Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Қазіргі кездегі басқару теориясының күйі



Pdf көрінісі
бет7/185
Дата02.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#133929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   185
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

1.3 Қазіргі кездегі басқару теориясының күйі 
Сонымен қазіргі әлемдік менеджмент теориясы мен прак-
тикасында өмір сүріп, өзара іс-әрекеттесіп жатқан негізгі 3 ба-
ғыт бар: жүйелілік, процестік және жағдайлық. Тұжырымда-
малардың, мектептердің орасан көп саны бар, олар нәтижелерді 
қорыту, синтездеу, біріктіру қиындығын туғызады. Басқару тео-
риясын әрі қарай дамыту үшін сенімді негіз беруге мүмкіндік ту-
ғызатын тұжырымдама жағдайлық тұрғысы болып табылады. 
Жоғарыда айтылғандай, бұл бағытқа сәйкес кез келген ұйым 
– ортамен өзара әсерде болатын ашық жүйе, ал оның ішінде 
болып жатқанның барлығын және тиімді басқару мазмұнын 
құраушыларды қазіргі менеджменттің негізгі ұғымы – бейім-
делусіз сипаттауға болмайды. Басқару теориясында жаңа ба-
ғыттар мен ағымдар, перспективалы ұстанымдар пайда болды. 
Бұлар – «стратегиялық менеджмент», «қызметкерлерді бас-
қару», «ұйымдастыру мәдениеті» тұжырымдамалары. Соңғы тұ-
жырымдаманы 80-жылдардағы басқарудағы ойдың «теориялық 
бұзып өтуі» деп есептейді. Жұмыс істеушілердің барлығының 
жалпы мақсаты – бір және осы мақсатқа жету жолдарын жасауға 
тікелей әрі қызығушылықпен қатысады. Басқарудың қуатты 
қаруы ретінде ұйымдастыру мәдениеті Жапонияда аса кеңінен 
қолданылуда. Соңғы кездері жапондық тәжірибемен менедж-
мент тарихының айқын беттері тығыз байланыста. Америкалық 
менеджментті түбегейлі зерттеген жапондық мамандар, одан ең 
тиімділерін алып, басқарудың өзіндік моделін тұрғызды. Ме-
неджменттің батыс және жапондық тұжырымдамалары арасын-
дағы принципті айырмашылық мынадай: біріншісінде – түпкі-
лікті нәтижеге, ал екіншісінде – адами факторларға бағдар ба-
сым. Жапондық тұрғының негізі – өзін-өзі басқару және өзін-өзі 


21 
бақылау идеялары. Қызметкерлердің қабілеттілігі марапат-
талады, олардың дамуы ынталандырылады, әріптестік пен өзара 
көмекке, ынтымақтастыққа, корпоративтік рухтың қалыпта-
суына қолдау жасалынады. Қызметкерлердің моральдық көңіл-
күйіне үлкен зейін аударылады. Адамды жұмысқа қабылдай 
отырып, әкімшілік оның кәсіби сапаларына ғана емес, сондай-ақ 
моральдық-этикалық сапаларына, оның ерінбей еңбектену тала-
бына және топтық іс-әрекетке үйлесу шеберлігіне де қызығу-
шылық танытады [30].
Басқару теориясы дамуының қазіргі кезеңінде негізгі ағым-
дарды атап көрсетуге болады, олар: 
1) ұйымның материалдық-техникалық базасына бұрынғыға 
қарағанда әлдеқайда жоғары мән беру
2) басқаруды әрі қарай демократияландыру, ұйымды басқару 
объектісінен өзін-өзі басқару субъектісіне айналдыру; 
3) менеджмент пен бизнесті және ол туғызған басқарудың 
жаңа мәселелерін интернационалдау. 
Барлық осы және басқа да ағымдар басқаруға деген көзқа-
растардың «тыныш басқару революциясы» деп аталатын жаңа 
жүйесінің қалыптасуына алып келді. Оның негізгі сипаттары 
мыналар: 
1) ұйымның ішкі факторларына дұрыс әсер ету басқару 
табысының негізі болып табылады деп есептейтін менеджмент-
тің классикалық мектептерінің басқарудағы ұтымдылығынан 
бас тарту. Басқарудың стратегиясы мен тактикасын сыртқы орта 
өзгерістеріне бейімдеу мәселесі әлдеқайда маңызды болып 
есептелінеді; 
2) басқаруды жақсартатын кез келген жүйенің бірқатар 
әмбебап элементтерін анықтауға мүмкіндік беретін басқарудағы 
жүйелер теориясын қолдану
3) басқаруға жағдайлық бағыт, оның басты тезисі – кәсіп-
орынның ішіндегі бүкіл ұйымдастыру – бұл сыртқы әсерлерге 
жауап; 
4) менеджменттің бүкіл қоғам және адам алдындағы (ұйым-
да істейтін әрбір адамның) әлеуметтік жауапкершілігін
тану. 
XX ғасырдың 90-жылдардағы басқару қағидалары: 


22 

қызметкерлерге деген босаңдық

жауапкершілік; 

ұйымды тігінен де, көлденеңінен де көктеп өтетін комму-
никациялар; 

қызметкерлердің қабілеттілігін ашуға бағытталған ұйым-
дастыру мәдениеті; 

барлық жұмыс істеушілердің үлестік қатысуы; 

сыртқы ортадағы өзгерістерге пара-пар реакция; 

топ жұмысына тікелей араласу; 

менеджердің жұмысы бойынша барлығын тыңдау шебер-
лігі; 

бизнес этикасы; 

адалдық және адамдарға сену; 

менеджменттің іргелі негіздері: сапа, сервис, ресурстарды 
бақылау, қызметкерлерге арқа сүйеу; 

алдағы болашақты ұйымдастыруды көре білу

жеке жұмыс сапасы және оны жетілдіру. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет