248
−
басқарма мен басқарманың территориалды органдары, оның
ішінде аудан басқармасы мүдделерінің келісілмеушілігі. Соңғы
жағдайда басқарма мүшелерінің кәсіпорын ұжымының еңбегі-
мен табылған табысынан аудан қажеттілігіне төлем ақы жасау
реті және оны алу әдістері туралы келіспеушіліктер туындауы
мүмкін. Басқарма, акционерлер атынан «қожайын» рөлінде бола
отырып, қаражаттың есепке алынуы мен жұмсалуына қызығу-
шылық білдіреді және жоғарыда тұрған ұйымдардың нұсқауы
бойынша негізделмеген төлем ақылар жасауға қарсы шығуға құ-
қылы, бұл шиеленіс, дау-дамайлық жағдай тудырады, тіпті дау-
дамайға алып келуі де мүмкін.
Ұйымдарда басшы мен оның орынбасарының арасында бас-
қару барысында дау-дамайлар туындауы мүмкін. Бұл дау-дамай-
лар ұжымға жылдам ауысады, өйткені, еңбек ұжымында дау-
дамайға түсушінің әрқайсысының тірегі бар.
Бұл жерде басшы мен оның орынбасарының басқару стилі
маңызсыз емес рөл ойнайды. Мысалы, егер басшының стилі –
демократиялық, ал оның орынбасарының стилі – демократиялық
немесе авторитарлық стиль болса, олардың қызметтерінде дау-
дамайды болдырмайтындай келісушіліктерге қол жеткізуге бо-
лады. Көбінесе дау-дамай басшы мен оның орынбасары «Бөлім
немесе ұйым иерархиясында кім маңыздырақ?» қағидасы бойынша
іс-әрекеттің авторитарлық стилін ұстанатын, стильдер сәйкес
келмеген жағдайда туындайды. Мұндай жағдайда амбициялар-
мен, мәнсаптық мақсаттармен байланысты аралас мотивациялар
байқалады. Басшы мен оның орынбасарлары бүкіл еңбек ұжы-
мының жұмысын қамтамасыз ете отырып, бірін-бірі толық-
тырып отыруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: