
табыс табу мүмкіндігінің болмауы; 

қызметкерлердің еңбек жағдайын, тұрмысын және демалы-
сын жақсарту туралы заттық қамқорлықтың көрінетіндей нәти-
желерінің болмауы; 

материалдық жағдайлар мен еңбекақыны төлеу қорының 
әділетсіз бөлінуінен басқарма қызметкерлері мен жұмысшы-
лардың тайталасуы; 

инновациялар мен түбегейлі өзгертулерді жұмысшылар-
дың мүдделерін ескерместен енгізу; 

формальды емес көшбасшылардың арандатушылық іс-
әрекеті.
2.
Сыртқы факторлар: 

елдегі жағдайдың тұрақсыздығы, әртүрлі саяси топтардың 
мүдделерінің соқтығысуы; 

алғашқы қажетті заттар мен азық-түлікке өткір тапшы-
лықтың туындауы; 

жаңа заң актілерінде әлеуметтік жеңілдіктерге шек қою; 

еңбек ұжымы мүшелерінің мүдделерін құқықтық әлеумет-
тік қорғаудың күрт нашарлауы; 

әділ және адал еңбекті қамтамасыз ету, жекелеген азамат-
тарды заңсыз байыту.
Дау-дамайға ұласатын ұйымдағы әлеуметтік шиеленістің 
ұлғаюын дау-дамайлық жағдайды адекватты шешкен жағдайда 
жеңуге болады.
Ұйымдағы
 
мүдделердің
 
қатынасы
 
 
Ұйымда әртүрі мәртебеге ие адамдар өзінің объективті мүд-
делерін және олардың қарама-қайшылығын сезінуі де, сезінбеуі 
де мүмкін. Бірақ тек саналы мүдделер жұмысшылардың белсен-
ді әлеуметтік әрекетіне айналады. Бұл сезіну ұйымдағы өзінің 
өмірлік тәжірибесін өз бетінше жете ұғыну нәтижесінде, не бол-
маса пайда болған мүдделердің қарама-қайшылығын кім ертерек 
сезінді, соның түсіндіру жұмыста-ры кезінде, не болмаса ұйым 
мүшелерінің санасына айла-шарғы жасау нәтижесінде болады. 


241 
Алайда мүдделердің қарама-қайшылығын сезіну автоматты түр-
де дау-дамайға алып келмейді. Дау-дамай – бұл қарама-қайшы 
мүдделердің ашық формасы.
Ұйымдағы дау-дамайлар жеке және ортақ мүдделердің тай-
таласуы арқылы дамиды. Мүдделердің қатынасы былайша кө-
рінуі мүмкін: 

толық ұқсастық, яғни мүдделердің бір бағытта болуы; 

мүдделер бағытындағы айырмашылықтар, яғни біреулер-
ге пайдалы болған нәрсе, екіншілеріне сондай шамада пайдалы 
болмайды; 

мүдделер бағыттылығының қарама-қайшылығы – субъек-
тілер өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қарама-
қарсы жүруі керек болатын жағдай (1-сурет). 
Бір
 
бағыттағы
 
мүдделер
 
Әртүрлі
 
бағыттағы
 
мүдделер
 
Мүдделер
 
бағытының
 
қарама
-
қайшылығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет