328
V тарау
БАСҚАРУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ
НЕГІЗДЕРІ
5. БАСШЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ КӘСІБИ МАҢЫЗДЫ
ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛЕР
5.1 Әлсіз басшылардың белгілері
1. Әрқашан ойламаған
жағдаяттарға тап болады, өйткені
оларды алдын ала болжауға қабілетсіз.
2. Істі білетініне және оны
бәрінен жақсы жасайтынына
сенімді, себебі барлығын өзі жасауға тырысады.
3. Бір қолына телефон тұтқасын ұстап,
екінші қолымен құ-
жатқа қол қойып, сол уақытта
жұмысшыға кеңес бере отырып,
келушілерді қабылдайды.
4. Оның жазба үстелі әрқашан қағаздарға толы. Оның үстіне
олардың қайсысы маңызды, қайсысы тез орындауды қажет ете-
тіні, қайсысы керек емес екені мүлдем түсініксіз.
5. Түнде де жұмыс істейді.
6. Оқылмаған қағаздар салынған папкасын немесе сөмкесін
ылғи ұстап жүреді (үйден жұмысқа және керісінше).
7. Ешқашан ешнәрсені аяғына дейін шешпейді, шешілмеген
сұрақтардың ауыртпалығы оның иығына түседі,
психикасына
қысым жасайды.
8. Орындалатын шешім қабылдаудың орнына, ең жақсы ше-
шім қабылдауға тырысады.
9. Бағынушыларын тегімен атайды. «Жақсы жігіт» атағын
алуға тырысады.
10. Кез келген екі жақты келісімге дайын және сонымен қа-
тар «кемсіту нысанын» іздейді.
329
11. «Ашық есік»
ұстанымы бойынша жұмыс істейді, оның
кабинетіне кім және қашан қаласа да кіре алады.
Щекин Г.В. Практическая психология менеджмента: Как делать карьеру.
Как строить организацию: научно-практическое пособие. – Киев, 1994. – С.78-79.
Достарыңызбен бөлісу: