СӨЖ №7. Оқу материалын əдістемелік жетілдіру жəне дидактикалық қайта құру негізіндегі технологиялар
Сабақтың мақсаты: Модульдік оқыту технологиясының негізін салған ғалымдар туралы түсінік қалыптастыру.
Негізгі сұрақтар:
1. Модульдік оқыту технологиясы.
2. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясы.
Тапсырма: М. Жанспейісова бойынша модульдік оқыту технологиясының
құрылымын сипаттаңыз.
Тапсырманы орныдауға әдістемелік нұсқаулық: Рефератты жазбас бұрын тақырыпқа сой материалдарды жинақтау қажет, ал ақпараттарды ғылыми әдебиет көздерінен алады. Рефератқа әдебиет ретінде монографиялар, мақалалар, гезет- журналдар сүйеу бола алады. Әдебиеттерден материалдар жинақталысымен рефератқа жоспар құрылады.
Рефераттың жоспар үлгісі:
Кіріспе.
Кіріспе бөлімінде реферат жазылатын тақырып бойынша жалпы ақпарат беріледі, оның көкейкестілігі, мақсаты, міндеті қарастырылады.
І бөлім
Алғы сөз ретінде жазылады, кіріспе бөлімнің бір бөлшегі бола алады.
ІІ бөлім Рефераттың негізгі ғылыми бөлімі
Бұл бөлімде жалпы таңдалған тақырып бойыша толық ғылыми ақпарат жазылады.Негізгі бөлімнің өзін бірнеше бөлімдерге топтауға болады.
ІІІ бөлім. Қорытынды
Жалпы реферат жазылып болғаннан кейін ойдың қорытындысы жазылады.
Рефератты рәсімдеу (безендіру)
Сыртқы парақ ( оқу орнынын аты, тақырыбы, рефератты орындаушының және тексерушінің аты- жөні жазылады)
Мазмұны (мазмұнында құрылған жоспар және беттері белгіленеді)
Рефераттың негізгі тексті
Әдебиеттер тізімі
Оқыту үрдісінде жазылған рефераттың көлемі 10 беттен тұрып, ақ парақта жазылуы тиісЕсеп беру формасы: реферат
Тапсыру мерзімі мен студенттерің білімдерін бағалау: 13-апта, 10 ұпай