Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова


Жетекші іс-әрекетінің мотивациясы



Pdf көрінісі
бет74/185
Дата02.03.2022
өлшемі1,92 Mb.
#133929
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   185
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

3.9 Жетекші іс-әрекетінің мотивациясы 
Басқару теориясында психологиялық заңдылықтар басқару-
дың негізгі функцияларының бірі – мотивация функциясы- 
на байланысты қарастырылады. Оның мазмұны, сондай-ақ же-
текшінің оны қамтамасыз етудегі бүкіл белсенділігін басқару
іс-әрекетінде аса маңызды компонент болып табылады. Оның 
сипаттамасында екі аспект бар: жетекші оны іске асыруда 
не
 
істеу
керектігін сипаттау және басқару әсерлерінің 
неге
 
бағыт
-
талуы
керектігін сипаттау (атқарушылардың мотивін сипат-
тау). 
Мұндай сипаттама жеткіліксіз, өйткені мотивтену функция-
сын қамтамасыз етудегі жетекшінің іс-әрекетінде өзіндік мотив-
тері мен мотивтендіру күштері бар. Мотивтендіру бұл жерде же-
текшінің 
өзіндік
 
белсенділігінің
көзі ретінде болады. Сондықтан 
мотивтендіру проблемасында тағы бір қыр бар – бұл басқару іс-
әрекетін ұйымдастырудың мотивтендіру заңдылықтары. 
Жетекшінің мотивтендіру қызметін ашып көрсетуде мотив-
тенулік реттеулердің әлдеқайда жалпы, негізгі психологиялық 
ерекшеліктері кілт болып табылады. Басқару іс-әрекеті – күрделі 
және интеллектуалдандырылған, сондықтан ол өзіне мотивтен-
дірудің психологиялық заңдылықтарының бүкіл спектрін әлде-
қайда толығырақ қосып алады. 
Мотивтендірудің кейбір концепциялары Д. МакГрегордың 
Х-теориялары мен У-теориялары, В. Оучидің Z-теориясы,
Ф. Херцбергтің қосфакторлық теориясы қарастырылды. Негізі-
нен, олардың барлығы атқарудың мотивтендіруін қарастырады. 
Мұнда қарастырылатын тәсілдер осымен қатар жетекшінің өзі-
нің мотивтену ерекшеліктерін ашып көрсетеді. 
Мотивацияныың
 
мазмұндық
 
теориялары
 
Мотивацияныың негізгі теориялары екі топқа – 
мазмұндық
және 
процессуалдық
болып бөлінеді. Біріншілері адамдардың 
мінез-құлқы мен кәсіби іс-әрекеті негізінде жататын ішкі ұм-
тылыстарын қарастырады. Процессуалдық теориялар мотивтер-
дің қабылдау, тану, коммуникация сияқты процестермен өзара 


187 
әсерін ескере отырып, тұтастай мотивтендірілген мінез-құлық 
ұйымдасқан заңдылықтарды ашып көрсетеді. Мазмұндық тә- 
сілдер жоғарыда қарастырылғандардан басқа, тағы да екі –
А. Маслоу және Д. МакКлелландтың теориялары жатқызы-
лады.
А.Маслоудың «мотивтер иерархиясы» тұжырымдамасы. 
Тұлғаның барлық қажеттіліктері бес негізгі топқа бөлінеді: 
А) физиологиялық қажеттіліктер; 
Ә) қауіпсіздікке қажеттіліктер; 
Б) әлеуметтік байланыстарға қажеттіліктер; 
В) құрметке қажеттіліктер; 
Г) өзін-өзі танытуға (көкейкестілендіруге) қажеттіліктер. 
Қажеттіліктердің осы топтары бір мезгілде қатаң иерар-
хиялық өзара бағыныстағы қажеттіліктердің негізгі бес деңгейі 
болып табылады. Әрбір жоғары жатқан деңгей қажеттіліктері 
тек барлық төмен жатқан деңгейлердің қажеттіліктері қанағат-
тандырылған кезде ғана туындайды. 
Төменгі қажеттіліктер (А және Ә деңгейлері) – «мұқтаждық 
қажеттіліктері», жоғарғылары (Б, В және Г деңгейлері) – «өсу 
қажеттіліктері». Біріншілері тұлғаның аман қалуын, ал екінші-
лері дамуын қамтамасыз етеді. Мотивтенудің жоғары деңгейі,
А. Маслоу бойынша, «принципті түрде қанықпаған, өйткені өзін 
жетілдіруге қажеттілік ешқашан толықтай қанағаттандырылуы 
мүмкін емес».
А. Маслоу жүйесі жетекшіге басқарудың мотивтік қызметте-
рі негізінде құрылатын мотивация факторларының жүйесін көр-
сетеді. Ол басқару іс-әрекетіндегі жетекшінің өзінің осындай 
мотивациясын жақсы түсінуге көмектеседі. 
Басқару мотивтері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет