315
Адамның жан-дүниесін түсіне білушілік. Би адамның жан-
дүниесін терең түсіне білмесе, ақ пен қараны айыра алмауы
мүмкін. Екі жақтың биі болып қарсы пікір таластырғанда, төбе
би болып шешім шығарғанда ешкімнің де ар-намысына тимей,
ұсақ-түйек кемшіліктерін теріп тізбей, шыққан тегін кінәла-
май тең ұстап сөйлесу, сезіміне әсер ету психолог-биге тән
қасиет.
Нияз бидің бойына біткен бір қасиеті қарсыласының жан-
дүниесіне үңіліп, оның әрбір қимыл, қозғалысын, дауыс ырға-
ғын үнемі қадағалап, соған сәйкес өзі де дауыс ырғағын біресе
жоғарылатып, біресе төмендетіп, қимыл қозғалысы мен бет
пішімін өзгертіп, айыпкерге әсер ете біледі екен. Бұл Әбді-
ғапардың әкесі Жанбосынның естелігінен біз білген құнды
деректер.
Тәлімгерлік
,
тәрбиешілік
. Әлсіздің жоғын жоқтап, қорлық,
зорлық көргендерді қорғап халықты имандылыққа, адалдыққа,
әділдікке, тәртіпке шақырған билер өзінен кейінгі ұрпақтың да
ел ұйытқысы болғанын қалағаны ақиқат. Олар өз балаларының
бірін немесе елдегі көкірегінде көзі бар жастардың бірін би
болуға, ел басқару өнеріне баулып тәрбиелеген.
Өзінің ру, тайпасындағы ұл-қыздардың парасатты, елін, же-
рін сүйген перзент болып өсуін мұрат тұтқан. Ата-бабаларынан
қалған ұлағатты сөздерді, мақал-мәтелдерді, шешендік сөздер
мен ойлы жырларды жас ұрпақтың құлағына құйып, олардың
тәрбиелі жан болып өсуіне ат салысқан. Өзінің әділ билігімен,
ізгі істерімен жан-жағындағы адамдарға ой салған. Отбасын-
да, туған-туыстарының арасында, қоғамдық ортада өздерін
үлгілі ұстап, жан-жағына шипалы шуағын төккен және төге
білген.
Достарыңызбен бөлісу: