Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет128/179
Дата11.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#157769
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   179
Байланысты:
Басқару психологиясы

Билерге
 
тән
 
қасиеттер
 
 
Шешендік
.
Түрлі айтыс-тартыс, дауда билік айтқанда ше-
шендік өнерді меңгере алмаған бидің шешімі әсерсіз, шала-
жансар болып шығады, лаулаған араздық өртін өшіре алмайды. 
Қазақ билерінің шешендік мектебі – халық, өздерінің бұл өнерге 
бейім тума таланты. Шешендік жас талғамайды. Нияз бидің
он жасынан шешендігімен, тапқырлығымен билікке араласуы 
соның айғағы. Ол бір ауыз сөзбен құн кесіп, жалғыз уәжбен дау 
шешкен. Билердің шешендікпен шебер айтқан ақыл, нақыл сөз-
дері жаратылыста, қоғам өмірінде болған өзгеріс, құбылыстарды 
жіті көзбен байқап, бақылап айтқан озық ойының жемісі. Әрбір 
бидің шешендік өнерді қолданғанда сөйлеу мәнері, стилі болған. 
Жалпы билер қатысқан шешендік дауларды: жер дауы, жесір 
дауы, құн дауы, мал дауы және ар дауы деп беске бөлуге бо-
лады. Нияз бидің көп қатысқан айтыс-тартысы негізінен, ел мен 
жер, ар дауы, құн дауы болыпты. 
«Жеке адамдар бірде шешендік сөздердің авторы болып 
аталса, екінші бір нұсқаларда кейіпкер ретінде айтылады, – 
дейді Балтабай Адамбаев, – Мысалы, қыпшақ Арғынбай мал 
мен басқа тапшы, бірақ ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін 
шешен кісі екен. Сонда бір жиында Қоңырат Жайымбай датқа 
кемітіп: 
– Сөйле – сөйле, құлағы жоқ – шұнақ биім, құйрығы жоқ – 
шолақ биім!, – депті. Сонда Арғынбай шешен: «Жақсы айтасың, 
датқа! Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар. Сен 
мал мен басқа мақтандың, байлық түбі – бақыл, қазына түбі – 
ақыл; атадан алтау тусаң да бір жалғыздық бар; Асқа тойған 
кекірер, басқа толған кетілер. Ешкі егіз тауып қойдан көп 
болмас, ит сегіз тауып малдан көп болмас. Құлағым шұнақ бол-
са – сұңқар шығармын, құйрығым шолақ болса – тұлпар шы-
ғармын. Құдайдың маған берейін десе – баласы жоқ па, саған 
жіберейін десе – бәлесі жоқ па?» депті». 


312 
Ақындық
.
Шешендік өнерді меңгерген билер тақпақтап сөй-
леген, ойын, шешімін жыр жолдарымен де толғаған. Тек олар 
өздерін ақынмын деп санамаған. Яғни, шешендік пен ақын-
дықты тең ұштастырып сөйлеу – билерге тән қасиет. Үш заңгер 
биіміз Төле, Қазыбек, Әйтекенің әрбір сөзі, Шеген, Беген, Нияз 
билердің шығарған шешімдері жалындап жанған жыр болуы 
сондықтан ғой. Су төгілмес жорғадай шебер сөйлеген сол биле-
ріміздің айтқандары қазір біздің асыл мұрамыз ретінде тарихта 
жазылып қалып отыр. 
Әрі би, әрі жырау атанған Бұхар Қалқаманұлының (1685-
1777) халқымен қоштасар алдында айтқан соңғы сөзін еске ал-
сақ, ол қаншама терең мағыналы, өлең болып өріліп тұрған қа-
натты сөз еді. Бұхар бидің ақжолтай ақындығын танытып тұрған 
бұл ой-толғауы мынандай еді: 

 
Ата
-
ананың
 
қадірін
 
балалы
 
болсаң
 
білерсің

Ақ
 
тәніңнің
 
қадірін
 
жаралы
 
болсаң
 
білерсің

Бостандықтың
 
қадірін
 
жазалы
 
болсаң
 
білерсің

Дәулетіңнің
 
қадірін
 
мал
 
кеткенде
 
білерсің

Тіршіліктің
 
қадірін
 
жан
 
кеткенде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет