Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет107/185
Дата02.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#133929
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   185
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Жеке
 
еңбек
 
дау
-
дамайлары
 
 
Олардың ұжымдық еңбек дау-дамайларынан басты айырма-
шылығы туындаған қарсылыққа кім қатысатынында ғана емес. 
Олар ұжымдық еңбек дау-дамайларынан өзінің пәнімен және 
оларды шешу процедурасымен де ерекшеленеді.
Жеке еңбек дау-дамайларының 
пәні
еңбекке жеке құқық пен 
еңбек қатынастары саласындағы нақты тұлға ие болатын оны 
іске асырудың сәйкесінше шарттары болып табылады. Еңбек 
пен оны іске асыру жөнінде қатынастардың және онымен тығыз 
байланысты құқықтық қатынастардың болуы жеке еңбек дау-
дамайын констатациялаудың анықтаушы факторы болып табы-
лады.
Егер қандай да бір жұмысты орындау немесе қызметті
көрсету бойынша келісім-шарт (контракт) ұйым штатында
жоқ және жұмыс берушімен (немесе оның өкілімен) тұрақты 
байланыста және еңбек қатынастарында тұрмайтын тұлға- 
мен жасалса, онда мұндай контрактіні кез келген тараптың 
бұзуы еңбек дау-дамайының туындауына себепкер болмай- 
ды, өйткені осы кезде пайда болған талас-тартыс азаматтық-
құқықтық қатынастар аясында шешіледі. Сондықтан, жеке еңбек 
дау-дамайларына қызметкер мен жұмыс беруші арасында пайда 
болған талас-тартыстың 
бәрін
 
емес
, тек көзі 
тұрақты
еңбек 
байланысы немесе қатынасы болып табылатындарын немесе 
жалдамалы жұмысшыны кәсіпорынның, ұйымның кадрлық 
құрамына (штатына) енгізіп, белгілі бір мерзімге еңбек кон-
трактісін жасау кезінде пайда болғандарын жатқызуға бо- 
лады.


260 
Жеке еңбек дау-дамайлары ең алдымен мынадай жағдайлар-
ға байланысты туындайды: 

қызметкерді оның келісімінсіз басқа жұмысқа ауыстыру; 

қызметкерді оның келісімінсіз тұрақты жұмыстан шығару; 

айлық жалақыны кешіктіру немесе төлемеу; 

демалыс бермеу немесе оның уақытын қысқарту; 

тәртіптік жазалауды пайдалану; 

үстеме жұмысқа тарту; 

демалыс (мереке) күндерінде жұмыс істеу; 

жалдамалы жұмысшының әрекетінің салдарынан болған 
материалдық шығынның орнын толтырмау және т.с.с. 
Осы талас-тартыстардың (дау-дамайлардың) барлығы заң 
немесе басқа да нормативтік актілермен, оның ішінде жасалған 
еңбек келісім-шарттарымен (контрактімен) реттелген тараптар-
дың әрекеттерімен байланысты. Жеке еңбек дау-дамайларының 
туындауына еңбек келісім-шартының шеңберінен шығып кете-
тін қандай да бір әрекеттер немесе талаптар себеп болады.
Неге бұлай болады? Жасалған еңбек келісім-шартының шең-
берінен осы әрекеттердің барлығының себебі неде? Осы мәсе-
леге арналған зерттеулерде авторлар талас-тартыстардың, оның 
ішінде жеке еңбек дау-дамайларының пайда болу себептері 
субъективті және ұйымдастыру-шаруашылық сипаттағы себеп-
тер болып бөлінетінін атап көрсетеді.
1. Субъективті сипаттағы себептерге мыналар жатады: 

жұмыс берушінің немесе жалдамалы жұмысшының (еңбек 
қатынастарының тараптары болып табылатын) еңбек заңдылы-
ғын саналы түрде бұзуы; 

еңбек құқығын білмеу немесе дұрыс түсінбеу; 

жұмысшының өз міндеттемелерін орындауға немқұрайлы 
қатынасы; 

тараптардың қолданыстағы заң бойынша қандай да бір 
құқығының болуы немесе болмауы туралы адасуы. 
Дау-дамайлық жағдайды анықтайтын және әдеттегідей жеке 
еңбек дау-дамайына алып келетін осы әрекеттердің барлығы 
адамгершілік және құқықтық санасының, құқықтық мәдениеті-
нің дамуы адекватты емес деңгейдегі, еңбек қатынасында тұ-
ратын қандай да бір субъектімен жасалады.


261 
Еңбек қатынасындағы субъектілердің бұл ерекшеліктері сәй-
кесінше құқықтық нормалардың талаптарын ұғыну мен тереңі-
нен жете түсінуге жету жолында кедергі болады және оларды 
көбінесе бұл талаптарды менсінбеуге бағдарлайды.
Бұған сонымен бірге қолданыстағы еңбек заңдарындағы 
кемшіліктер де, ондағы олқылықтар, бағалау ұғымдарының ай-
тарлықтай саны ықпал етеді, бұл оны әртүрлі түсінуге және 
еңбек қатынасы субъектілерінің мүдделеріне зиянын тигізбей 
қоймайды.
2. Ұйымдастыру-шаруашылық және экономикалық сипатта-
ғы себептерге мыналарды жатқызуға болады: 

еліміздегі экономиканың қазіргі дағдарыстық жағдайына 
байланысты туындаған ұйымның жұмыс істеуі үшін қалыпты 
жағдайлардың болмауы; 

жабдықтарды, техниканы жаңарту үшін қажетті айналым 
қаражатының жетіспеушілігі; 

еңбек қорғау деңгейінің төмендеуі; 

қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталмауы; 

ұзақ уақытқа созылған төлемеушіліктер, жұмысшылардың 
еңбек ақысын төлеуді кешіктіру және т.с.с. 
Осының барлығы, әрине, қызметкерлер мен жұмыс беруші-
лердің өзара қарым-қатынасын реттейтін нормативті құжаттар-
ды көптеп бұзуға алып келмей қоймайды, кәсіпорында жеке ең-
бек дау-дамайларының туындауына себепкер болатын дау-да-
майлық жағдайды қалыптастырады.
Жеке еңбек дау-дамайлары немесе талас-тартыстар, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет