Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Инновациялық дау-дамайлар



Pdf көрінісі
бет110/185
Дата02.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#133929
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   185
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

4.7 Инновациялық дау-дамайлар 
 
Нарықтық экономика жағдайында ұйымдар (кәсіпорындар) 
деңгейінде түбегейлі қайта құрулар болып жатыр. Экономика-
лық дербестікке ие бола отырып, өзінің шаруашылық қызметіне 
толықтай жауап бере отырып, ұйымдар жұмыстың жоғары тиім-
ділігін, бәсекеге қабілеттілікті және тұрақтылықты қамтамасыз 
ететін әртүрлі факторларды пайдалануға ұмтылады.
Ұйымдар басшылары, бас мамандар мен қызметкерлер өнді-
рісті жаңартуға; өз ұйымдарының әртүрлі шағын жүйелерінде – 
өндірістік (техникалық), экономикалық, әлеуметтік жаңалықтар-
ды енгізуге ұмтылады. Бұл салаларда инновациялар экономика-
лық мағынаға ие болады. Олар тиімді жұмыс істеу үшін жағдай 
жасауға, шығарылатын өнімге сұраныс пен ұсынысты тудыруға, 
пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Инновациялар
(немесе 
жаңалық
 
енгізу
) – қандай да бір жаңа 
өнімді, технологияны, басқаруды ұйымдастыру формасын және 
т.б. жетілдіруге немесе жасауға бағытталған мақсатты өзгеріс.
Жаңалықтарды енгізу идеядан нақты өнімге дейін жетіледі 
және мыналарды ұсынады: 

өндіріс құралдары мен әдістерін жаңарту

шаруашылық қызметін ұйымдастыру формасына қатысты 
өзгерістер (мысалы, кейбір кәсіп түрлерін, жұмыс орындарын 
жабу, қосымша жаңа білімдерді пайдалану); 

басқарудың жаңа звеноларын өзгерту (АБЖ енгізу, диспет-
черлеу, іс жүргізудің, есепке алу мен бақылаудың жаңа формасы); 


268 

қызметкерлердің еңбек және тұрмыс мазмұны мен жағ-
дайларында өзгерістер енгізу (еңбек пен демалыстың прогрес-
сивті режимдерін енгізу, өндірісте тамақтандыруды ұйымдас-
тыру және т.б.). 
Адамдар қатысатын инновациялық қызметтің мазмұны мен 
ерекшеліктері ұжым мүшелеріне бірқатар талаптар қояды: 

жеткілікті жоғары біліктілікке және стандартты емес шы-
ғармашылық ойлауға ие болу; 

қабілетті болу және өзінің қызметі барысында өз бетінше 
оқуға ұмтылу және басқалардың тәжірибесін пайдалану; 

инновациялық процеске белсенді қатысу, тәуекелге дайын 
болу; 

стандартты емес шешімдерді тауып, іске асыра білу; 

жоғары ішкі мәдениетке ие болу, коммуникабельді болу.
Инновациялық
 
процестің
 
әлеуметтік
 
базасы
өзінің мақсат-
тарын іске асырғанға дейінгі билігінде болатын әртүрлі мәр-
тебелік жағдайға және мүмкіндіктерге ие қызметкерлердің әр-
түрлі топтары болады. Қызметкерлердің мынадай топтарын 
бөліп алып көрсетуге болады: 

«
тәуелсіз
 
жаңашылдар
» – олар жұмыс істейтін ұйым 
бейініне ықпал етпейтін, қандай да бір жаңалық ашқан неме- 
се өнертабыс ойлап тапқан ғалымдар, инженерлер, жұмыс-
шылар. Мысалы, жұмысшы джинсыларға тойтарма салу үшін 
станок жасайды. Бірақ, ұйымды оның жаңалығы қызықтыр-
майды; 

«
қызметі
 
бойынша
 
жаңашылдар
» – қызметтік міндетте-
мелеріне ғылым мен алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу жүк-
телетін кәсіпорын мамандары мен басшылары; 

«
рухы
 
бойынша
 
жаңашылдар
» – бұлар көбінесе өз бе-
тінше болуға, өндірісті жаңартуда белсенділікке бағдарлан-
ғандар.
 
Инновациялар
 
және
 
әлеуметтік
 
қарама
-
қайшылықтар
 
 
Инновациялар икемділіктің өзгеруінің сұраныс пен ұсыныс-
тың өзгеруіне жаңа перспективалар ашады, яғни ескіні – жаңаға 
ауыстыру болады, бұл объективті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет