Сабақтың құрылымын ұйымдас тыру Сабақты талдау түрлері Біліктілікті арттыру жұмыстары



Дата11.01.2017
өлшемі97,86 Kb.
#7369
түріСабақ
  • Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде оқу-әдістемелік жұмыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы “29” қарашадағы № 583 бұйрығымен Оқу – әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесін басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады.
  • Әдістемелік қызмет
  • Сабақтың құрылымын ұйымдас
  • тыру
  • Сабақты талдау түрлері
  • Біліктілікті арттыру жұмыстары
  • САБАҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
  • Сабақ типтері
  • I.Кіріспе -қайталау сабақтары.
  • II.Жаңа тақырыпты меңгеру сабақтары.
  • III.Жаңа тақырыпты пысықтау сабақтары.
  • IV.Бақылау сабақтары және білім, білік, дағдыларды түзету сабақтары.
  • V.Қайталау және жалпылау сабақтары.
  • VI.Аралас сабақ.
  • I. Кіріспе-қайталау сабақтары:
  • 1.Сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндетін таныстыру;
  • 2.Өткен жылы өтілген жеке фактілерді, ережелерді, оқиғаларды қайталау және жалпылау;
  • 3.Ұғымдарды қайталау және жалпылау, сәйкес білім жүйесін меңгеру;
  • 4.Негізгі теориялық қағидаларды қайталау және жүйелеу.
  • 5.Сабақты қорытындылау.
  • 6.Үйге тапсырма (егер қажет болса).
  • II. Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы:
  • 1.Жаңа материалды алғашқы түсіндіру;
  • 2.Оқушылар нені есіне сақтау керек екендігін ескерту;
  • 3.Жаңа материалды есте сақтау мақсатында тірек материалдармен жұмыс;
  • 4.Қайталау, жартылай қорытындылау арқылы жаңа материалды алғашқы пысықтау;
  • 5.Алғашқы есінде сақтаудың нәтижелерін бақылау;
  • 6.Алынған білімдерді практикада қолдану;
  • 7.Сабақты қорытындылау;
  • 8.Үйге тапсырма.
  • III. Жаңа тақырыпты пысықтау сабағы:
  • 1.Алдағы жұмыстың мақсатын оқушыларға айту;
  • 2.Жаңадан алынған білімді қайталау;
  • 3.Түрлі тапсырмаларды, мысалдарды, жаттығуларды орындау;
  • 4.Орындалған жұмысты тексеру;
  • 5.Жіберілген қателіктерді талқылау және оларды түзету;
  • 6.Үйге тапсырма (егер қажет болса).
  • III. Жаңа тақырыпты пысықтау сабағы:
  • 1.Алдағы жұмыстың мақсатын оқушыларға айту;
  • 2.Жаңадан алынған білімді қайталау;
  • 3.Түрлі тапсырмаларды, мысалдарды, жаттығуларды орындау;
  • 4.Орындалған жұмысты тексеру;
  • 5.Жіберілген қателіктерді талқылау және оларды түзету;
  • 6.Үйге тапсырма (егер қажет болса).
  • IV. Бақылау және түзету сабақтары
  • 1.Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Бұл жерде оқушыларға оңтайлы жағдай туғызу керек. (Балалар тексеру және бақылау жұмыстарынан қорықпау керек, өйткені мұғалім оқушылардың ары қарай материалды үйренуге дайындығын тексеріп жатыр).
  • 2.Сабақ мақсатын түсіндіру. Мұғалім оқушыларға қандай білімді тексеретінін немесе бақылайтынын ескертеді. Қажетті ережелерді естеріне түсіріп, жұмыста қолдануын айтады.
  • 3.Бақылау немесе тексеру жұмысының мазмұнын түсіндіреді (мысалдар, есептер, диктант, шығарма немесе сұрақтарға жауап беру және т.б.);тапсырмалар көлемі және қиындығы бойынша бағдарламаға сәйкес болу керек.
  • 4.Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың үлгілі жұмыстарын атап өтіп, басқа жұмыстарда жіберілген қателерді талдайды, қатемен жұмысты ұйымдастырады.
  • 5.Бақылау жұмысында кездескен біркелкі қателерді және кемшіліктерді анықтау және оларды жою. Білім мен білікті жетілдіру.
  • V. Қайталау және жалпылау сұрақтары
  • 1.Сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндетін таныстыру;
  • 2.Жеке фактілерді, құбылыстарды, оқиғаларды қайталау және жалпылау;
  • 3.Ұғымдарды қайталау және жалпылау, сәйкес білім жүйесін меңгеру;
  • 4.Негізгі теориялық қағидаларды қайталау және жүйелеу.
  • VI. Аралас сабақ.
  • 1.Сабақтың басталуын ұйымдастыру;
  • 2.Үй жұмысын тексеру;
  • 3.Оқушыларды жаңа тақырыпты меңгеруге дайындау;
  • 4.Жаңа тақырыпты түсіндіру;
  • 5.Жаңа тақырыпты және жаңа материалмен байланысқан өткен материалды пысықтау;
  • 6.Жаңа білімді жалпылау және жүйелеу;
  • 7.Сабақты қорытындылау;
  • 8.Үйге тапсырма.
  • Ι
  • Кезеңнің дидактикалық мақсаты
  • Оқушыларды сабақтағы жұмысқа дайындау,сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау.
  • ΙΙ
  • Кезеңнің мазмұны
  • Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, аудитория бөлмесінің санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың зейінін оқу процесіне психологиялық дайындау
  • ΙΙΙ
  • Оңтайлы нәтижелерге жету шарттары
  • Мұғалімнің талапшылдығы, ұстамдылығы, жинақылығы, ұйымдастыру кезеңінің жүйелілігі, талаптардың біркелкі болуы
  • ΙV
  • Дидактикалық мақсаттың орындалу көрсеткіштері
  • Ұйымдастыру кезеңінің қысқа мерзімділігі; топтың жұмысқа толық дайындығы;
  • оқушылардың жұмысқа жылдам кірісуі; барлық оқушының зейінінің оқуға дайындығын ұйымдастырылуы.
  • V
  • Белсенділікті арттыру тәсілдері
  • Кезекшілер есебі
  • Жіберілетін қателер
  • Оқушыларға қойылатын талаптар біртұтас емес,оқушылардың танымдық белсенділігі ынталандырылмайды.
  • 1.Сабақтың негізгі кезеңдері
  • 1.Ұйымдастыру кезеңі.
  • 2.Үй жұмысын тексеру кезеңі.
  • 3.Оқушыларды жаңа материалды меңгеруге дайындау кезеңі.
  • 4.Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.
  • 5.Жаңа тақырыпты оқушылардың түсінуін тексеру кезеңі.
  • 6.Жаңа тақырыпты пысықтау кезеңі.
  • 7.Сабақты қорытындылау кезеңі
  • 8. Үй жұмысын беру, оның орындалуы туралы нұсқау беру кезеңі
  • 1.Ұйымдастыру кезеңі.
  • Ι
  • Кезеңнің дидактикалық мақсаты
  • Барлық оқушы үй жұмысын дұрыс және түсініп орындағанын анықтау,тексеру барысында игерген білімдеріндегі анықталан кемшіліктерді түзету, толықтыру
  • ΙΙ
  • Кезеңнің мазмұны
  • Үйге берілген материалды меңгеру деңгейін анықтау;білімдеріндегі біркелкі кемшіліктерді және олардың себебіне мән беру; анықталған кемшіліктерді түзету
  • ΙΙΙ
  • Оңтайлы нәтижелерге жету шарттары
  • Мұғалімнің оперативтілігі,оның қызметінің мақсатқа бағытталуы;оқушылардың көпшілігінің үй жұмысын орындалуын тексеруге мүмкіндік беретін тәсілдер жүйесін қолдануы.
  • ΙV
  • Дидактикалық мақсаттың орындалу көрсеткіштері
  • Мұғалімнің қысқа мерзімде (5-7мин.) оқушылардың көпшілігінің білім деңгейін және біркелкі қателіктерін анықтай алуы; үй жұмысын тексеру барысында негізгі ұғымдарды қайталау және қателерді уақытылы түзей алу қабілеті
  • V
  • Белсенділікті арттыру тәсілдері
  • Бақылаудың түрлі формалары мен әдістерін оқушыларға ізденіс, шығармашылық, жеке тапсырмалар берілуі.
  • Мән берілмей жіберілетін қателер
  • Сұрау әдістерінің бір сарындылығы. Сұрақтар мен тапсырмалардың репродуктивтік сипаты. Оқушылардың жеке ерекшеліктерінің есепке алынбауы.Оқытылып жатқан материал ерекшелігінің ескерілмеуі.
  • 2.Үй жұмысын тексеру кезеңі
  • Ι
  • Кезеңнің дидактикалық мақсаты
  • Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және мақсатқа бағыттау.
  • ΙΙ
  • Кезеңнің мазмұны
  • Жаңа тақырыпты және оның мақсаттарын айту, оның дамытушылық, тәрбиелік, практикалық маңыздылығын түсіндіру, оқушылар алдына игеру проблемасын қою.
  • ΙΙΙ
  • Оңтайлы нәтижелерге жету шарттары
  • Мұғалімнің оқушыларға жаңа оқу материалының маңыздылығының алдын-ала түсіндірілуі,мұғалімнің сабақтың білім берушілук мақсатын нақты қоя білуі, оқушыларға сабақ барысында олар нені үйрену керек, қандай білім, біліктілік, дағдыларды игеру керек екенін түсіндіре алуы.
  • ΙV
  • Дидактикалық мақсаттың орындалу көрсеткіштері
  • Кейінгі кезеңдерге оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігі;жаңа тақырыпты меңгеру және түсінуінің тиімділігі;оқушылардың жаңа тақырыптың практикалық маңыздылығын түсінуі (сабақтың кейінгі кезеңдерінде анықталады).
  • 3.Оқушыларды жаңа материалды меңгеруге дайындау кезеңі.
  • Ι
  • Кезеңнің дидактикалық мақсаты
  • Оқушыларға танысып жатқан фактілер, құбылыстар, ұғымдар туралы нақты түсінік беру; оқушылардың жаңа тақырыпты түсінуін қамтамасыз ету.
  • ΙΙ
  • Кезеңнің мазмұны
  • Оқушылар зейінін ұйымдастыру;жаңа тақырыпты түсіндіру ;жаңа тақырыпты түсінуін, меңгеруін,жүйелеуін қамтамасыз ету.
  • ΙΙΙ
  • Оңтайлы нәтижелерге жету шарттары
  • Жаңа тақырыптың маңызды жақтарын меңгеруді күшейтетін тәсілдерді қолдану; зерттеліп жатқан объектілер мен құбылыстардың ерекше айырмашылықтарының толық және нақты анықтамасын беру; дәптерге анықтамаларды, тірек схемаларды,тезистерді жаздыру; талдау, салыстыру, жалпылау, проблемалық ситуация туғызу әдістерін қолдану, сөздік жұмыстарын жүргізу
  • ΙV
  • Дидактикалық мақсаттың орындалу көрсеткіштері
  • Оқушылардың жауаптарының дұрыстығы; оқушылардың өздік жұмысқа белсене қатысуы,сабақтың кейінгі кезеңдеріндегі оқшылар білімінің сапасын көтеру
  • V
  • Белсенділікті арттыру тәсілдері
  • Оқытудың стандартты сабақтардан тыс әдістерді, жаңа тәсілдерді қолдану.Жаңа тақырыпты меңгерудегі дербестіктің жоғары дәрежесі.ОТҚ және басқа көрнекілікті пайдалану.
  • Мән берілмей жіберілетін қателер
  • Мақсаттардың қойылуында нақтылық ,жаңа материалдар жүйеленбеген және пысықталмаған, алдыңғы материалмен байланыстың болмауы.
  • 4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі
  • Ι
  • Кезеңнің дидактикалық мақсаты
  • Оқушылар жаңа ұғымдарды,заңдарды меңгергенін немесе меңгермегенін анықтау, анықталған кемшіліктерді түзету, білімін қайта толықтыру
  • ΙΙ
  • Кезеңнің мазмұны
  • Оқу материалын оқушылардың тереңінен түсінуін тексеру (сұрақтар, карточкалар, т.б.)
  • ΙΙΙ
  • Оңтайлы нәтижелерге жету шарттары
  • Оқушылардың белсенді ойлау қызметін талап ететін сұрақтарды қою; білмді пайдалануда қалыптан тыс жағдайларды туғызу; оқушыларға жауапты толықтыруға, басқа шешімді табуға, нақтылауға ұсыныс жасау.
  • ΙV
  • Дидактикалық мақсаттың орындалу көрсеткіштері
  • Мұғалім білімі орта және төмен оқушылардан сұрайды,сынып олардың жауаптарын бағалауға тартылады;тексеру барысында мұғалім жаңа тақырып бойынша түсініспеушіліктерді жоюды қамтамасыз етеді;дидактикалық мақсаттың орындалуының негізгі критерийі-жаңа тақырыпты білімі орта және төмен оқушылардың меңгеруі, түсіну деңгейін көтеру
  • 5.Жаңа тақырыпты оқушылардың түсінуін тексеру кезеңі
  • Ι
  • Кезеңнің дидактикалық мақсаты
  • Жаңа тақырып бойынша оқушылардың өзіндік жұмысқа қажетті білімін және біліктіліктерін пысықтау.
  • ΙΙ
  • Кезеңнің мазмұны
  • Алынған білімі мен біліктіліктерді пысықтау.
  • ΙΙΙ
  • Оңтайлы нәтижелерге жету шарттары
  • Жаңа білімді қолдана білу дағдысын қалыптастыру, теориялық және практикалық тапсырмаларды орындау, пысықтаудың түрлі формаларын пайдалану.
  • ΙV
  • Дидактикалық мақсаттың орындалу көрсеткіштері
  • Оқушылардың фактілерді,ұғымдарды,ереже мен идеяларды салыстыра отырып, білімдерін сәйкестендіру, білімін, қабілеттерін жаңа тақырыптың негізгі идеяларын ажырата және нақтылай білуін, оқушылардың белсенділігін арттыру
  • V
  • Белсенділікті арттыру тәсілдері
  • Түрлі тапсырмалар,олардың практикаға бағытталуы.
  • Мән берілмей жіберілетін қателер
  • Пысықтау тәсілдерінің бір сарындылығы. Пысықтауға жіберілген уақыттың аздығы.
  • 6. Жаңа тақырыпты пысықтау кезеңі
  • Ι
  • Кезеңнің дидактикалық мақсаты
  • Оқушыларға үй жұмысын жариялау,оны орындау әдістемесін түсіндіру және сабақты қорытындылау.
  • ΙΙ
  • Кезеңнің мазмұны
  • Үй жұмысы туралы ақпарат; орындалуы туралы нұсқау беру; оқушылардың үй жұмысын орындалуын түсінгенін анықтау; жұмысты қорытындылау; топ қалай жұмыс жасады, қай оқушы белсенділік танытты, оқушылардың жалпы білімі
  • ΙΙΙ
  • Оңтайлы нәтижелерге жету шарттары
  • Жұмыс мазмұнын,орындау тәсілін асықпай түсіндіру; үй жұмысының орындалуы бойынша оқушыларға қысқа, нақты нұсқаулар беру қабілеті; үй жұмысының құрамына танымдық тапсырмаларды енгізу; үй жұмысын оқушылардың деңгейіне қарап беру.
  • ΙV
  • Дидактикалық мақсаттың орындалу көрсеткіштері
  • Барлық оқушылардың үй жұмысын дұрыс орындауын зерделеу.
  • V
  • Белсенділікті арттыру тәсілдері
  • Тапсырмалардың дарашылдығы,оларды орындаудың шығармашылық сипаты (интервью,жобаларды қорғау,т.б.).
  • Мән берілмей жіберілетін қателер
  • Үй жұмысын қоңыраудан сон беру,үй жұмысының көлемі шамадан тыс және күрделі болуы,орындалуы туралы нұсқаулардың болмауы.
  • 7.Үй жұмысын беру, оның орындалуы туралы
  • нұсқау беру кезеңі
  • Ι
  • Кезеңнің дидактикалық мақсаты
  • Мақсатқа жетудің нәтижелілігіне баға беру, талдау жасау, қорытындылау
  • ΙΙ
  • Кезеңнің мазмұны
  • Топтың және жеке оқушылардың жұмысын бағалау және өзін-өзі бағалау.Қойылған бағаларды дәелдеу, сабақ бойынша ескертулер жасау, келесі сабақтарға ұсыныс беруді дағдыландыру.
  • ΙΙΙ
  • Оңтайлы нәтижелерге жету шарттары
  • Нақтылық, ықшамдылық, оқушылардың өз білімін бағалауға кеңінен қатысуы.
  • ΙV
  • Белсенділікті арттыру тәсілдері
  • Сынып жұмысын бағалаудың алгоритмін пайдалану. Сабақ туралы жеке пікірін айтуға ынталандыруды дағдыландыру.
  • V
  • Мән берілмей жіберілетін қателер
  • Кезеңнің асығыс немесе қоңыраудан соң өткізілуі немесе мүлдем болмауы. Бағалаудағы объективтіліктің, оқушыларды мадақтаудың болмауы.
  • 8. Сабақты қорытындылау кезеңі
  • Сабақты талдау түрлері:
  • Сабақты талдаудың шамалас схемасы-1
  • Ι.Сабақ мақсатын талдау.
  • Талдау сұрақтары:
  • 1.Сабақ мақсатының дұрыстығы және бағдарлама талаптарына, материал мазмұнына, оқушылар білімінің деңгейіне, мұғалім мүмкіндігіне сәйкестігі.
  • 2.Мақсатты оқушыларға жеткізу әдістері мен формалары.
  • 3.Қойылған мақсатқа жету дәрежесі.
  • ΙΙ.Сабақ құрылымын және ұйымдастырылуын талдау.
  • Талдау сұрақтары:
  • 1.Сабақ құрылымының оның мақсаты мен түріне сәйкестігі.
  • 2.Сабақ кезеңдерінің логикалық жүйелілігі мен өзара байланысы.
  • 3.Сабақ кезеңдеріне уақыттың тиімділігі.
  • 4.Кабинет жабдығын пайдаланудың тиімділігі.
  • 5.Сабақ басталуын және аяқталуын ұйымдастыру.
  • 6.Сабақтың тиімді қарқындылығы.
  • 7.Жоспардың болуы және оның орындалу дәрежесі.
  • ΙΙΙ.Сабақ мазмұнын талдау.
  • Талдау сұрақтары:
  • 1.Оқыту құралдарын, әдістерін, тәсілдерін таңдау дұрыстығы.
  • 2.Сабақта түрлі әдіс-тәсілдердің пайдаланылуы.
  • 3.Оқушыларда жаңа ұғымдардың қалыптасуы.
  • 4.Жаңа материалдың сапалы меңгерілуі.
  • 5.Оқыту құралдарын пайдалану.
  • 6.Оқушылардың өзіндік жұмысының ұйымдастырылуы (жаттығулардың сипаты, өзіндік жұмыстың түрлері, күрделілік дәрежесі, вариативтілік, нұсқаулық, т.б.)
  • 7. Мұғалімнің педагогикалық техникасы: сөйлеу қарқындылығы, дикциясы, баяндау эмоционалдығы арнайы терминалогиясының пайдалану нақтылығы, оқушыларға ықпал етудің тәсілдері.
  • V.Сабақтағы оқушылар жұмысын талдау.
  • Талдау сұрақтары:
  • 1.Сабақтың түрлі кезеңдеріндегі оқушылардың жұмысқа ынтасы мен белсенділігі.
  • 2.Сабаққа және тақырыпқа қызығушылық
  • 3.Оқушылар жұмыстың тиімді тәсілдерін меңгеруі. Сабақтағы еңбек мәдениеті.
  • 4.Оқушылардың біртұтас талаптарды орындауы.
  • 5.Өзін-өзі бақылау дағдыларының қалыптасуы.
  • 6.Оқушылар білімі мен біліктерінің сапасы.
  • 7.Өз бетімен білім алу біліктері, пікірлерінің дербестігі.
  • 8.Тұлғааралық қатынас мәдениеті.
  • 9.Мұғалім бағасына көзқарасы.
  • VΙ.Үйге тапсырманы талдау.
  • Талдау сұрақтары:
  • 1.Үй жұмысын тексерудің әдіс-тәсілдері.
  • 2.Үй жұмысының көлемі.
  • 3.Үй жұмысының сипаты (шығармашылық, пысықтаушылық, дамытушылық,
  • дифференциациялық ).
  • 4.Үй жұмысын орындау бойынша нұсқаулық.
  • VΙΙ.Сабақтың санитарлық-гигиеналық жағдайларын бағалау.
  • Талдау сұрақтары:
  • 1.Ауд. тақтасы (формасы, түсі, тазалығы, көрнекілікті ілуге, бормен жазуға жарамдылығы).
  • 2.Бөлменің тазалығы, жарық деңгейі.
  • 3.Оқушылардың денсаулығына қарай орналасуы.
  • 5.Ауаны тазарту, сергіту сәттері, аутотренинг элементтері.
  • 6.Көрнекіліктің талаптарға сәйкестігі (әріптер көлемі,түсі, жазудың анықтығы)
  • 7.Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуы.
  • Дәстүрлі сабақты талдау схемасы
  • 1.Сабақ туралы жалпы мәліметтер: күні, тобы, пәні, құрал-жабдығы мен ОТҚ.
  • 2.Сабақты ұйымдастыру: сабақтың басталуы, топтың сабаққа дайындығы; мұғалімнің окушылар зейінін сабақка аудара білу қабілеті, сабақта жұмыс жағдайын жасау.
  • 3.Сабақ тақырыбы және негізгі міндеттері: сабақтың такырыбы мен міндеттерін окушыларға түсіндіру. Сабақтың алдынғы материалмен байланысы.
  • 4.Сабақтың ұйымдастырушылық жақтары: сабак құрылымы. Сабақ
  • құрылымының оның мазмұны мен мақсаттарына сәйкестігі. Сабак кезеңдерінің өзара байланысы, оку жұмысының түрлері. Сабақта уақытылы болу тиімділігі. Ұжымдық, топтық және жеке жұмыстың үйлесімділігі.
  • 5.Сабақтағы мұғалім мен оқушы қызметінің мазмұны: алдын алған білімді пайдалану тиімділігі, окыту барысындағы тәрбие, өмірлік тәжірибені пайдалану тиімділігі.
  • 6.Жаңа такырыпты үйрету әдістерінің сабақ мақсатына, мазмұнына және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.
  • 7.Сабақтағы өзіндік жұмыстың рөлі мен орны. Окулық орны, көрнекілікті пайдалану, сұрақтар мен тапсырмалардың сипаты.
  • 8.Сабактын психологиялык негіздері. Зейінді, жадыны, ойлауды, киялдауды, белсенділікті, қабылдауды дамыту. Сабақ қарқындылығы, жеңіл материалдың киынмен, ауызша материалдың жазбашамен алмасуы.
  • 9.Үйге тапсырма. Көлемі, сипаты, нұсқаулық.
  • 10.Мұғалім қызметі: оқытушы жұмысының стилі, педагогикалык такті, топты басқара білу қабілеті; оқушылар білімін және кызметін бағалау; гигиеналық ережелер, жағдайлардың сақталуы.
  • 11.Қорытындылар мен ұсыныстар.
  • Тиімділік көрсеткіштері
  • Бағалау көрсеткіштері
  • Бағалау балы
  • 1.
  • Сабақ әдістемесінің жаңашылдық дәрежесі
  • Қайталанбас ерекшелігі
  • жаңашылдығы
  • 2.
  • Дәстүрлі инновациялық формалардың, оқыту әдістері,сабақ мазмұнының үйлесу икемділігі.
  • Жүйелілігі, икемділігі.
  • 3.
  • Педагогикалық инновацияның тиімділігін көрсетуге мүмкіндік беретін педагогикалық диагностика, оқу құралдарын пайдаланудың дәрежесі.
  • Диагностикалығы
  • 4.
  • Технологиялылық, педагогикалық инновацияны басқа мұғалімдердің қолдануға мүмкіндіктері
  • Басқалардың пайдалануына икемділігі
  • Қорытынды бағалау:
  • Инновациялық сабақты талдау критерийлері
  • Инновациялық сабақта мүғалім дәстүрлі сабақта жасайтын қызметінен басқа қосымша бір жаңалыкты енгізеді: жана мазмұн, оқыту немесе тәрбиенің жаңа әдістемесі, эксперименггік-зертгеушілік жұмыс және т.б. Сондықтан дәстүрлі сабактағы критерийлерге қосымша инновациялық сабақтың көрсеткіштері қолданылады. Тиімділікті бағалауда 5 жэне 10 ұпайлык шкалалар қолданылуы мүмкін.
  • Инновациялық сабақ көрсеткіштері мен багалау критерийлері
  • Кіріктірілген сабақты талдау
  • Кіріктіру (интеграция) — бұл бір оку материалында екі немесе одан да
  • көп саладағы жалпыланған білімнің өзара терең бірігуі, қосылуы.
  • Кіріктірілген сабақтар оқушыларға әлем туралы, құбылыстар мен заттардың өзара байланысы туралы, өзара көмектесу туралы, материалдык және әдеби мәдениет туралы кең ұғым береді. Мұндай сабақтарда белгілі білімді меңгеруге емес, бейнелі ойлаудың, окушылардың шығармашылық белсенділігінің дамуына негізгі көңіл бөлінеді. Бұл барлық оқу пәндерінің мазмұнын, ғылым, мәдениет, өнер салаларынан түрлі мағлұматтарды пайдалануға мүмкіндік береді.
  • Кіріктірілген сабақтардың артықшылықтары:
  • Оқу мотивациясының жоғарылауына, оқушылардың танымдык қызығушылығының қалыптасуына ықпал етеді;
  • Дәстүрлі сабақтарға карағанда тілдік қордың дамуы, салыстыру, жалпылау, қорытынды жасау біліктерінің қалыптасуына ыкпал етеді;
  • Интеллектуалды, жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуына ыкпал етеді.
  • Кіріктірілген сабақты талдау схемасы:
  • 1.Кіріктіру нысаны (мәдениет, ғылым, өлкетану, адамтану, технология және т.б.).
  • 2.Кіріктіру мазмұны мен компоненттері: қандай оқу пәндері кіріктірілген, ескі, классикалық және жаңа, негізгі және қосымша пәндердің кіріктіру барысындағы үйлесімділігі қандай?
  • 3.Кіріктірілген пәндердіц бағыты және көлемі, бұл неден айқындалады: жаңа оқу пәнін жасауда, кайталанатын сабақтар циклін жасауда, жеке кіріктірілген сабақтарды жасауда.
  • 4.Сабақтағы кіріктіру мазмұнының деңгейі: жаңа, біртұтас кұрылым; бір сабақта түрлі материалдың параллель жүргізілуі.
  • 5.Кіріктірілген сабақтың тақырыбы, проблемасы, мақсаты. Жаңашылдык деңгейі. Окушылар білімі жүйеленді ме, пәнге біртұтас көзқарас қалыптастырылды ма?
  • 6.Кіріктірілген сабақты дайындау бойынша мұғалім мен оқушылардың қызметі. Бұл сабақ кездейсоқ өткізіліп жатыр ма әлде мұғалім мен окушының тыңғылықты дайындығының нәтижесі ма? Сабакқа дейін оқушылар қандай өзіндік жұмыс жасау керек еді, онын мақсаты, көлемі, сипаты қандай? Осы сабақтар оқу жағдайларын жеңілдете ме әлде киындатады ма?
  • 7.Кіріктірілген сабақ формасы, окушы мем мұғалім жұмысының түрлері.
  • 8.Мұғалімдердің сабақтағы ынтымақтастығы. Ол қаншалықты тиімді? Біреуінің жұмысы басым емес пе? Расында' да олардың сабақтарының проблемалары мен 'мазмұны біртұтас па?
  • 9.Сабақтағы окушылар қызметінің нәтижесі. Оқушыларда проблема туралы біртұтас ұғым қалыптастырылды ма; олардын дүниетанымының ауқымдылығы, пікірлер мәдениеті, оларды дәлелдеу; тіл мәдениеті; проблемаға тартылуы.
  • Жаңа материалды меңгеру сабағын талдay схемасы
  • 1.Сабақтың басталуы: топтағы тәртіп, оқушылардың зейінін жинақтау, олардың сабаққа дайындығы.
  • 2.Алдын өткен материалды кайталау (окушыларды жаңа материалды ұғынуға дайындау максатында):
  • а) үй жұмысын тексеру тәсілдері, олардың тиімділігі; ә) сұрау түрлері, оқушылар жауаптарының сипаты — тереңділігі, ұғынықтылығы, байланыстылығы, дұрыстығы;
  • б) материалды қайталаудың қандай баска тәсілдері пайдаланылды - кестелермен, оқулықпен және кұралдармен жұмыс, талдау түрлері, т.б.
  • 3.Жаңа білімді қабылдауда оқушыларға психологиялық қолдау көрсету: проблемалык сұрақтар мен тапсырмалар беру, оқу материалын терең зерттеуге және тұрақты есінде сақтауға жағдай жасау.
  • 4.Жаңа білімді үйрету тәсілдері: а) жаңа материалмен окушыларды
  • таныстырудың әдіс-тәсілдері (мұғалім сөзі, әңгіме, тілді бақылау, окушылардың өзіндік жұмысы, лекция, т.б.);
  • ә) жаңа ұғымдармен, ережелермен жұмыс; б) оқушылардыц ой операцияларының жүруінің жүйелілігі, бірізділігі, дүрыстығы: талдау, синтез, салыстыру, нақтылау;
  • в) мұғалімнің оқушыларға койған сұрақтарының сипаты (ғылымилығы, логикаға және психологияға сәйкестігі, сұрақтардың рәсімделу);
  • 5.Материалды пысықтау тәсілдері: а) ауызша ерекшеліктері жаттығуларды орындау, өз мысалдарын құру; ә) алдын-алу диктанттары; б) күрделенген көшіру;
  • в) шығармашылық жаттығулар; г) жаттығулардың баска да түрлері;
  • ғ) жаттығулардың күрделілігі бойынша деңгейленуі; д) пайдаланылған дидактикалық материалдың сабақ мақсаттарына сәйкестігі.
  • 6.Үй жұмысынын әдістемесі: а) тапсырманың сабақ мақсаттарына сәйкестігі; ә) үй тапсырмасының деңгейлігі; б) орындалуы туралы нұсқау беру.
  • 7.Сабақты қорытындылау: оқушылар білімін есепке алу және бағалау формалары; оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау объективтілігі.
  • 8.Сабақтың көрнекі құралдары мен техникалық құралдары: оларды колдану әдістемесі каншалықтысы тиімді болды?
  • 9.Сабактың мақсаттарына жетуі.
  • 10.Сабақтағы оқу-тәрбие жұмысыныц сапасын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын беру.
  • Аралас талдау — бұл сабақтың негізгі дидактикалық мақсаты мен кұрылымдық элементтерін (бір мезгілде) бағалау.
  • Талдаудыц схемасы:
  • 1. Сабактың ұйымдастырылуы.
  • 1Сабақтың ұйымдастырушылық нақтылығы.
  • 2.Жоспардың болуы.
  • 3.ОТҚ, көрнекі және оқыту құралдарын пайдаланудың тиімділігі.
  • 4.Сабакқа қойылатын психологиялық және гигиеналық талаптардың орындалуы.
  • 5.Кері байланыс.
  • 6.Дәптерлердің жүргізілуі.
  • 7.Сабақ кезендеріне уақытты бөлу.
  • 2. Мүгалімнің тұлгалык касиеттері.
  • 1Сабақтағы моральдік-психологиялық ахуал.
  • 2.Окушылармен қарым-қатынастағы қызығушылық, тілектестік, түсінушілік.
  • 3.Мұғалімнің педагогикалык мәдениеті, пәнді білуі, такті, сөйлеуі, сырт келбеті.
  • 3. Оқытудын тиімділігі.
  • Окыту принциптерінің жүзеге асырылу дәрежесі.
  • 2.Сабактың басты дидактикалық мақсатына жету дәрежесі.
  • 3.Оқытудың әдіс-тәсілдерінің тиімділігі.
  • 4.Оқушылар білімін бақылаудын, тиімділігі.
  • 5.Үйге тапсырма.
  • 4. Муғалімнің тәрбиелік кызметінің тиімділігі.
  • 1.Сабактың адамгершілікке бағытталуы.
  • 2.Еңбек және оқу дағдыларын қалыптастыру.
  • 3.Оқыту, тәрбиелеу және дамытудың біртұтастығы.
  • 4.Эстетикалық, гигиеналық және дене тәрбиесі
  • 5.Окушылар қызметінін нәтижелілігі.
  • 1.Окытудың дамыту принципі және белсенділік пен дербестік принципінің жүзеге асырылуы.
  • 2.Оқушылардың жұмысқа қабілеттілігі.
  • 3.Еңбекке қызығушылығы.
  • 4.Өзіндік жұмыс дағдылары.
  • 5.Оку материаланың негізгісін ажырата білуі, жауапты жоспарлай алуы,
  • өз жұмысын және жолдасының жұмысын талдай білуі.
  • 6.Сөйлеуді, жазба, графикалық және арнайы дағдыларды дамыту.
  • 7.Оқушылар еңбегінің тиімділік және мәдениетінің деңгейі.
  • 8.Оқушылардың тәртібі. Сырт келбеті.
  • Дидактикалық талдау
  • Дидактикалық талдау - бұл негізгі дидактикалық категорияларды талдау (дидактика принциптерін жүзеге асыру, оқытудың әдіс-тәсілдері мен құралдарын сұрыптау, оқу материалын дидактикалық өңдеу, өзіндік танымдық кызметті педагогикалық басқару және т.б.).
  • Талдау схемасы:
  • 1.Мұғалімнің сабаққа уақытылы кіруі.
  • 2.Сабақтың басына дайындығы.
  • 3.Топтың санитарлық жағдайы және оқушылардың жеке гигиенасы.
  • 4. Топтың ұйымдастырылуы.
  • 5.Үй жұмысын орындаудың жан-жақты талдауы.
  • 6. Өткен материалды қайталауда мұғалім кандай әдістер мен дидактикалық тәсілдерді пайдаланды және олардың қойылған мақсаттарға сәйкестігі.
  • 7.Тапсырманы тексеруде қолданылатын әдіс-тәсілдердің дидактикалық құндылығы, олардың тәрбиелік мағынасы.
  • 8.Оқушылар білімінің сапасы.
  • 9.Білімді тексеру барысында мұғалім топты қалай белсенділендірді.
  • 10.Осы кезеңдегі оқушылар тәртібін талдау.
  • 11.Жаңа такырыпты баяндау немесе алдыңғы тақырыпты пысықгауды талдау:
  • Мұғалім беріп жатқан материалдың түсініктілігі және анықтығы;
  • Пайдаланылып жатқан әдістер және олардың сабақ мақсаттарына сәйкестігі;
  • Пайдаланылып жатқан оқыту кұралдары, олардың сабақ максаттарына сәйкестігі.
  • 12.Бүкіл сабақ барысында дидактика принциптерін жүзеге асыру.
  • 13.Сабактың соңғы кезеңін талдау:
  • Үйге тапсырма (қалай беріледі, көлемі);
  • Сабақтың дер кезінде аяқталуы.
  • 14.Сабақ барысында тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асыру.
  • 15.Мұғалімнің сабақтағы педагогикалык тәртібі.
  • 16.Оқушылармен жеке жұмыс, оның ұжымдық жұмыспен үйлесімділігі.
  • 17.Топты оқу кызметіне ұйымдастыра білуі және тәртіпті орнату.
  • 18.Өзін-өзі ұстауы және педагогикалык такті.
  • 19.Дауысты меңгеру, сөйлеудің, дикцияның дұрыстығы, қарқындылық іс-қимылдар.
  • БИОЛОГИЯ сабағы бойынша өзін-өзі талдау.
  • Сабақтың жалпы сипаттамасы.
  • 1.Сіз алдын ала ойластырған сабақ құрылымы практикада өзін ақтады ма?
  • 2.Сабаққа дамытушылық сипат бере алдыңыз ба?
  • 3.Осы топ үшін сабақтағы ақпарат жеткілікті болды ма?
  • 4.Сабақта ғылымилық, түсінушілік, проблемалык сияқты дидактикалық принциптер жүзеге асырылды ма?
  • 5.Сабакты материалдық-техникалық қамтамасыз ету жеткілікті болды ма?
  • 6.Сабақтың негізгі кезеңдерін жүзеге асыруға уакыт дұрыс жоспарланды ма?
  • Мұғалім сабақта.
  • 1.Сабақта сіз жоспарлаған оқушылармен қарым-қатынас стилін орната алдыңыз ба?
  • 2.Сіздің тіліңіз қаншалықты сауатты, бай, логикалык, эмоционалдық болды?
  • 3.Сабақ барысындағы өзгерістерге сіз қаншалықты икемді бола алдыңыз?
  • 4.Оқушылардың өзіндік жұмысын нәтижелі ұйымдастыра алдыңыз ба?
  • 5.Жаңа тақырыпты меңгерудің сапасын бакылау нәтижелері қандай?
  • 6.Оқушылардың тіл мәдениетін дамытуға зейін койылды ма?
  • 7.Жаңа тақырыпты жүйелеу тәсілдері қолданылды ма? Атап көрсетіңіз. Олардың тиімділігі.
  • 8.Сабакта пәнаралық байланыс жүзеге асырылды ма? Қай сәттерінде?
  • 9.Сабақ барысында сөздік, көрнекілік, практикалық әдістер пайдаланылды ма?
  • 10.Сіз тандаған әдіс-тәсілдер дұрыс болды ма? Оқу материалы мен сынып ерекшеліктерін ескердіңіз бе?
  • 11.Сабақта оқулық және баска биологиялық әдебиетпен жұмыс жүзеге асырылды ма?
  • 12.Оқушылардың логикалық операцияларды (салыстыру, синтез, талдау. дәлелдеу, қорытынды шығару, т.б.) меңгеруіне зейін жеткілікті болды ма?
  • 13.Оқушылар жады мен зейінін калай дамыттыңыз?
  • 14.Сабакта оқушыларға психологиялык қолдау көрсеттіңіз бе? Ол кандай формада жүзеге асырылды? Қай сәттерде?
  • 15.Окушыларға жеткілікті деңгейде талап коя білдіңіз бе? Бұл қандай жағдайларда және қалай жұзеге асырылды? Сіздің окушыларға қойған талаптарыцыз накты, түсінікті, жүйелі деп ойлайсыз ба?
  • 16.Бүкіл сабақ барысында окушылардың танымдық қызметінің нәтижелерін сіз объективті бағалай білдіңіз бе?
  • 17.Сабақта окытудың техникалық кұралдары пайдаланылды ма?
  • Психологиялық талдау-1
  • Психологиялыц талдау - бұл сабаққа қойылатын психологиялық талаптардың орындалуын зерттеу.
  • Талдау схемасы:
  • 1. Оқушылаудын танымдық қызметін ұйымдастыру.
  • 1.Сабақта ойлау үшін қандай жағдайлар жасалынды.
  • 2.Мұғалім оқушылардың оқу пәндерін түсініп қабылдауын қалай ұйымдастырды.
  • 3.Мұғалім өз жұмысында сендіру, иландыру тәсілдерін қалай қолданады.
  • 4.Мұғалім оқушылар зейінін, оның тұрақтылығын қалай ұйымдастырды.
  • 5.Мұғалім сабақта материалды нәтижелі есте сақтау үшін не істеді және еркін, механикалық және мағыналық жадының қандай ерекшеліктері оқушылар бойында байқалды.
  • 6.Оқушылар зейінін аудару және дамыту үшін қандай тәсілдер қолданылды.
  • 7.Мұғалім жаңа тақырыпты түсіну үшін қажетті алдыңғы білімді оқушылар есіне түсіру үшін жұмыстың кандай түрлерін қолданды.
  • 2. Сабакта білім мен білікті қалыптастыру барысында оқушылардын отау
  • және киялдау кызметін уйымдастыру.
  • 1.Жаңа тақырыпты баяндау барысында мұғалім шығармашылық киялдауды қалай пайдаланды.
  • 2.Мұғалім оқушылар ойлауының белсенділігі мен дербестігін қандай тәсілдер аркылы арттырды: сұрақтар жүйесі, проблемалық жағдайлар туғызу, мысалдар шешу, сабақта ізденіс, зерттеушілік жұмысты ұйымдастыру, жеке, жұптык, топтық және ұжымдык жұмыс формаларын пайдалану.
  • 3.Мұғалім оқушылардан түсінудің қай деңгейін талап етті: бейнелеу, салыстыру, жалпылау, бағалау, проблемалық.
  • 4.Мұғалім сабақта шығармашылық жұмыстың қандай түрлерін пайдаланды.
  • 5.Сабақта оқушылардын оку пәніне және оқуға тұрақты қызығушылығын калыптастыру калай жүзеге асырылды.

«Әрбір сабақ- үйрену, ұғыну, ұлағат» Ы.Алтынсарин

  • Жәй мұғалім-хабарлайды,
  • Жақсы мұғалім-түсіндіреді
  • Керемет мұғалім-көрсетеді,
  • Ұлы мұғалім- шабыттандырады – дегендей,
  • ТжКББ мекемелерінде жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып оқушылрды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру және дұрыс ұйымдастыру басты мақсатымыз.
  • Сабақта мамандыққа бейіндеп оқытуда қолданылатын дидактикалық материалдар түрлері
  • Үлестірмелі қағаздар;
  • Карточкалар;
  • Техникалық диктант түрлері;
  • Тесттер түрлері;
  • Дидактикалық ойындар ( жорға сайысы т.б.);
  • Іскерлік ойындар;
  • Өзін-өзі бағалау қағаздары;
  • Венн диаграммасы;
  • Класстер әдісі және т.б.
  • Блумның сұрақ қою өлшемі бір сұрақтың бірнеше
  • дұрыс жауабын табатындай ойлауға машықтандыруда таптырмайтын құрал.

Irregular verbs /Бұрыс етістіктер/

  • answer
  • write
  • speak
  • play
  • wake
  • open
  • freight,
  • traffic
  • freight,
  • rail
  • routing,
  • traffic
  • wagon,
  • traffic
  • rail,
  • network
  • “Жүк, тасымалдау”сөздерінің дұрыс аудармасын тап!
  • Answer to the grammar questions
  • Gerund
  • Past Indefinite
  • Tense
  • Past Perfect
  • Present Perfect
  • Grammar rules
  • /ережелер/
  • Modal verbs
  • Continuous tenses /Present, Past, Future/
  • to be - көмекші етістігі арқылы жасалады.
  • Негізгі етістікке - ing жалжауының жалғануы арқылы жасалады.

Ағылшын етістігінің формасы

  • asking( сұраушы) write (жазу)
  • Ving V
  • Ved V2
  • аsked (сұрады) wrote (жазды )
  • Ved V3
  • аsked ( сұрады) written(жазылған)
  • V Ving
  • ask( сұрау) writing( жазушы)
  • VERB
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • irregular - Бұрыс
  • дұрыс - regular

New vocabulary notes /жаңа сөздік/

  • open top wagon
  • box car
  • liquid
  • roof
  • technical aids – техникалық құралдар
  • tarpaulin
  • to cover
  • warehouse - қойма
  • time-table
  • кесте
  • Kinds of goods /freight/
  • coffee - кофе
  •  
  • sugar - қант
  • stone - тас
  • coal - көмір

wood /trees/ - ағаштар

  • wood /trees/ - ағаштар
  • Kinds of wagons

traffic light – бағдаршам hopper wagon - хоппер вагон

  • traffic light – бағдаршам hopper wagon - хоппер вагон

train - поезд

  • rail – рельс
  • train - поезд
  • The train is going
  • waterproof
  • сақтау
  • to protect
  • қолдану
  • use
  • су өткізбейтін
  • empty
  • бос
  • airproof
  • ауа өткізбейтін
  • қарапайым
  • ordinary
  • сұйықтық
  • liquid

  • WAGONS
  • The cars used on the early railways were very much like the stagecoaches and wagons traveling on ordinary roads.
  • The very first freight cars are known to have been used in coal mines in England. They were open-top wooden wheels and were pulled by horses along wooden rails. They were followed by platform cars, also known as flat cars, upon which the freight was piled and covered with tarpaulin to protect it from the weather. As the goods often fell off and were fitted with low sides and ends. Later, covered cars came into existence.
  • As time went on and railroads had to carry more and more freight, bigger and better cars were invented for hauling different kinds of goods. Today, the railroads have several classes of freight cars, there being many varieties in each class.
  • A box car is considered to be most common type of covered car. It is a general-purpose car intended to carry all kinds of ordinary goods, which must be protected from the weather. A special type of box car is a refrigerator car used for hauling food products. The walls, floor and roof of this wagon are air- and waterproof to protect goods from the heat of the outside air. Another type of car is a tank car intended for liquid goods. The long cylindrical tank of the car is filled through an opening on the top and emptied through a special device in the bottom.
  •  
  •  
  • 1
  • орналасқан
  • 15
  • 4
  • 2
  • тіл
  • 5
  •  
  •  
  • 7
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • 3
  • сайлау
  •  
  •  
  •  
  • 4
  • туған жер
  •  
  •  
  •  
  • 5
  • білім
  • 12
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • 6
  • 2
  • 9
  • 6
  • көпір
  •  
  •  
  • r
  •  
  •  
  •  
  • 7
  • жалғастыру
  •  
  • 3
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • 8
  • жеке меншік
  •  
  • 8
  •  
  •  
  •  
  •  
  • 14
  • 9
  • сұйықтық
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • 1
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • 10
  • брезент
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • 13
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • 11
  • шатыр
  •  
  •  
  •  
  • 12
  • бос
  •  
  •  
  •  
  • 13
  • жүк
  •  
  • 11
  •  
  •  
  •  
  • 14
  • қойма
  •  
  •  
  • 15
  • желі
  •  
  • 16
  • апат
  • 16
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • Phonetic drills:[th]
  • 1.The third Thursday of this month is the sixteenth.
  • 2.Thirty-three thousand three hundred and thirty-three
  • 3.These are three brothers, these are their father and mother, this is their other brother.
  • 4.Wealth is nothing without health

Home tasks Үй тапсырмасырмалары

  • Continuous Tenses /meaning, using, the ending/
  • Read and translate the text on pp. 88-89
  • Make up a dialogue
  • To learn by hearts the new vocabulary notes

Каталог: uploads -> doc -> 0eed
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0eed -> Жобаның мақсаты: Дарындылықты анықтау мен қолдау жолдарын зерделеу. Міндеті: Дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерделеу
0eed -> Ахмет Байтұрсынұлы өмірі және шығармашылығы
0eed -> На пути к Независимости


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет