230
Бұл дау-дамайдың мазмұнды жағы қыздарының оқуға түсе
алмауы, оның болашағы, т.б., бiрақ мәселе дами келе отбасы
мүшелерi арасындағы қатынасты бұзды. Нәтижесiнде мәселенi
шешудiң орнына, эмоциялар көбейiп, iс жайымен қалды. Осын-
дай кезде төмендегiдей сұрақтар туындайды:
жағдаятта адамдарға қалай көмектесуге болады?
кеңес беру керек пе, т.б.
Осы сұрақтарға жауап беру үшiн тұлғааралық дау-дамайдың
даму заңдылықтарын, онымен жұмыс iстеу әдiсiн бiлу керек.
Тұлғааралық дау-дамайдың себебiн анықтау үшiн қатысу-
шылардың психологиялық ерекшелiгiне, көзқарасына, iс-әре-
кетiне, нақты жағдаятқа терең, жан-жақты талдау жасау керек.
Тiкелей әсер еткен себептердi көру үшiн адамның негiзгi
қажеттiлiгiне үңiлу керек (оған тамақ, қауiпсiздiк, әдiлеттілiк,
т.б. жатуы мүмкiн). Конфликтологтар тұлғааралық дау-дамай-
дың себебі мен қозғаушы күштерiне байланысты
Достарыңызбен бөлісу: